«Сіз» деген -әдеп, «біз» деген –көмек 3-сынып

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №12

Күні: 26.11.2015ж

Пәні: өзін-өзі тану

Сынып: 3

Тақырыбы: «Сіз»деген -әдеп, «біз» деген -көмек.

Мақсаты: Сыйластық, қамқорлық құндылықтарын ұғындыру.

Көмекке, сыйластыққа ,бірлікке тәрбиелеу.Үлкенге құрмет

көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын

меңгерту.

Міндеттері:

  • Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру

  • Бірлесіп еңбек етуге қызығушылығын арттыру

  • Өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, қазақ үй макеті

Шаттық шеңбері:

- Балалар, «Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей бәріміз, қонақтармен, бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен,

Сыпайылық белгісі-

Үлкендерге «сіз»деген.

  • Бүгінгі сабақта біз әдептіліктің бастауы- «сіз»бен «біз»туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:

-Адамдармен сіз деп сөйлескенде қандай сезімде боласыңдар? «Сен»деген де ше?

- «Біз»деп сөйлескенде ше? «Мен»деп сөйлескенде ше?

-Өздеріңе басқа кісілер «сіз»дегенде ше?»сен»дегенде ше?

Түйіндеу:

  • Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай -ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған.Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты білдіреді. «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар.Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.

Ойын-жаттығу

  • Балалар, бізге досымыз Алпамыс келгелі жатыр. Алпамысқа демалатын үй керек. Ендеше бәріміз бірігіп, оған әдемі үй салып берейік. Балалар стол үстіндегі түрлі түсті қағаздардан жасалған үйдің ір бөлігіндегі мақалдарды оқып, жетіспейтін сөзді тауып, үйді тұрғызады.

  • Мақал - мәтелдер:

Көпшіліктен береке кетпес,

Берекеден ................ кетпес (мереке)

Бірлік бар жерде .......... бар. (тірлік)

Татулық - табылмас ........... (бақыт)

Игілік басы - .................. (ынтымақ)

Бірлігі ................. ел тозады, (жоқ)

Бірлігі ................. ел озады (күшті)

Тыныштық сәті.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу

- Бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

- Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?

- Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істеген де қандай сезімге бөлендіңдер?Жалғыз істегенде ше?

- Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Дәйексөз

«Көп жүрген жер -көңілді,көп еңбегі-өнімді.» - бір адам жалғыздан жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды, жұмыс жасаса да әрі қызықсыз,әрі қажыр қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса,жұмыс әрі қызықты,әрі тез, әрі тиянақты бітеді. Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңіл күйі көтеріледі, тіпті дем алады. Бұл адамды достыққа, қамқор болуға жетелейді.

Дәптермен жұмыс

«Сіз», «Біз» ұғымдарының мәнін жете түсіну үшін Ө.Тұрманжановтың ««Сіз», «біз» деген жылы сөз» атты өлеңін оқып, түйгендерін дәптерге жазу.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық,

Тілесе әр кез жаны ашып,

Осы бір шырын - тәттілік.

Тұрмай ма жанға жарасып!

Баршаға керек жақсылық!

Жақсылық сүйер жанымыз.

Баршаға жетер жақсылық.

Қызғанбай бөліп алыңыз.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.

Жаттығу-ойлану.

- Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?

- Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Ойын. «Киіз үй»құрастыру.

Керегенің тапсырмасы:Бірлік бар жерде........бар.(тірлік)

Бірлігі........ел тозады,(жоқ)

Бірлігі ........ел озады.(күшті)

Шаңырақ тапсырмасы...:......... тілеймін!(бақыт,байлық,денсаулық)

...............тілеймін!

.............тілеймін!

Есіктің тапсырмасы: ........... келдіңіздер!(қош)

Мұғалім: Міне, балалар бәріміз бірлесіп жасаған еңбек нәтижесінде әдемі,жақсы тілекке толы үй құрдық.Бұл жай үй емес, достық, бірлік үйі.

Қорытындылау

  • Әрбір адам «Сіз» бен «біз» туралы ұмытпаса, оны өмірде қолданса, онда барлық адамдар бір-бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады.

Жүректен -жүрекке.

  • Әрбір адам «сіз»бен «біз туралы ұмытпаса,оны өмірде қолданса ,онда барлық адамдар бір-бірімен жарастығын, сыйластығын табады.,әлемде тыныштық орнайды,бақытты өмір болады.»

Шеңбер құрып, құшаққа алып, қуанышты сезіммен : «сіз» «біз»бірге болайық!3рет


Тексерілді

© 2010-2022