Мақала: Мамандығым-мақтанышым (11 сынып)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мамандығым-мақтанышым

Жоспар

І. Кіріспе

1.1.Ұстаз-ұлы тұлға

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Мамандығым-мақтанышым

ІІІ. Қорытынды

3.1 Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі

Ұстаз деген-ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар,

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің өр шақтарын қиғандар.

Айта берсең ұстазға тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!

Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген .

Мұғалім-жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып әрі оларды тәрбиелеуде орасан зор қызмет атқаратын мамандық иесі.

Мұғалім -мектептің айнасы, бәйтерегі, жүрегі.

Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк.Ұстаздардың әсерлі үні мен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп,ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл тұрған шеберлік .

Ұстаз -оқушылар бойына білім негізін егуші ғана емес, Отанын жанымен сүюге тәрбиелеуші

Ұстаздың жүріс-тұрысындағы жарасымдылық, жан-жақты білімділігі, қара қылды қақ жаратын әділдігі, талап қоя отырып, оқушының бойындағы жылт ете қалған сәулені жарқырата жандыратын ұстаз-мектептің абыройы.

Ұстаз-мектеп табалдырығынан аттаған сәттен бастап тіршіліктің бар тауқыметін ұмытып, оқушыларына бойындағы білімі мен тәрбиесін сығып беруші

Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді,мектептің басқа кемшілігі болса,оны мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді»деген болатын.

Өмірде мамандықтың түрі көп.Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.Дәрігер адамдарды емдесе,әнші ән айтады,құрылысшы үй салса,тігінші киім тігеді,ал мұғалім оларды оқытады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек.Өйткені,әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байналысты.Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана өз ісінің нағыз маманы бола алады.

Менің мамандығым-оқытушы.Мұғалімдік қызмет -ең қастерлі де қадірлі жауапты қызмет болғандықтан,мен өзімнің бар ынтаммен осы мамандықты таңдадым.Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым.Сол арманның жетегінде бүгінгі күні Арқарлы орта мектебінде мұғалім болып жиырма алты жыл еңбек етіп келемін.Ұстаздық еткен жалықпас әрбір минутымды құр жібермеуге тырыстым.Әр баланың бойында ұлттық рухты ұялатамын деген мақсатты алға қойдым.

Ең бірінші,сауытыңды аш! Нағыз педагог боламын десең,халқыңның салтын,дәстүрін біл.Еліңнің тарихын біл! Өзіңнің таңдаған мамандығыңды сүй. Сонымен қатар,мамандығыңа сүйіспеншілікпен,зор жауапкершілікпен қарап,болашақта еліңнің үлкен азаматтарын тәрбелей алатындығыңа сенуің керек.Сүйіспеншілік мен мақсат қойып,оған жетемін деген талпыныс пен еңбекқорлық барлық қиындықты жеңеді.Ұстаздық мамандықты маңдаған жастардың әрқайсысының жүрегінде оты болуы керек.

Менің мамандығым ең қажет мамандықтардың бірі.Ұстаздық жолды таңдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы болғаныма еш өкінбеймін.

Арманыма жеткізген қанатым деп мақтана аламын,алғысым да шексіз . . .

Өз пәнім арқылы лқушыларға қазақ ғұламаларының өмірін, еңбектерін, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін дәріптей отырып,оларды шығармашылыққа баулып, ойларын сауатты жеткізуге, сөйлеу, жазу мәнеріне бағыттап, мәдениетті, ұлтжанды, білімді болуға үйретемін.

«Тіл жүректің айтқанына көнсе,жалған шықпайды»деседі. Жаңылысуға болмайтын мамандық таңдауға келгенде келешек ұрпаққа дұрыс бағыт бере білуіміз керек.

Болашақта мамандық таңдауда тек қана өзінің қабілеті мен табиғи бейімділігіне сай ұстаздар саны артса, онда ұрпақ болашағы алаңдатпайтыны анық.Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Ұстаздың өзі-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері шәкірт көңілінде жатталып қалады.

Мұғалім жоқтан өзгеге ашуланшақ емес,шәкірттерін өзімен тең ұстап,ашық сөйлесетін адам болуы керек. Қатал мұғалімді қорқып қана сыйласаң,ал жаны кең мейірімді мұғалімді шын жақсы көресің. Мұғалім өмір бойы ізденіс үстінде жүріп,жыл сайын тәжірибесін жаңартып,білгенін үйретіп,білмегенін үйреніп жатса нұр болар еді. Осы орайда Төле би бабамыздың мына бір өсиет өлеңі еріксіз ойға оралады.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді

Ұстаздың ең үлкен ерлігі барлық оқушыны өз сабағына тарта білуінде деп ойлаймын. Сабақты өмірмен байланыстыра отырып жүргізу менің сабақ берудегі бір әдісім.Әр оқушының жан дүниесін біліп алуға тырысып,ауызша жігерімен қатысатындай болуын армандаймын.Оқушының кемшілігінен гөрі жетістігін көбірек байқауға тырысамын.

Еліміздің білім беру ісіндегі ең өзекті мәселелердің бірі-жүрегі елім деп соғатын қазақтың төл азаматын өсіру. Әрбір қазақ баласы ұлттық мәдениетті меңгеріп барып қана әлімдік мәдениетпен танысуы керек. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, мақал-мәтелдерін,нақыл сөздерін, салт-дәстүрін, шежіре, жыр-дастандарды баланың бойына толық сіңіру-біздің, яғни тіл пәні мамандарының юасты міндеті деп білемін.

Тәуелсіз атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымыз танылып жатқан кезде ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріуі қажет.

Тіл арқылы адамдар өз қуанышы мен толғанысын жеткізеді.

Сондықтан ол қадірлі, қасиетті.

Қазақ тілі халқымыздың ана тілі болуымен қатар,тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде әлемге танылуда.Ана тіліміздің-өрісі кең,бай,әуезді тіл.

Біздің ана тіліміз- біздің анамыз. Анасынан айырылған бейкүнә сәби айдалада қандай күйге ұшырайды?! Сол сияқты қазақ тілі жоғалса, қазақ ұлты жойылады. Өйткені ұлттың өзегі-ұлттық тіл.

Жаңа ғасыр өзгерістері,ғылым мен техниканың дамуының ана тіліміздің дамуына ықпалы мен зерттелуі,ғылыми үлгіде жүйеленуі жөнінде, қазақ тілінің әлем тілдері арасындағы орны жайлы ерекше айтып,ой қозғауда.

Ұлтымыздың өткен өмірінен мың өліп,мың тірілген қайсар қазақтың бейнесін көреміз. Ұлан-даланың ұлтарақтай жері үшін қан төгіп,келешек ұрпаққа бақытты ғұмыр сыйлаған бабалар аманатының бір парасы туған тілімізге деген құрмет екені даусыз.Қазақтың жаны мен жүрегін айшықтаған қасиетті қазақ тілі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы он сегізінші мәрте өтіп отырған халыққа Жолдауынан тағы көрініс тапты. Мемлекет басшысы тіл тағдыры үнемі өз назарында ұстайды. Халықтың сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын бейнелеп беретін асыл мұрамыз Елбасының өз аузынан айтылып жатса,бойымды шексіз қуаныш сезімі билейді.

-Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды.Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл сайын көбейіп келеді.Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын елу жеті орталық жұмыс істейді.Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде,былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны он пайызға өскен.Мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша он миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады.Тіл мәселесін біз даудың емес,ұлттың ұйтқысы үшін пайдалануымыз керек-деді Елбасы биылғы халыққа Жолдауында.

Өткен ғасырдың басында бес арысымыздың бірі-Міржақып Дулатов қазақ тілінің мұңын айтып, көз жасын көлдетіп мақала жазып еді.Ойлап қарасам, қазақ халқы бастан кешірген қиындықтар шаш етектен. Алайда біз ұлт басына төнген сынаққа темірдей төзіп, тағдырдың талқысына сабырлы кейіп таныттық. Нәтижесінде салты мен дәстүрін сақтаған,мәдениеті мен тарихын ұлықтаған ұлы ұлтқа айналып үлгердік.

Елбасы қазақ тілі ұлттың бірлігін паш ететін ең басты қарым-қатынас құралы болу керектігін қадап айтты. Мен Елбасының биылғы Жолдаудағы тіл туралы толғанысын тыңдап отырып мемлекеттік тілдің келешегі кемел екенін түсіндім. «Заманында қандай едім?»-деп зар илейтін Міржақыптай арысымыздың күдігі құлан-таза сейіліп, жарқын болашаққа қарай қадам бастық деп ойлаймын.

Қазақ тілі -халқымыздың рузани байлығы,атадан балаға,ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес ,асыл мұра. Ана тілдің қасиетін қанша айтсақ та таусылмайды.Адамзаттың қолындағы барлық зат тозады,жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.

Қазақтың біртуар ақыны М.Жумабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі,мінезі айқын көрініп тұрады»-деген

Әр азамат өзінің ана тілін,көзінің қарашағындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарланбауына қарсы тұруы тиіс.Мемлекеттік тілді білу-өмір талабы,заман сұранысы , қоғам қажеттілігі дегеннің жөні бар.

Қазіргі кездегі біздің біздің елдегі тіл мәселесін «Қатты айтсаң,қарындасыңа жақпайсың,ақырын айтсаң,ақың кетеді,»деген тәмсіл деп келеді.

Қазақстан-әлемдегі ең мықты бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстау керек.

Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен,ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.Сол ұлт өкілдерінің өзі қазақ тілінің ішкі үйлесіміне,төгіліп тұрған сөз өнеріне мынадай баға берген.

Француз ғалымы А.Жорри де Манси : «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі»десе, Татар ғалымы А.Саади : «Қазіргі ең бай, ең таза ,табиғи және әдебиеті,шын ғалым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек»

Орыс ғалымы В.Родлов : «Қазақтың тілі-таза түркілік сипатын сақтап қалған тіл, қазақтардың өзге бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі маған қатты әсер етті»деген

Міне, өзге ұлтт өкілдернің таңдай қағып,баға берген Ұлы тіліміздің нағыз жанашыры болуыма бағыттаған мамандығымды, «менің мәртебем »деп білемін

Қай тілде қайнап,

Қай тілде ойнап,

Қай тілде ақса перзенттік түйсік өрісің сол тілдің гүлі,сол тілдің қайраткерісің-деп ана тіліміздің өркедеуіне өз үлесін қосып,туған тіліне деген жанашырлығын паш еткен ақындарымыздың бірі емес бірегейі Мұхтар Шахановты мақтан етемін.

Ел егемендігінің көрінісі,құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді-қазақ тілінің мәртебесін мәңгі көтеру баршамыздың міндетіміз деп білемін.







© 2010-2022