Тренинг: «Мен өміріме, қажеттілігіме-жауаптымын»

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг: «Мен өміріме, қажеттілігіме-жауаптымын»

Сәлемдесу

«Менің есімім және танымалдылығым» техникасы-өзін Қазақстанның бір жұлдызына теңеп есімін айтады. Мысалы: Менің есімім Бейбіт. Мен жазушы Шерхан Мұртазамын.

Негізгі бөлім

1.- Жауапкершілік дегеніміз не?

2.-Оны қандай уақытта сезінесіздер?

3.-Жауапкершіліктің адамда жағымды қасиетті қалыптастыруға әсері бар ма? Қандай?

4.-Өз өміріне жауапкершілік алу дегенді қалай түсінесіңдер?

5.-Жауапкершілік ала білетін адамның бойынан қандай қасиетті байқауға болады?

Лекция.

Жауапкершілік-бұл адамның өз әрекетіне жауап беру, міндетін орындау қабілеті.

Ондай адамдарға сеніп іс тапсыруға болады, ал ол оны ойдағыдай орындап, адамды ұятқа қалдырмайды.

Адамда үнемі таңдау болады. Сіз өзіңізге жауапкершілік ала аласыз, немесе өзгені кінәләуыңызға да болады. Мұндағы ең негізгі сөз: «Өміріңде кез келген міндетті орындауды, бақылауды өз мойнынаалғын келмесе де, оның соңғы нәтижесін өзін көресің».

Алдағы болатын ҰБТ-дағы жоғары ұпайға ие болу немесе болмау өзіңізге байланысты.

Сіздер ҰБТ-ға жауапкершілікті ата-анаға, пән мұғаліміне, досқа, шпоргалка мен «ағайын-туысқа» артатын болсаңыз, онда өз міндетіңізден бас тартқаныңыз.

«Соқыр мен жетекші» жаттығуы

Нұсқау: Жұпқа бөліну. Орындықтарды жылан іспеттес ирелендетіп қойып, оның арасымен біреуінің көзін байлап, екіншісі сол орындыққа шалындырмай өикізу қажет. Кезекпен қайталайды.Орын алмастырылады.

«Жетістік баспалдағы» жаттығуы

Адамның ойы нені ойласа, өмір де соған байланысты құрылады екен. Сондықтан ойымызды тек жақсылыққа бағыттап, алдағы уақытты өандай жетістікке жете алатыныңызды елестетіп жазыңыздыр.

© 2010-2022