Урок казахского языка 4класс

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Қазақстан табиғаты.

Сабақтың мақсаты :

Қазақстанның табиғаты, көрікті жерлері туралы айта алуға үйрету, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: табиғатпен байланысты белсенді сөздік қорды қайталау, Қазақстанның көрікті жерлерін атай алу.

Тұлғалық: білімді, жан-жақты болуға талпыну, Қазақстанның қалаларымен танысуға деген қызығушылықты арттыру.

Жүйелік - әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдары өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақтың көрнекілігі: көрнекі құралдар топтамасы;

Сабақтың құрал-жабдығы: мультимедиялық кабинет;

Сабақтың түрі: заманауи сабақ;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөз әдісі, логикалық, көрнекілік әдісі;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сыныптағы оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу:

1. Үй жұмысын тексеру: Сұрақтар- жауаптар.

Тест сұрақтары

Мотивация кезеңі

Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отыра, сабағымызды бастаймыз.

Миға шабуыл: Табиғат деген не?

/Айтылым./







Операция кезеңі

  1. 1-тапсырма. Ой қозғау: /Тілдесім/ интербелсенді тақтадағы слайдта

Қазақстанның картасы.



3. 2 -тапсырма. Мәтінмен жұмыс. /Тыңдалым/. 67 бетте.

Қазақстан.

Қазақстанның жері бай. Табиғаты өте әдемі. Қазақстанда Алатау, Қаратау, Алтай, Баянауыл таулары бар. Екі үлкен теңізі бар. Олар - Каспий теңізі және Арал теңізі. Үлкен өзендері: Іле, Ертіс, Есіл, Сырдария, Шу, т.б.

Қазақстан - біздің Отанымыз.

4. Диалогты оқы. /Оқылым/.

5. Асты сызылған сөздердің септік жалғауларын анықта.


1. Қазақстанның жері үлкен, табиғаты әдемі.

2. Елімізде өзен, көлдер, биік таулар, жасыл ормандар бар.

3. Ертең сыныппен орманға барамыз.

4. Жазғы демалыста Бурабайдан ағам келеді.

5. Семейдің мақтанышы Ертіс өзені.


Сергіту сәті

5- тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғау (-лар, -лер; -дар,-дер; -тар, -тер;) жалға.


Өзен + құс +

көл + аң +

ағаш + жануар +

бұлт + тас +

тау + терек +



6-тапсырма. Тапсырманы толықтырып жаз. /Жазылым/.

Қазақстанның жері бай. Табиғаты өте әдемі. Қазақстанда биік таулар бар. Екі үлкен теңізі бар.Қазақстан - бай мемлекет.

7. Сөзжұмбақты шешу.

Рефлексия кезеңі.

Бағалау: Оқушыларды мадақтау, бағалау.

Үйге тапсырма: Шағын шығарма жазу.

2

© 2010-2022