Правила 9 критерий 9критерий

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Курсаралық кезеңдегі қысқа мерзімді біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтермен кері байланыстың жаңа формасын ендіру бойынша ақпарат



Біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі қызметі жаңа педагогикалық білім мен технологияларды тек қолданып қана қоймай, оларды жетілдіруге қабілетті педагог тұлғасының әлеуметтік-мәдениеті мен парасаттылық әлеуетін дамыту болып табылады. Сондықтан, жедел өзгермелі ақпараттық қоғамның талаптарына сәйкестендірілген білім бағдарламаларын жасап және оны тарататын қабілетті педагог кадрларды дайындау қажеттілігі өзекті болып қала береді.

Курсаралық кезеңде біліктілікті арттырудан өткен педагогтар қызметінің тиімділігі 9 критерий бойынша зерттеледі:


  1. Курсаралық кезеңде біліктілікті арттыру (оның ішінде, ақылы курстар, семинарлар, тренингтер).

  2. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен соң педагогтің біліктілік категориясының артуы.

  3. Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуі.

  4. Үздік және жақсы оқитын оқушылар санының артуы.

  5. Ғылыми жобалар, олимпиада жеңімпаздары оқушылар санының артуы (өткен жылмен салыстырғанда).

  6. Шебер-сынып, шығармашылық шеберхана, семинар-тренинг өткізуі, педагогикалық қауымдастыққа қатысуы.

  7. Педагогтің әртүрлі білімдену жобаларына, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысуы.

  8. Педагогтің семинарлар мен конференцияларда баяндама жасауы.

  9. Оқулықтар, монографиялар, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар дайындау. Мақалаларды педагогикалық басылымдарда және БАҚ-та жариялау.



© 2010-2022