Қазақ әдебиеті Бейімбет Майлин Түйебай әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Түйебай» әңгімесіСабақтың мақсаты: 1. Бейімбеттің кейіпкер характерін шебер сомдайтын жазушы екендігін ұғынады. Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, әр кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңіледі 2. Оқушылар байланыстырып сөйлеу мәдениетін дамытады, әдеби тілді кеңінен қолдануға дағдыланады. Шығарма әлеміне ендіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық шеберлігін, әртістік өнерін шыңдайды.3. Оқушыларды адамгершілікке, бірлікке баулу. Қатыгездікке, зорлық - зомбылыққа...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Түйебай» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: 1. Бейімбеттің кейіпкер характерін шебер сомдайтын жазушы екендігін ұғынады. Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, әр кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңіледі
2. Оқушылар байланыстырып сөйлеу мәдениетін дамытады, әдеби тілді кеңінен қолдануға дағдыланады. Шығарма әлеміне ендіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық шеберлігін, әртістік өнерін шыңдайды.
3. Оқушыларды адамгершілікке, бірлікке баулу. Қатыгездікке, зорлық - зомбылыққа төзбеуге тәрбиелеу..
Сабақтың түрі:СТО

Стратегиялар:Ассосация, мінездеме, әдебиет теориясы

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

Қызығушылығын ояту:
Сенің зарың - зарлайтыным өмірде,
Сенің арың - арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең, мен де соны көрмекпін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы - шерім ашылар.
Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар,- өлеңі тыңдалады.

Мағынаны ажырату:

а) «Түйебай» әңгімесінде қандай мәселе көтеріледі?
ә) Әңгіменің баяндалу ерекшелігі неде?
б) Әңгімедегі оқиға қай өлкеде болған? Оның суретін автор қалай береді?
в) Биылғы жылы балалар өмірінде қандай өзгеріс болды?
г) Молданың портретін жазушы қалай суреттейді?
д) Түйебайға молда неге өш? Онымен бірге сабақтан қалып қойған балаға неге шұқшимайды? Ал Түйебайды неге жек көрді?
е) Әңгімеде молданың қатыгездігі қалай ашылады?
ж) Молда алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
з) Неліктен Түйебай «Аштан өлсем де, байдың малын бақпаймын»деп айта алмады?
III. Өтілген материалды тереңдете тексеру.
1.Әңгімені бөлімдерге бөліп, тақырып қойыңдар.
Бөлім Тақырып -------------------- Басты оқиғалар

I ------ Қоржынтомар ауылы 1. Молданың оқуы 2. Жұмалық 3. Молданың қаһары
III --- Сабаққа кешігу ------ 1. Түйебайдың сабаққа кешігуі 2. Молданың қатыгездігі 3. Оқудан кету
IV ---- Мал соңында ------------ 1. Жайлауға көшу 2. Қой соңындағы Түйебай
2. Әңгіменің композициялық - сюжеттік құрылымын анықтау.
а) Композиция деген не?
ә) Сюжет деген не?
3. Әдебиет теориясымен жұмыс.
а) Пейзаж деген не? Әңгімеден мысал.
ә) Портрет деген не? Молданың портретін тап?
Әңгіме мазмұнына сай кейіпкер характерін ашу үшін пікірталас.(дебат)
1. Жақтаушы топ.
Резолюциясы: «Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар»
Аргумент: «Адам болатын бала алысқа қарайды».
2. Қарсы топ.
Резолюциясы: «Аңқау елге, арамза молда»
Аргумент: «Молда көп, молда деген атын сатқан
Бас алмай, өтірік соққан шариғаттан».
Топтарға тапсырма. Түйебай өз бақытын, орнын өмірде таба ала ма?

Ойтолғаныс:
1. Түйебайдың болашағын қалай елестетесің? (Модулін жаса)
2. Әңгімеге ойтүйме (Резюме) жаз.
3. Әңгімені қалай жалғастырар едің? (әңгімені аяқтау)
4. Бүгінгі заманда Түйебайдың өмірі қандай болар еді? (Модуль)
5. Теңсіздік заманының болашағы (модуль)
VII. Қорытынды. Тұжырым жаса.
1. Әңгімені оқу барысында нені үйрендік? Қандай білім алдық?
2. Бүгінгі таңда оқу - білімнің қандай маңызы бар?
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын»,- деп С. Торайғыров айтқандай, біз өзіміздің қазақ екендігімізді мақтан тұтып, ұлттық ділімізді жоғары ұстауымыз керек. Еліміздің тарихын, дәстүрін, өнегелі өнерін көңілге тоқи отырып, асыл қазынадан жалғас тапсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
ІX. Білімдерін бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма. «Түйебай» әңгімесінен алған білімдеріңді жүйелей отырып, Түйебайдың болашағы туралы ой - толғау жазып келіңдер.

© 2010-2022