- Преподавателю
- Другое
- Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде. .. (Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы)
Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде. .. (Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы)
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Нургужина Г.М. |
Дата | 22.11.2013 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Нұрғожина Г.М.
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласындағы
Бірінші қалалық жалпы білім лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Ер есімі ел есінде...
(Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасы).
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік: поэмаға әдеби шолу жасау, поэманың негізгі тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу.
2.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын арттыру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сөз байлығын молайтып, өз пікірлерін айтуға үйрету.
3.Тәрбиелік: поэманы талдау барысында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, іздену, салыстыру, талдау, бақылау.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.
Көрнекіліктер: Дулат Бабатайұлының портреті, тірек сызбалар, кубик.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сабақ мақсатымен таныстыру.
2.Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
II. Кластер жасау арқылы үй жұмысын тексеру:
Сұрақ: Дулат шығармашылығының мәні неде?
«Зар заман» әдебиетінің көрнекті өкілі
Арманы: ел бірлігін,
халықтың ұлттық рухын, өзіндік салт-сана, дәстүрін сақтап қалу
Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан ақын
Дулат Бабатайұлы (1802-1871)-
реалистік жазба поэзиясының
жалғастырушысы
Ел мен жердің тағдырын
естерінен шығарған
атқамінерлерді сынаған
Ел қорғаны батырларды
ардақтаушы.Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді, т.б.
Қазақ халқына қамқор хандарды, ерлерді армандайды.
Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған «Еспенбет» поэмасы.
III. Венн диаграммасын толтыру.
Батырлар жыры
Ұқсастығы
«Еспенбет» поэмасы
Ерекшеліктері:
1) қиял-ғажайып оқиғалар;
2) тылсым күштер;
3) нанамсыз әсірелеулер.
1) басты кейіпкер- елін, жерін сүйген батыр, оның бар күш-қуаты Отанына арналған;
2) ерлікті, батырлықты отансүйгіштікті марапаттап, ел сүю, жер қорғау тақырыптарына жазылған
туындылар.
1) авторлық эпос
(Ә. Қоңыратбаев бойынша);
2) өмір шындығын суреттейді;
3) бас кейіпкер Еспенбет ,
қазақ батырлары: Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді-өмір шындығы аясынан алынған.
IV. «Кубизм стратегиясы » бойынша жұмыс жасау:
Әдіс-тәсіл
Әрекеті
1. Зерттеңіз.
Поэманың идеясын, тақырыбын ашу.
а) Поэмада қандай мәселелер сөз болады?
ә) Поэманың негізінде жатқан басты ойы неде?
б) Поэманың негізгі ойы қай бейне арқылы көрінеді?
Баяндау,
әңгімелеу,
түсіндіру,
жазбаша жұмыс,
ой қорыту.
Мәтінді талдайды,
дәлелдейді.
2. Суреттеңіз.
Поэма кейіпкерлері туралы пікір жинақтау.
Портреттеу, суреттеулерді тауып, оның кейіпкерлер
іс-әрекетін ашудағы маңызы.
3. Салыстырыңыз.
а) Батырлар бейнесі бойынша Еспенбет пен қалмақ батыры бейнесін салыстыру;
ә) «Ер қанаты-ат» тақырыбы бойынша Ақбөрте мен
қалмақ батырының атын салыстыру.
Өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастығын табу.
Оқу, жазу, сұрақ-жауап,
проблемалық ізденіс тудыру
Тапсырмаларды топпен орындайды.
4.Қолданыңыз.
а) Поэмадағы ұнаған үзіндіні рөлде ойнап беріңдер.
ә) Поэманың көркем тілі. Теңеуді, эпитетті, метафораны, әсірлеуді, шешендік оралымдарды табу.
Шағын көріністер
Зерттейді,
дәлелдеді.
5. Пікірді қолдаңыз әлде қарсы шығыңыз.
Еспенбет батырдың байлықтан, бәйгеден жеңген жүз тайлақтан, көп олжадан бас тартуына қалай қарайсыздар?
Айтысу,
дәлелдеу,
қорытынды-
лау.
Өз көзқарасын білдіреді.
V. Ой толғаныс сатысы.
«Поэмадан алған әсерім» эссе жазу
Жазбаша жұмыс.
Ой толғанысын
жүйелейді.
VI. Сабақты қорыту:
1Сабақта нені білдік? Нәтижесі қандай?
2 «Бес жол» стратегиясымен қолдану.
Ой қорыту
VII. Үйге тапсырма беру.
«Ел үшін күрес-ерге тиген үлес» деген тақырыбына шығарма жазу.
Жазбаша жұмыс.
Жан-жақты ізденеді.
VIII. Оқушыларды бағалау.