Қазақ тілінен ашық сабақ Қожа Ахмет Иасауи

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Ахмет Иасауи

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушыларға Ахмет Иасауидің өмір жолы, шығармашылығы туралы мәлімет беріп, бейнетаспа арқылы ақынның Түркістан қаласындағы кесенесімен таныстыру;

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін дамыту;

3. Тәрбиелік: Ұлы ақынның өмір жолын үлгі тұтып, білімге деген қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: оқу, баяндау, мәнерлеп оқу, сұрақ- жауап, тірек-сызбамен жұмыс,тест тапсырмаларымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: « Қожа Ахмет Иасауи кесенесі» бейнетаспа, «Баба Түркістан әні».

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Оқушылардың білімін тексеру:

- Біз қай мерекені атап өттік?

- Қазақ елі тәуелсіздік жолында қандай қиыншылықтарды басынан өткерді?

- «Ақтабан шұбырынды» кезінде біздің жерімізді кімдер қорғап қалды?

- Қазақ ордасын құрған хандарды атаңдар?

- «Қазақ» деген ұлт қай кезде пайда болды?

- Оған дейін біздің және Орта Азия ұлттарын қалай атап еді?

- Осы түркі халқының мәдениетін, әдебиетін дамытуға үлес қосқан тарихи тұлғаларды атаңдар.

III. Сабақтың мақсатын қою кезеңі:

-Бүгінгі сабағымыз түркі халқының тарихи тұлғаларының бірі ақын, философ Қожа Ахмет Иасауиге арналады. Біз Ахмет Иасауидің өмір жолымен, шығармашылығымен танысамыз.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. Тірек- сызба арқылы Қожа Ахмет Иасауи туралы мәлімет беру.

XII ғасырда өмір сүрген философ ақын Қожа Ахмет Иасауи есімі қайдан шықты, соған көңіл бөлейік. Иасауи деген есім оған, Иасы қаласында өмір сүргендіктен берілген, себебі X ғасырдан бастап Түркістан қаласы Иасы деп аталған. Қожа деген ат Меккеге барып, Қажы атағын алғаннан кейін берілген. Қожа Ахмет Иасауи шамамен 1093 жылы Испиджаб қаласында дүниеге келген.(Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы) Әкесінің аты-Ибраһим, шешесінің аты-Қарашаш. Ол Бұқардағы медресені бітіріп, Мербі қаласындағы медреселерде ұстаздық қызмет атқарады, кейін медресеге басшы болады.

2.Қожа Ахмет Иасауидің шығармашылығы.

Ахмет Иасауидің «Диуани Хикмет» шығармасы -жалпытүркілік мұра, оның «хикметтері» қолдан- қолға көшіріліп , жатталып жүрді. Ахмет Иасауидің өлеңдері байлыққа талпынбай, дүние- мүлік жинамай, білім, ғылымға ұмтылуға тәрбиелейді.

Әһлі дүния халқымызда сахауат йоқ,

Падшаһларда, уәзірлерде ғәдаләт йоқ,

Дәруішләріні дұғасында ижабәт йоқ,

Түлік бәла үстіге яғды дослар.

Ақын жан-жақты қуғынға түседі, өзінің туған жері Испиджаб қаласына қайта оралады. Көздің жасымен, жүректің қанымен жазған өлеңдерінің бірін өзіне арнайды.

Жыла , Ахмет, жылай бер,

Жасыңды төк.

Шығар биік, жетер шың

Мен баспаған жер қайда бар?

Бара алмадым, баса алмадым.

Бәрі бір айналсоқтап кете алмадым.

Төңірегің надан болғанда

Білімділік у екен...

Бұл өлең жолдары, ақынның өмірге деген реніші еді.

3. Ахмет Иасауидің өмірінің соңғы жылдары.

Ахмет Иасауи 63 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеткесін жер басып, күн көріп, ай көріп, өмір кешу күнә»,- деп ендігі өмірім жер астында қылуетте өтеді деп, осы қылуетте 10 жылдай өмір сүріп 73 жасында қайтыс болады.100 жылдан кейін Ақсақ Темір Ахмет Иасауиге арнап кесене орнатады.

4. «Қожа Ахмет Иасауи» кесенесі.Бейнетаспа арқылы кесенені тамашалау.

V.Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі:

1.Кітаппен жұмыс. «Қожа Ахмет Иасауи» мәтінін оқу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс.

Әулие- святой

Дін-религия

Дәруіш-дервиш

Жер астындағы қылует- подземное келье

Кесене- мавзолей

Берілген сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

- X-XII ғасырларда салынған қандай кесенелерді білесіңдер?

- Ахмет Иасауиге кім кесене салдырды?

- Ахмет Иасауи туралы кім зерттеу жасады?

VI.Бекіту кезеңі:

Тест тапсырмаларын орындау.

VII.Үйге тапсырма:

«Қожа Ахмет Иасауи- ұлы ғұлама » шығарма жазу.

VIII. Сабақты қорытындылау:

-Ұлы ғұлама туралы не білдіңдер?










© 2010-2022