• Преподавателю
  • Другое
  • Ақпараттық коммуникациялық технологияны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдану

Ақпараттық коммуникациялық технологияны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдану

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

13

Ақпараттық коммуникациялық технологияны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдану


Құралай Уахитқызы Негманова

І Кіріспе бөлім

1.1 Ақпаратты коммуникациялық технология жайлы;

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Ақпараттық коммуникациялық технологияны орыс тілді мектептердің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдану;

ІІІ Қорытынды

3.1 Тиімділігі;

3.2 Денсаулыққа әсері;

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды: "Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек". [1]

Жалпы орта білім беретін мектептерде компьютерлендірудің басты мәселелерінің бірі - оқытуға ақпараттық технологияны енгізу.

Білім беру саласына түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін - Ақпараттық-коммуникациялық технологияның бір өзі атқара алады. "Ақпараттық -коммуникациялық технологияны" сабақта дидактикалык оқыту құрлы ретінде пайдалану - заман талабы ғана емес, жаңа сөзбен, жаңа ұғыммен таныстырып, оны пайдаланып, қолданысқа түсіруде ең тиімді құрал. Негізгі міндеттердің бірі - Мемлекеттік тілді тиімді меңгерту болғандықтан, қазақ тілін оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу қажетілігі туындады. [2]

Технология дегеніміз не? Е.Жұматаева топтастырған кейбір технологаия анықтамаларын қарайық:

*Технология - амал-әдістердің жиыны, іс-қимыл, қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі, өнері. (Г. Т.Хайруллин);

*Педагогикалык технологая - оқу үрдісін жүзеге асырудың техникасы.

(В.Т.Беспалько);

*Технологиялық оқу - дидактика жүйесіндегі үрдістің бір бөлігі.

(М.Шошанов).

*Электронды оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Қазіргі заман талабы -оқу үрдісіне электронды оқулықтар енгізу. Электронды оқулық жай оқулықтарға тиімді қосымша мүмкіндік береді.

*Ақпарат дегеніміз не? Баяғы заманда "ақпарат" бір адамның екінші адамға ауызша берген мағлұматы немесе оқу арқылы алған білім деп айтуға болатын. Ал бүгінгі күні "ақпарат" ұғымы кең, себебі ақпараттық база, тіпті орта бар. Сол арқылы ақпараттық алмасу үдерісі ұдайы жүріп жатады. Философиялық тұрғыда "ақпарат" - материяның бір бөлігі. Адам ақпараттық кеңістікте өмір сүреді, яғни, тұлға ретінде қалыптасады, дамиды, толығады.

Ақпараттық коммуникациялық технологияны меңгеру, үздіксіз білім алуды көздейді. [3]

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан.

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал компьютерлер. Оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып, танымдық біліктілігін арттыратын-ұстаз.

«Оқытудың ақпаратты технологиялары» дегеніміз - оқытудың мақсатына жету үшін қолданылатын ақпаратты құралдарды пайдалану арқылы қызметті ұйымдастыру.

«Мультимедиа» - бұл компьютердің ақпараттық жабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейне жазбаны, музыканы және анимацияларды қолданатын бағдарламалар.

«Оқу дегеніміз» - оқушыларға мақсатты түрде білім, дағды, іскерлікті меңгерту үдерісі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал тағдыры - ұстаздардың қолында», - деген болатын.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жаны нұр алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі мемлекетіміздің білім саласы ұстаздар қауымы үлкен күш артатыны бәрімізге мәлім.

Нағыз мұғалім - өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім мен біліктері. Оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.

Білімді ақпараттандыру әдісі алға басып, қашықтықтан білім беру жүйесі даму үстінде. Білім беруге жаңа әдістерді енгізудің бір бағыты - оны ақпараттандыру, яғни ақпараттық құралдар мен технологияларды іске асырудың тәжірейбесі мен әдісін білім саласына енгізу және ұстаздардың, оқушылардың оны қолдануына жол ашу. Ақпараттандыру мен ақпараттық технологияларды мұғалімнін меңгеруі үшін қажет нәрселер мыналар:

- бастапқы білімді алып, оны тұрмыста қолдана отырып дағдыландыру;

- оқу үрдісінде қолдану үшін жалпы мәдени және әдістемелік дайындық-тан өту.

Компьютерді дұрыс қолдана білу, сонымен қатар электрондық кітапханаларды құрып, мұрағаттар мен мағлұматтарды тиімді қолдана білудің үлкен тәжірибелік маңызы бар. Халықты компьютерлік сауаттылыққа жеткізу үшін оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, мұғалімдердің әдіснамалық дайындығын арттыру қажет екені мәлім. Бұл мәселе бүгінгі таңда да өте маңызды.

Ал басты мақсаты-қолданушыға қажет мәтінді немесе аудио-визуалды қорларды өңдеу, іздеу, алмасу. Қазіргі ауқымды ақпараттандырушы инфрақұрылымы ғаламтордан (интернеттен) кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға және оны оңайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасында ақпаратты қарым-қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді. Тағы бір айта кететін нәрсе, қолданушының ақпаратты алу мүмкіндіктеріне шек жоқ, яғни ол кез келген көлемдегі ақпаратты қабылдап, жан-жақты қолдана алады. Сонымен бірге, қолданушы желі қорларын түрлі бағыттарда қолдануға мүмкіндік алады. Демек, кез келген салада қызықтыратын тақырыпты, не болмаса, бөлімді тереңірек зерттеуге мүмкіндігі бар.

Бұл ақпараттық қатынастың жоғары деңгейде болуы оқу үрдісіне жан-жақты әсерін тигізетін ақпараттық ортаға тікелей байланысты. Педагогикалық мақсатта ақпараттық ғылыми ортаны құру және қолдана білу қабілеті ұстазды білікті маман ретінде қалыптастырады.

Оқытушы ұстаздың нысаналы әрекетті тануы ақпарат пен ақпараттық технологияларды танудан басталады. Содан кейін педагогикалық әрекетте ақпараттық құралдар мен технологияларды қолдану мүмкіндігіне негізделген функционадды анализ барысында алынған білім іс жүзінде қолданыс табады. Ақпараттық құралдар мен технологияларды пайдалана білу, ұстазға болашақта қажет болатын өте маңызды біліми жүйе болып қалыптасады. Мұғалім ақпараттық құралдар мен технологияларды өз әрекетінде қолдануы үшін оны пән негізіне енгізуі керек. Осы мақсатпен оқушылардың үлгілі әрекеті ұйымдастырылады. Олар ақпараттық құралдар мен технологияларды қолданудың алгоритмдері мен әдістерін ұстаздарына еліктей отырып үйренеді.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тіл сабақтарында жаңа технологаялардың мүмкіндіктерін анықтау және оларды іс жүзінде қолданып, нәтижелерін сараптап қорытындылау барысында ақпараттық технологияның тиімділігі байқалды.

Бүгінгі күні затты, көріністі, т.б. көріп қана қоймай, дыбыс пен әуенді тыңдауға, өз дауысын жазуға, бірнеше рет қайталауға, қайта айналып келуге, түзетуге, тағы да толып жатқан операцияларды істеуге болады. Оқушының тұлға ретінде қалыптасып, өркендеуіне ықпал ететін - ұстаз, ендеше тұлғаның білімдену барысында өз мүмкіндігін анықтап, дамуына мультимедиа ресурстарының тигізер әсері мол. Мультимедиа ресурстарына нелерді жатқызуға болады?

Отандық ғалым Ахмади Есжанов мультимедиа ресурстарына "Элек тронды мультимедиа: ресурстары мен құралдары" атты ғылыми мақаласында мыналарды жатқызады:

• электрондық мультимедиа оқулықтары;

• ақпараттық-іздестіру мен анықтамалық мульмедиа жүйелері;

• қолданбалы мультимедиа энциклопедиялары;

• білім деңгейлерін тексеру мен өлшеуге арналған мультимедиа құралдары;

• электрондық тренажерлар;

• математикалық және имитациялық модельдеуге арналган мультимедиа құралдары;

• алыстан қатынас жасау зертханалары мен виртуалдық зертханалардың мультимедиа құралдары;

• автоматтандырылған үйретуші жүйелер;

• сараптамалық үйретуші жүйелер;

Сондай-ақ әр ресурстың қызметі мен оған қойылатын талаптар анық әрі қысқа түрде тұжырымдалған. Өзге тілді мектептердегі қазақ тілін оқытудағы мақсат - тұлғаның коммуникативтік біліктілігін, яғни, сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру болғандықтан, тіл меңгерту маманына интерактивтілік пен модель бойынша өздігінен білімдену арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру қажет.

Компьютер көрнекілікті қамтамасыз ететін мультимедиа құралы ғана емес, оның мүмкіншілігі мен ауқымы кең. Мысалы: "Оқушыларды білімдендіруге пайдаланылатын мультимедиа ресурстары вербальді әдістен өзгерек, себебі ол компьютер экранында өтіп жатқан оқиғаға қатысуды, материалды оқып білу жолын таңдауды ұсына алады. Мультимедианың осындай сипаттамаларын интерактивтілік деп атау қабылданған" Сонымен оның құндылығы - оның интерактивтілігі мен модельдей алуында. Заман ағымына сай білім беру жүйесін ақпараттандыру мұғалімнен технологияны өз кәсіби қызметінде пайдалана алуын талап етіп отыр.

Жаңа формациялы мұғалім - мультимедиа ресурстарымен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіріп қана қоймай, тұлғаның танымын арттырып, дүниетанымын кеңейту, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескеру үшін көрнекі құралдар топтамасын (слайд шоу), электрондык оқулық әзірлей алуы да керек. Оның қажеттігі неде? Біріншіден, оңтүстік аймақ пен солтүстіктің айырмашылығы оқулық құрастыруда ескеріле бермейді. Екіншіден, туған жер, өз өлкесі туралы мәлімет жас ұрпақты дәстүрді қастерлеуге, отансүйгіштікке тәрбиелесе, қосымша материал шәкірттердің белсенділік және ізденімпаздық қабілетерін дамытуға өте қолайлы екендігі оқыту үдерісінде байқалды. [3]

Сапалы білім беру тетігі - білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу. Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі.

1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.

2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағ-дысын қалыптастыру.

3. Оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгсйін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.

Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын ажырата білу керек. Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электрондық оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әртүрлі ойындар, т.б.

Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Бірншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әртүрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылататын, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге "мұғалім - оқушы" жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды түрде болуы тиіс, себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әртүрлі сипатқа ие.

Зерттеулер мен эксперименттердің нәтижесіне сүйенсек, жаңа ақпарат-тық технологиялар оқу үрдісінің тиімділігімен сапасын жоғарылатады деп танылғанымен, оны жекелеген пәндерде пайдаланудың нақты әдістемелері, компьютердің оқушыға тигізетін психологиялық әсері туралы нақты теория әлі жоқ.

Орыс тілді мектептерде қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту ақпараттық технология арқылы жүзеге асады. Әр сабақққа мұғалім алдын ала дайындала отырып, нақты мақсат қою керек. Тілдік білім алгаритм бойынша жүйелі түрде, яғни жеңілден ауырға қарай берілу керек. Ақпаратты технологияны қолдану төмендегідей алғы шарттар арқылы іске асады:

І кезең - оқып үйрену;

ІІ кезең - меңгеру;

ІІІ кезең - теория мен практиканы ұштастыру;

IV кезең - дамыту.

АКТ-ны оқытуда дидактикалық ұстанымдар:

1. Жүйелілік және бірізділік ұстанымы пәнді оқытудағы жүйелілік дегеніміз - пәнді өзінің құрылымы мен ішкі логикасы сай белгілі бір тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдары мен қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз.

Қарапайымнан - күрделіге

Түсініктен - ұғымға

Белгіліден - белгісізге

Білімнен - іскерлікке

Компьютердің әмбебаб мүмкіндігі яғни өз жадына орасан зор мәліметтер базасын сақтай білуі, оны шапшаң қажетті формада пайдалануға жағдай жасау мол мүмкіндіктері бар.

Соңғы жылдары да қазақ тілінен көптеген компьютерлік бағдарламалар құрастырылып жатыр. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қазіргі кездегі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Қолданбалы компьютерлік бағдарламалар.

Бұл бағдарламалар мақсаты - оқу үрдісіндегі ақпаратты ұсыну арқылы білім алушының өз жеке қабілетіне қарай белгілі бір білімділік пен дағдыны қалыптастыру;

  1. Жаттықтырушы компьютерлік бағдарламалар.

Олар бұрынғы материалды қайталау немесе материалды бекіту үшін
қолданылады;

  1. Тестік диагностикалық материалдар. Олардың мақсаты
    білім, дағды, іскерлікті бағалау;

  1. Ақпараттық-іздестіру бағдарламалары. Олар
    қолданушыға қажет ақпаратгы таңдауға және оны анықтауға
    бағытталады.

  2. Ойын арқылы оқу бағдарламалары. Білім алуда
    жағдаятгарды ойын түрінде ұсыну арқылы, дұрыс шешім,
    әрекетті таңдауға үйрететін бағдарламалар.

6. Аудармашы - сөздік бағдарламалар. Олар тек сөздерді
аудару ғана емес, сөз тіркестері, мәтіндерді аударуға арналған
бағдарламалар.

Қазақ тілін өзге тілді дәрісханада үйретуге арналған электронды оқулықтарда да осы бағдарламалар кешенді қолданылып жүр.

Қазақ тілін өзге тілді ортаға меңгертуге арналған зерттеу жұмысы - орфографияны оқытуда компьютерді қолдану тиімділігін қарастыратын Г.Бектұрованың еңбегі. Зерттеуші өз еңбегі қазақ орфографиясы мәселелерін қарастырып, оны меңгерту кезінде орфографиялық дағдыларды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Бұл жұмыста қазақ орфографиясын меңгертуге негізделген компьютерлік бағдарламаның жобасы берілген. Г.Бектұрованың еңбегі компьютерді қолдана отырып, қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосатын құнды еңбек болып табылады.

Қазақ тілін өзге тілді ортаға үйретудің компьютерлік сценарийлерін ұсынып, қазақ тілі бойынша компьютерлік бағдарламалардың лингвистикалық қамтамасыз етілуін қарастырған зерттеу еңбегінің авторы - А.А. Құрышжанова. Жұмыста компьютерлік лингвистиканың терминдері, казақ тілін екінші тіл ретінде үйретуге арналған бағдарламаларға сараптама, тілдік материалдарға алгоритмдік бағдарламалауды қолдану мәселелері зерделенген.

Компьютермен оқыту технологиясының маңызды бір ерекшелігі оқушының қазақ, тіліндегі мәтіндерді түрлі әдістер арқылы меңгере отырып, есте сақтай алуында ғана емес, сонымен бірге есінде қалмаған сабақтың сценарийін, тапсырманы компьютерді іске қоса отырып, қайта жаңғырта алатын мүмкіндігі болатынында. "Бұл ақпаратты технология бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-төсілдері"-деп тұжырымдайды А.Түсіпова. [5]

АКТ-ның денсаулыққа тигізетін кері әсерін де айтып кету керек. Жалпы сабақта АКТ-ны 10-15 минуттан артық қолдануға болмайды. Қолданғанның өзінде сергіту сәтін, әсіресе көзге арналған жаттығуларды тиімді пайдалану қажет. Компьютермен, интерактивті тақтамен жұмыс жасап отырған оқушыларға арналған кеңес:

Компьютер алдында неғұрлым көп отырған сайын көзіміздің қызарып, шаршағанын байқаймыз.

Компьютер алдында ұзақ отыру көзге көп салмақ түсіріп, көздің көру қабілетін әлсіретеді, бұрынғы созылмалы ауруларды қоздырады. Ол компьютерлік көз синдромы деп аталады.

Олар мына төмендегі белгілер:

- көз қызарса, құм түскендей әсер пайда болса, тез шаршап талатын болса, жарыққа қарағанда жақтыртпай тітіркенсе, жиі жасаурайтын болса;

- басыңыз ауырса, көздің арналасы талып, құрғап, ашыса.

Көз гигиенасын сақтау үшін жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет. Атап айтқанда, олар мынадай шарттар:

- компьютер мониторының жоғарғы нүктесі көзіңіздің тұсында немесе сәл жоғары болуы керек;

- диагоналы 54 см. монитордан 60-70 см, диагоналы 72 сантиметрлік монитордан 80 сантиметр ара қашықтықта отыру керек;

- мониторға күн сәулесі тікелей түсіп, шағылыспайтын болсын;

- компьютерде жұмыс істегенде қараңғы немесе жарығы жеткіліксіз жерде отырмаңыз;

- әрбір 1-1,5 сағатта 10 минуттық үзіліс жасап, көзге арналғап жатты-ғулар жасаңыз;

- көзді қорғайтын арнайы көзілдірік киіңіз;

- көзді ылғалдандырып, шаршаганын басатын тамшылар қолдану қажет.

Ал мына қарапайым жаттығулар көздің бұлшық еттерінің күшін көбейтіп,

қан айналымын жақсартады, оларды әрбір кезде орындауға болады:

- бір көзіңізді алақаныңызбен жауып қойып, екінші көзіңізбен алдыңа 2-3 секунд қарап тұрыңыз, осы жаттығуды екінші көзіңізбен қайталаңыз;

- алдыңызга 15-20 см. Көз аралығына қарындаш қойып, қарындаштың дәл ұшына 3-5 секунд қараңыз. Содан соң көзқарасыңызды алысқа аударыңыз. Осы жаттығуды 10-12 рет қайталаңыз;

- көзіңізді 3-5 секунд қатты жұмып тұрыңыз. Содан кейін 3-5 секундқа ашыңыз. Осы жаттығуды 8-10 рет қайталауыңыз кажет;

-көзіңізді оңга, солға, жоғары және төмен қарай бұрып, көзіңізді қатты 3-5 секундқа жұмыңыз, бұл жаттығуды 5-6 рет қайталаңыз.

Ақпаратты технологияларды оқыту құралы ретінде оқу үдерісінің кез келген кезеңінде пайдалануға болады. Кез келген оқыту үдерісі материалдың дұрыс қабылданып, оның әрмен қарата өзектеліп, сонан соң қажетті жағдайда белсендірудің көздейтіні белгілі. Осыған байланысты адам бойында қызығушылық пайда болады, ал ол қызығушылық өз кезегінде мына үш жағдаймен сипатталады:

  • қызметке деген оң және жақсы эмоция;

  • сол эмоциялардың танымдылық қырларының болуы;

  • сол қызметтің өзінен шығып тікелей туындайтын уәждің болуы.

Сонымен ақпараттық технологияны дидактикалық оқу құралы ретінде пайдалану - өмір талабы.

Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: 6 сыныпта «Табиғатты қорғау» модулін өткенде оқушыларға сабақтың мақсатына сай оқулықтағы материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ айтсам «Баянауылдың табиғаты» деген тақырыпқа өтікізген сабағымда АКТ- ны төмендегідей пайдаландым:

І ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ КЕЗЕҢІ

(АКТ-ны қолдану уақыты -1 минут)

Оқушылардың көңіл күйлерін сабаққа икемдеу және сабақтың эпиграфымен танысты; (слайдтарды пайдаландым)

ІІ МАҒЫНАНЫ АШУ КЕЗЕҢІ (АКТ-ны қолдану уақыты 4+5 минут)

Мұғалімнің дауысымен жазылған мәтінді тыңдайды да, әр топ тапсырмаларын алды;

С Е Р Г І Т У С Ә Т І (көзге арналған)

Интерактивтік тақтамен жұмыс:

Әр топ спикерлері (топ басшылары шығып) тақырыптарын қорғады. Әр түрлі тапсырмаларды интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді орындады;

ІІІ ОЙ ТОЛҒАНЫС КЕЗЕҢІ (АКТ-ны қолдану уақыты -5 минут)

«Баянауыл вальсі» әуенін тыңдай отырып, «Баянауылдың табиғаты» атты тұсаукесерді (презентацияны) оқушылар тамашалады да, алған әсерлері бойынша Баянауыл тақырыбына «Бес жолды өлең құрастырды»;

Сонымен сабақ барысында, 45 минуттың - 15 минутын ғана Ақпаратты-коммуникациялық технологиясын пайдаландым және сергіту сәтін де қосып өткіздім. Айтқым келгені, сабақ барысында АКТ тиімді қолдануға әбден болады, бірақ балалардың денсаулығын да ескеріп отырған абзал.

Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, бала жадында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қойма, алып келіп балаға көрсет деп, кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, иктерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық - коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.

Оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет:

*Мұғалім- кеңесші, саралаушы, ұйымдастырушы, бағыт беруші;

*Оқушы- өз бетімен әрекеттенуші, ізденуші, білімқорын жинаушы;

Электронды оқулықпен жұмыс жасау маршруты: модуль - мәтін - сөздік- сұхбат - бейнежазба - тапсырма- қорытынды тест.

Ұлы Абай мұрасын насихаттау мақсатында үш тілде "Абай Құнанбаев" мультимедиялық бағдарламасы жасалынған.

Осы электронды оқулықты мен орыс сыныптарында 9 сыныптың қазақ тілі сабағында «Абайдың Жидебайдағы - мұражай үйі» атты тақырыбын өткенде мультемедиялық кабинетте тиімді пайдаландым. Айта кетсем, Кіріспе бөлімде: сабағымның тақырыбына «Лото» ойынын ойнау арқылы шықтым; (оқушылардың әрқайсысының алдындағы компьютерге алдын - ала әзірлеген сызба торкөздер шығады, әр торкөзде сандар жазылған. Мұғалімнің қойған сұрағына дұрыс жауап беріп, тышқанның көмегімен басқанда санның орнына сөздер шығады)

Негізгі бөлімде: Абайдың Жидебайдағы -мұражай үйі қайда орналасқаны жайлы және онда сақтаулы заттардың суретін көрсете отырып,...............

Қорытынды бөлімде: жаңа тақырып бойынша 10 сұрақтан тұратын тестке жауап алу арқылы тақырыпты меңгергендіктерін бақыладым. (тесті компьютер өзі бағалайды.

Үйге тапсырма: Шежіре ағашы

Ақпараттық технологияны оқьпу үдерісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық-техикалық кешен болып саналатын «Белсенді экран» (интерактивті тақта) болып табылады.[6] Қазақ тілінде қазақ әдебиетні оқытудың тиімді жолдарының бірі - әдеби талдау жасай отырып, мәтіннің мазмұнын меңгерту. Нақтырақ айтсам, 6 сынып оқулығындағы Ыбырай Алтынсаринның «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін оқытуда интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін төмендегідей пайдаландым:

1.Ы.Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар;

2. Мәтінді алдын-ала өз дауысыммен жазып, тыңдаттым; (мәтінге көз жүгірте отырып, тыңдады)

3. Жаңа сөздердің орысша баламасын табуда «іліп алып, орнына қою» әдісін пайдаландық; (интерактивті тақтаман жұмыс)

4. Әдеби талдау жасап үйрену;

а) Оқушылар кезектесе оқи отырып, мәтіннен негізгі ойды тапты;

ә) Экранда дайындалған слайдтарды қарай отырып, тапқан негізгі ойлары арқылы әдеби талдау жасады; (слайдтарды-«Асан мен Үсен» атты түрлі түсті кітаптың безендіруінен алдым, және суреттердің бетіне әдеби талдау алгаритімін жазып отырдым. Мысалы: Шығарманың басталуы.... т/б)

б) «Үйрек-қаз адал құстар»,- деді Үсен. (осы тұста құстардың дауысы жазылған таспаны тыңдаттым)

СЕРГІТУ СӘТІН өткіздім (көру мүшелеріне арналған)

в) Кейіпкерлердің мінезін салыстыруға ВЕН диаграммасын пайдаландым; (интерактивтік тақтада оқушылар өздері дәлелдеді)

4. Үйге тапсырма «РАФТ» әдісімен кейіпкерге хат жазу;

5. Қорытынды-тест (Әр оқушы компьютермен жұмыс жасайды, тиісті бағаларын да компьютер шығарады)

Менің ойымша, кез-келген шығарманы талдамас бұрын, оқушылардың шығармаға деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тиімді пайдалануға әбден болады. Ол әрине мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

АКТ-сы бойынша оқыту тиімді деп айта аламын. Осы әдіспен оқыту барысында, оқушылардың қызығушылығы арта түседі және білім сапасы жоғарылайды

Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі. Сонымен мемлекеттік тілді оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу тілді саналы меңгертіп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, өскелең ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор және тіл меңгеруге деген қызығушылығы арта түсетіні айдан анық. Сабақтың мазмұнына байланысты кейбір мәселелер жөнінде қойылатын сұрақтар немесе оқушылардың өздерінің сұрақ қоя білуі мен жауап қайтарудағы тапқырлығы проблеманы түсінудің маңызды көрсеткіші екендігінің айқын дәлелі. Сабақтың барысында өз көзқарасын дәлелдеп, пікірін қорғай білуге талаптандыру, басқаларды да тыңдай білу және өз позициясын түсіне білуге, құрбы-құрдастарын ренжітпей, өз ойын қисынды айта білуге үйрету, сөйтіп, адамдар арасындагы, яғни, құрбыларымен, оқытушыларымен қарым-қатынасты дұрыс жолға түсіруге ықпал ету болып табылады.



Пайдаланылған әдебиетгер:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана. "Елорда", 2008. 23-бет.

2. З.Ш.Махадил Павлодар облыстық мұғалімдер білікілігін арттыру институтының әдіскері. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, №8 2009 жыл 17 бет.

3. Е.Жұматаева. Жоғары мектеп дидактикасы. Павлодар. 2006 жыл

4. Сапалы білім беру тетігі, «Қазақстан мектебі» 2009 жыл №3 32 бет

5.А.Түсіпова. Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық
технологиясы. Қазақстан мектебі. -2004 № 7

6. Искакова С. Оқыту үрдісіндегі интерактивті экранды қолдану әдістемесі.
Информатика негіздері. 2007. - № 1. 9-бет.






Мұғалім: Негманова Құралай Уахитқызы



Ақпараттық коммуникациялық технологияны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдану

Әдеби талдау жасау

Ақпараттық коммуникациялық технологияны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдануАқпараттық коммуникациялық технологияны қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында тиімді қолдану









© 2010-2022