Іс-шара Қыз -өмір қызғалдағы атты қыз сыны сайысы

Тақырыбы: «Қыз өмір қызғалдағы» атты қыз сыны сайысыМақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, сыйлықтар, мақтау қағаздары.Барысы:1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ағылшын тілі үйірмесінің тәрбиеленушілер арасында өтетін «Қыз өмір қызғалдағы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер! Мен қазақ қыздары...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қыз өмір қызғалдағы» атты қыз сыны сайысы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сыйлықтар, мақтау қағаздары.
Барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ағылшын тілі үйірмесінің тәрбиеленушілер арасында өтетін «Қыз өмір қызғалдағы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші:
Пір тұтқан махабатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

2- жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз Сапақбай Жаная
№ 2 аруымыз Жақсылық Жұлдыз

№3 аруымыз Өмірбек Аружан

№4 аруымыз Буленова Аружан

№5 аруымыз Қабденова Диана

2 - жүргізуші:

Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымызды бастайық.

Аруларымызды сахна төрінен шығарып салайық.

1 - жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы............................................................

.................................................................................................................

...................................................................................................................

............................................................................................................ ең жоғарғы балл-10.

2 - жүргізуші: Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І - бөлім: «Сәлемдесу». Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс

тұрысы сынға түседі.
1 - жүргізуші: 2 - бөлім «Өз өнері». Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

2 - жүргізуші: 3 - бөлім:«Үй тапсырмасы». Бұл бөлімде аруларымызға өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, дайындап әкелу тапсырылған болатын.
1 - жүргізуші: 4 бөлім: «Қол өнері». Бұл бөлімдe сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, қағаз бетіне жабыстырады.
2 - жүргізуші: 5 бөлім: «Сән үлгісі». Бұл бөлімде арулар бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.
1 - жүргізуші. 6 бөлім. «Шаш өру». Бұл бөлімде аруларымыз қыз баланың шашын әдемі етіп өріп шығуы керек. Өру үлгісіне де ерекше мән беріледі.
2 - жүргізуші: Кел, достар, бастайық,

Бастайық той кешін.

Қызықтан еш адам,

Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші. Бірінші бөлім «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
№ 1 аруымыз Сапақбай Жаная
№ 2 аруымыз Жақсылық Жұлдыз

№3 аруымыз Өмірбек Аружан

№4 аруымыз Буленова Аружан

№5 аруымыз Қабденова Диана

2-жүргізуші. 2 бөлім «Өз өнері» аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатын- деп сайыскерлердің өнерлерін тамашалауға шақырамыз.
№ 1 аруымыз Сапақбай Жаная
№ 2 аруымыз Жақсылық Жұлдыз

№3 аруымыз Өмірбек Аружан

№4 аруымыз Буленова Аружан

№5 аруымыз Қабденова Диана

1 - жүргізуші: 3 бөлім « Үй тапсырмасы». Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырайық.

2 - жүргізуші: 4 бөлім «Сән үлгісі».

Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды

ортаға шақырамыз.
№ 1 аруымыз Сапақбай Жаная
№ 2 аруымыз Жақсылық Жұлдыз

№3 аруымыз Өмірбек Аружан

№4 аруымыз Буленова Аружан

№5 аруымыз Қабденова Диана

1 - жүргізуші: 5 бөлім «Қол өнері». Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші: 6 бөлім «Шаш өру» сайысы. Бұл бөлімде залда отырған кез келген қыз баланың шашын әдемі етіп өреді.

Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері - күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне, дей келе сайыскерлерімізді ортаға

шақырамыз. 5 минут уақыт беріледі.

1 - жүргізуші: Әділқазы алқасы қорытынды бағасын шығарғанша ән шашуымызды қабыл алыңыздар. Ән: .........................................................

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.

2 - жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытынды бағасын тыңдайық.
1 - жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда - деп бүгінгі «Қыз өмір қызғалдағы» атты қыз сыны сайысымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

© 2010-2022