Қазақ тілі 5 - сынып тест

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 5 - сынып

1. Сөз сазы дегеніміз -

А) сөз әсерлілігін арттыратын маңызды нәрсе ә) сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі

Б) көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі

В) ауызша сөйлеу үстінде сөздердің дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі

2. Дауыс сазы -

а) тыныс, үзіліс ә) сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі

Б) көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі

в) сөз әсерлілігін арттыратын маңызды нәрсе

3. Кідіріс -

а) сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі

ә) көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі

б) ауызша сөйлеу үстінде сөздердің дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі в) тыныс, үзіліс

4. Дыбыс үндестігі -

а) сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі

ә) көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі

б) сөз бен қосымшаның жігіндегі немесе сөз бен сөздің аралығындағы кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі

В) ауызша сөйлеу үстінде сөздердің дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі

5. Тоғыспалы ықпал -

а) көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі

ә) сөз бен қосымшаның жігіндегі немесе сөз бен сөздің аралығындағы кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі

б) қатар тұрған екі дыбыстың бір - біріне бірдей ықпал етуі

в) сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі

6. Кейінді ықпал -

а) сөз бен қосымшаның жігіндегі немесе сөз бен сөздің аралығындағы кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі

ә) қатар тұрған екі дыбыстың бір - біріне бірдей ықпал етуі

б) сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі

в) көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі

7. Ілгерінді ықпал -

а) қатар тұрған екі дыбыстың бір - біріне бірдей ықпал етуі

ә) сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыз дыбыстардың бірін - бірі өзіне ұқсата әсер етуі

б) көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі

в) сөз бен қосымшаның жігіндегі немесе сөз бен сөздің аралығындағы кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі

8. Үндестік заңы -

А) сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі

Ә) сөзді бастан - аяқ біркелкі әуезбен айту

Б) Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынын келесі жолға тасымалдау

В) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын

9. Буын үндестігі (сингармонизм)

а) сөзді бастан - аяқ біркелкі әуезбен айту

ә) Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынын келесі жолға тасымалдау

б) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын

в) сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі

10. Ашық буын.

а) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын

ә) сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі

б) дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын

в) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын

11. Бітеу буын

а) сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі

ә) дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын

б) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын

в) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын

12. Тұйық буын

а) дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын

ә) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын

б) Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын

в) сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі

13. Дұрыс жазылған кірме сөздер қатары:

А) киоскыден, фактыге, антарктиде, рецептысын

Ә) Пунктты, танкылер, банкыде, ансамблын

Б) полкке, циркке, субъектімен, бинокльдің

В) тесттер, осьтан, бумерангының

14. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталған сөздер қатары:

А) Лай, май, сай, тай ә) бала, дала, жаңа, зығыр

Б) тарақ, парақ, шаш, садақ в) лас, рас, йод, мең

15. Еріндік дауыстылар

А) езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар

Ә) тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстар

Б) тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар

В) еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар

16. Ашық дауыстылар

а) тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстар

ә) тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар

б) еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар

в) жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар

17. Жуан дауыстылар

а) тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстар

ә) еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар

б) жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстар

в) тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстар

18. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін әріптер:

А) в,ё, ф, щ, ц,ч, ъ, ь ә) ә, ғ,қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і

Б) л, м, н, р, й, у, һ в) б, в, г, ғ, д, ж, з

19. Фонетика -

А) белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер

Ә) Басқа тілден енген сөздер б) гректің «phone» сөзі, мағынасы - дыбыс

В) тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы

20. Көнерген сөздер

А) тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы

Ә) белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер

Б) Басқа тілден енген сөздер

В) қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер

21. Тарихи сөздер қатарын тап.

А) торқа, дурия, барымта, лашық, шидем

Ә) коньки, лагерь, съезд, метро, машина

б) аға сұлтан, уәзір, би, қызыл әскер, отарба

В) наурыз, сәуір, имам, мешіт, пітір, құран

22. Тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер -

А) екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалғанмен, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер

Ә) ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер

Б) ауызекі сөулеуде адамның эмоциялық жағымсыз көңіл - күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер

В) гректің «Iexikos» сөзі,беретін мағынасы - «сөз, сөздік»

23. Тура мағыналы сөзі бар сөйлемді тап:

А) Бүгін сабақтың аяғында мұғалім қызық әңгіме айтты.

Ә) Осы айдың аяңында біз демалысқа шығамыз.

Б) Күн жылынғалы бері Қымбаттың аяғында туфли.

и) Жиналыстың аяғында жұрт қол соға дүрлікті.

24. Сөз құрамы -

А) Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Ә) Бастауыш пен баяндауыш

Б) Түбір сөз бен қосымшалар

В) Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі

25. Қосымшалар

А) 3 - ке бөлінеді ә) 5 - ке бөлінеді б) 2 - ге бөлінеді в) 4 - ке бөлінеді

© 2010-2022