«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» кітап көрмесі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» кітап көрмесі

Мақсаты: Ынтымағы, бірлігі жарасқан Тәуелсіздік елдің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.


«Қазақстан патриотизмнің іргетасы - барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі.

... 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек»

(Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Жолдауынан)

Қазақстан -Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан.

Сендер -тәуелсіз қазақ елінің жас ұланысыңдар. Сондықтан өз жерлеріңді, еліңді әкелер мен аналарымызды сүюге, қадірлеуге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармаңдар.

Тарих сендерге Тәуелсіздік тарту етті. Тәуелсіздік - мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Тәуелсіздік халқымызға ғасырларға созылған ата-баба қанды жорығының, дабылды- дауылды күресі. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді.

Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан -ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет -

ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің. Әр мемлекеттің саяси символдары болады. Символ әдетте шындықты бейнелеудің ерекше формасы, көркем образ деп түсіндіріледі. Қазақстанның басты символдары - еліміздің рәміздері. Олар -Елтаңба, Ту, Әнұран. Міне осы рәміздеріміздің қай-қайсысы да жанымызға жақын, жүрегіміздің төрінен орын алған.

Балалар Мемлекеттік рәміздеріміз төңірегінде сөз қозғағанда көңілден таса қалдыруға болмайтын мына жайды да айтайық. Олимпиадалық ойындарда, дүниежүзілік спорттық сайыстарда, түрлі деңгейдегі дүбірлі жарыстарда отандасыңа жанкүйер болып, жүрегің дүрсілдеп, делебең қозып отыратының мәлім. Сәтін салып жерлесіңіз мәртебелі биік мінбеге көтерілген сәтте, Әнұранымыз әуеде қалықтағанда, Көк туымыз көккө көтерілгенде бақыт құшағына бөленесіңдер. Жан дүниең тебіренеді, бір сәт өзіңді -өзің ұмытып, көзіңнен де қуаныш жасы шығып та кетеді. Бұл ненің белгісі. Әлбетте , туған Отаныңа деген шексіз сүйіспеншілік!


Президентіміз айтқандай, «бір халық» -бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір ел» -бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір тағдыр» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің

ортақ келешегіміз - көркейген және гүлденген Қазақстан.

«Өз еліне пайдалы болу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - бұл әрбір қазақстандықтың борышы және ар-намысы». Президенттің бұл сөздері әр қайсысымыздың өмірлік қағидамыз болуы тиіс.

Ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтеру жастардың парызы.

Елбасымыз сенімін ақтап, өнегелі істерін болашақта жалғастырар үлгілі, намысты ұл мен қыздар болатыныңдарға сенім білдіреді

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Ендеше жастарымыз осы мемелекеттің мүддесін қорғайтын патриоттары болуы керек. Отанының ішкі-сыртқы саясатын қорғау жастардың қолында.

Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңайлықпен келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік... Тәуелсіз елдің тілегі - бейбітшілік, тыныштық, келешегі - білімді ұрпақ

1. Назарбаев Н. Қазақстан жолы, -Астана, 2007ж.

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай -газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек.ітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ұсынылған.

2. Сұлтанов Қуаныш. Қазақтың жаңа дәуірі, -Астана, 2010ж.

Жинақта елдегі елеулі оқиғалар, мемлекет мәртебесін көтеруде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілік қайраткерлігі, ерен еңбегі нақты деректермен, оқиғалармен табиғи баяндалып, айшықталған.

Алаш көсемсөзі сериясымен жарық көретін он томдықтың үшінші кітабына Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың бас редакторлығымен


1929-1939 жылдары Францияда, Берлинде жарық көріп тұрған « Жас Түркістан» журналының №1-13 сандары енгізіліп отыр. «Жас Түркістан» - біртұтас Түркістан тәуелсіздігі идеясын көтеріп, бүкіл түркі жұртының азаттығы үшін күрескен басылым.

Елдің егемендігін көксеген журналда көтерілген мәселелер бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мұратымен өзектес.


  1. Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы. - Астана, 2008ж.

Жинаққа Қазақстанның Тәуелсіздік алған уақыттан бастап мәліметтер ғылыми түрде берілген.


  1. Бөкейханов Ә.Н. Шығармаларының толық жинағы -Астана, «Сарыарқа», 2009ж.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан -адамзат баласының тарихында сирек кездесетін дара тұлға. «Сирек» дейтіндей, туған халқына адал да шын мағынадағы кіршіксіз қызмет етуімен теңдесі жоқ тұлға болатын. Қазақтың көнекті қоғам және мемлекет қайраткері, энциклопедияшыл ғалымы әрі көрнекті публицист Ә.Н.Бөкейхановтың тұңғыш толық шығармалар жинағы 1889-1937 жылдар аралығында мерзімді басылымдарда, ғылыми журналдар мен жинақтарда жарық көрген ірі ғылыми, әдеби сын мақалалары жинақталған.


  1. Қазақ ұлт-азатттық қозғалысы.-Астана, «Ел-шежіре», 2008ж.

Жинақта Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында күрескен қайраткерлердің мақалалары, естеліктері мен жыр- толғаулары топтастырылған.

7. Бегалин К. В составе империи. Детская энциклопедия

Қазақстана. - Алматы, «Аруна», 2009ж.

Издательство «Аруна» предлагает Вашему вниманию 4 том «В составе империи» Детской энциклопедии Казахстана на казахском и русском языках для детей и взрослых. Здесь описывается события, начиная с середины ХІХ в. до образования Казахской Автономной Републики (1920), национально-освободительные восстания.

Құрметті оқушылар ,мұғалімдер кітап көрмедегі әдебиеттерден қаша мағлұматтар алдыңыздар, ал ары қарай терең мағлұмат алу үшін осы кітаптарды кітапханадан алып оқуларыңызға болады.



© 2010-2022