«Отырарлық ғалым»

"Описание материала: "Әл-Фараби туралы оқушылардың таным-түсінігін арттыру. Тақырыпқа сай ізденістерін жетілдіре отырып оқушыларды ғалымдардың ұлағатты да, өнегелі жолдарымен таныстыру. "Тақырып мазмұнын меңгеру  Әл-Фараби өмірімен таныстыру. Сөздік қорын молайту.  Оқушылардың қойылған сұрақтарды түсіну дұрыс жауап беру. Өздігінен ойлап талдай білуге, қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.  "Тәрбиелік: Әл-Фараби өмірінің өнегелік жақтарын көрсете білу. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету.  Данышпан Әбунасыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Ол алғаш білімді туған қаласы Отырардан алады. Асқан зерек, алғыр жас Фараби медреседе оқып жүріп, Отырардың атақты кітапханасында жұмыс істеп білі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:16.11.2013 жыл.

Сыныбы: 10 Б

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Әбунасыр әл-Фараби. Отырарлық ғалым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тақырып мазмұнын меңгеру Әл-Фараби өмірімен таныстыру. Сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: Оқушылардың қойылған сұрақтарды түсіну дұрыс жауап беру. Өздігінен ойлап талдай білуге, қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Әл-Фараби өмірінің өнегелік жақтарын көрсете білу. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқу-құралдарын алу

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Егерде біз күнімізді жақсы көңіл күймен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күмән болмайды (говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будет хорошим. Давайте дети улыбнемся и начнем урок)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Балалар біз қандай тақырыпқа арналған бөлімді өттік? Шешендік сөздер.

2.Бірінші бөлімдегі әңгімеде қай кейіпкер ұнады?

3.Екінші бөлімнің мазмұнынан қандай қанатты сөз шығады?

4.Өткел әңгімесі не туралы?

5.Жиреншеге әйелінің қайтыс болғаны туралы кім естіртті? Қандай сөздер айтты?

6.Бала би шешен халқына қандай сұрақ қойды?

1-слайд.Отырар қаласы

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Әбу Насыр Әл-Фараби туралы тарауды оқуды бастаймыз.

Бүгінгі өтетін бөліміміз: «Отырарлық ғалым»

1-тапсырма

1.Мен сендерге мәтіннен үзінділер беремін, 3 минут дайындаласыңдар.Мазмұнын айтасыздар./топпен жұмыс/

2. Сұрақ дайындап бір-бірлеріне қою.

Отырарлық ғалым.

І-топ. Данышпан Әбунасыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Ол алғаш білімді туған қаласы Отырардан алады. Асқан зерек, алғыр жас Фараби медреседе оқып жүріп, Отырардың атақты кітапханасында жұмыс істеп білімін толықтырады. Оқуын Бағдад, Шам (Дамаск) қалаларында жалғастырады.Мұнда ірі ғалымдармен кездеседі, сырлас болады.Түркі, араб, парсы, грек, латын тілдерінде еркін сөйлеген.

ІІ-топ. Әл-Фараби өмірге келген Отырар қаласы -бүкіл Шығысқа танымал болған. Отырар шаһары- Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығында орналасқан. Бұл жерде көптеген төбелер жатыр. Сол төбелердің барлығы да бір кездегі Отырар қаласының орны. Арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған. Әбунасырдың аты Фараби болып аталып кетуі осыған байланысты. Ол- Отырар немесе Отырарлық деген мағынада.Болашақ ұлы данышпанның туған қаласы Отырар- сол кездегі дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Отырарда үлкен медресе, базар, қонақ үй, монша, ғимараттар болған. 1220 жылы монғолдар қаланы қиратады. Халқын қырып тастайды.

ІІІ-топ. Әбу Насыр әл-Фараби математика, астрономия, логика, медицина, музыка, риторика туралы еңбектер жазған. Олар ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылған. Ол барлығы 150-ге жуық еңбек жазған. Ән шығарған, аспаптарда ойнаған.Ұлы ұстаз 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген.

ІV. 2.Тапсырма.

І-топ. Данышпан,шаһар, ұстаз,шежіре,өзені, дүние жүзі, төбелер

Сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Мысалы: Отырар-ұлы данышпанның туған шаһары.

ІІ-топ. Данышпан ,шаһар, ұстаздық отырарлық,шежіре, қаласының, төбелер сөздерін сөз құрамына талдау.

ІІІ-топ.Сөйлем мүшесіне талдау.

Әл-Фараби Отырар қаласында туған. Отырар-сол кездегі дүниежүзіндегі ең ірі қалалардың бірі болған.Әл-Фараби-ұлы ғалым.

3.Тақтада жазбаша орындау:балалар ,мектебім сөздерін фонологиялық талдау.

1.Балалар-жуан буынды сөз.

2.Ба-ла-лар-3 буынға бөлінеді.

3.Буын жігіне сәйкес 2 жағдайда тасымалданады.

4.Қазақ тілінде екпін тұрақты. Соңғы -лар буынындағы -а дыбысына түседі.

5.Сөзде буын үндестігі бар.

6.Сөзде түбір мен қосымшаның арасында дыбыс үндестігі бар.

1.Мектебім-жіңішке буынды сөз.

2.Мек-те-бім болып үш буынға бөлінеді.

3.Бұл сөз екі жағдайда тасымалданады.

4.Екпін соңғы -бім буынындағы -і дауысты дыбысына түседі.

5.Сөзде буын үндестігі бар.

6.Сөзде дыбыс түндестігі бар, себебі түбірге жалғанған қосымшаның алғашқы дыбысы і дауысты дыбысы болғандықтан,

түбірдің соңғы қатаң П дыбысын

ұяң Б дыбысына айналдырып тұр.

4.Батырлықпен сөзіне фонетикалық талдау жасау. 11=-----

4(а. 2ы.е )дауысты д.

1.11 =---------------------------------------

7(б,т,р,л,қ,п,н) дауыссыз д.

3(а. 2ы. ) жуан дауысты д

2.4 =-----------------------------------------

1(е ) жіңішке дауысты д

3(а. е ) ашық дауысты д

3.4 =-----------------------------------------

2(ы) қысаң дауысты д

Еріндік дауысты дыб.жоқ

4.4 =-----------------------------------------

4(а,2ы,е ) езулік дауысты д

3(т,қ,п ) қатаң дауыссыз д.+ 2(р,л )ұяң дауыссыз дыб.

5.7 =-----------------------------------------------------------------------------

2(б,н) үнді дауыссыз д.

ІV. Бекіту.

  • Балалар, мәтін кім туралы?

  • Әл- Фараби қай жылдары өмір сүрген?

  • Ол қандай тілдерді білген?

  • Әл- Фарабидің қанша еңбегі болған?

  • Отырар қаласы қайда орналасқан?

  • Арабтар Отырар қаласын қалай атаған?

Ү.Жауаптарың қанағаттанарлық, рахмет, жақсы.

-Қазақ халқы ежелден сөзге шешен, бай болған халық, мақал-мәтелге ерекше мән берген.Алдарыңдағы мақалды дұрыс құрастырп, кім тез құрап оқып шығады.

/конвертте мақал-мәтелдер/

1.Жаман жолдастан таяғым артық.

2.Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

3.Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

ҮІ.Бағалау.

-Бүгінгі сабағымызда уақыттың қалай өтіп кеткенін де білмей қалдық. ҮІІ-ҮІІІ ғасырда өмір сүрген ғұлама Әл-Фарабидің еңбектері, өмір жол туралы келесі сабақтарымызда тағы жалғастыратын боламыз. Еңбектену адамды биік шыңдарға алып баратыны сөзсіз.

-Жақсы-көңіл-күймен сабағымызды аяқтап, бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді аямайық./оқушылар бір-біріне тілектер жазып ұсынады/

VІІ. Үй тапсырмасын беру.

43-бет, 10 және 11-тапсырмаларды орындау.

Сегодня в древнем городе проводятся работы по сохранению и консервации памятников. Огромную помощь Казахстану в этой работе оказывает ЮНЕСКО. Кроме того, Отрар имеет культовое значение, так как недалеко от него находится мусульманская святыня - мавзолей Арыстан-баба. Сам мавзолей был разрушен в ходе землетрясения в XVIII веке, но по приказу правителя области его восстановили. Потом еще несколько раз мавзолей реставрировался, так что от первоначальной постройки XIV века остались лишь деревянные колонны террас.

Отрар - это не просто древний город. Сам воздух здесь пропитан историей. Археологи до сих пор продолжают вести раскопки, надеясь, что однажды смогут открыть все тайны, сокрытые песками в недрах земли.










Күні:

Сыныбы:

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Әбунасыр әл-Фараби. Отырарлық ғалым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тақырып мазмұнын меңгеру Әл-Фараби өмірімен таныстыру. Сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: Оқушылардың қойылған сұрақтарды түсіну дұрыс жауап беру. Өздігінен ойлап талдай білуге, қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Әл-Фараби өмірінің өнегелік жақтарын көрсете білу. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, информатика, орыс тілі сабақ.

Қолданылатын әдістер: шығармашылық ізденіс, сын тұрғысынан ойлау әдістері, баяндау, сұрақ -жауап, сабақты толық меңгеру үшін дамыта оқыту, ақпараттық, модульдік технологияларды қолдандым.

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Оқу-құралдарын алу

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Егерде біз күнімізді жақсы көніл күймен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күмән болмайды (говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будит хорошим. Давайте дети улыбнемся и начнем урок)

ІІ. Тіл дамыту.

Тіл - сыйлы етер, құтты қылар, өсірер,

Бас көз жарар, қадір - құтты ол өшірер.

Ж. Баласағұн .

(тіл туралы айтылған...)

Мыс: тіл ғылымдары, филология - тілді зерттейтін ғылым саласы.

Ф«Отырарлық ғалым»онетика -

Лексика - нені зерттейді?

Морфология -

Синтаксис -

ІІІ. Үй тапсырмасын тапсырмасын сұрау.

Үй жұмысын тест арқылы тексеру;










Дауысты дыбыстар.

1- нұсқа.

1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) ы В) а С) о Д) у Е) ә

2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.

А) І, Ы,Е, И. В) Е,И,У,О. С) А,О,Ұ,Ы. Д) А,Ғ,Ө,Ұ. Е) О,Ө,Ұ,Ү.

3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.

А) Күшті, үлкен. В) Ащы, қышқыл. С) Семіз, ерен. Д) Тәтті, дәмді. Е) Тұзды, қатты.

4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң Е) үнді, жуан

5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң

6. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) а, ұ,ү В) у, и, і С) у, і, ы Д) а, о, е Е) е, ө, й

7. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Жазғ... . В) Кәр... . С) Бөр...к. Д) М...нез. Е) Д...мді.

8. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.

А) Қиық. В) Береке. С) Сынып. Д) Қиғызу. Е) Кітап.

9. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) сынып, парта В) дәптер, қалам С) мереке, білім Д) қыркүйек, қоңырау Е) кітап, оқушы

10. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгілеңіз.

ІV. Жаңа сабақ. Отырарлық ғалым.

А) Жаңа сөздермен жұмыс.

Б) Кітаппен жұмыс.

  • мәтінді түсініп оқу;

  • мәтін бойынша сұрақ - жауап;

  • мәтіннің мазмұнын айту.

В) Жазбаша жұмыс. 42-бет, 4-тапсырма. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау.

Отырар шаһары Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығына орналасқан. Арабтар Отырар қаласын Фараб деп атаған.

Данышпан,шаһар, ұстаз,шежіре,өзені, дүние жүзі, төбелер.

Г) Мәтіннен жуан буынды, жіңішке буынды сөздерді тауып, екі бағанға жазу.

V. Бекіту.

  • Балалар, мәтін кім туралы?

  • Әл Фараби қай жылдары өмір сүрген?

  • Ол қандай тілдерді білген?

  • Әл Фарабидің қанша еңбегі болған?

  • Отырар қаласы қайда орналасқан?

  • Арабтар Отырар қаласын қалай атаған?

VІ. Үй тапсырмасын беру.

Әбунасыр әл-Фараби. Отырарлық ғалым (мазмұнын айту, сөздерді жаттау).

VІІ. Қорытынды. Не білдік? Не істедік?

VІІІ. Бағалау.


© 2010-2022