• Преподавателю
  • Другое
  • Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы

     Сабақтың мақсаты: Петропавл қаласы туралы білімдерін жетілдіру,Мәтінмен жұмыс жүргізу, өз ойларын қазақ тілінде жеткізе білу.      Сабақтың көрнекілігі: Петропавл қаласының суреттері, мәтін, «Алма ағашы» сұрақ-тапсырмалар.     Сабақтың түрі: ойын-сабақ.      Сабақтың барысы: Жүргізуші мұғалімнің сөзі: Қазақ халқында «Туған жер – алтын бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ей болмас» деген мақалдар бар. Әркімнің туған жері өзіне ыстық, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қаламызда талай...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Петропавл қаласы

Сабақтың мақсаты: Петропавл қаласы туралы білімдерін жетілдіру,

Мәтінмен жұмыс жүргізу, өз ойларын қазақ тілінде жеткізе білу.

Сабақтың көрнекілігі: Петропавл қаласының суреттері, мәтін, «Алма ағашы» сұрақ-тапсырмалар.

Сабақтың түрі: ойын-сабақ.

Сабақтың барысы: Жүргізуші мұғалімнің сөзі: Қазақ халқында «Туған жер - алтын бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ей болмас» деген мақалдар бар. Әркімнің туған жері өзіне ыстық, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қаламызда талай жаңа ғимараттар салынып, ескерткіштер орнатылды. Сондықтан да біз бүгін өзіміздің туған қаламызға тағы бір саяхат жасап, қазақ тілінде білімдерімізді ортаға салайық.. Екі топқа бөлініп, жұмыс жүргіземіз.

1 - тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Петропавл қаласы

Петропавл қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Петропавл қаласының негізі 1752 жылы қаланған.

Біздің қаламыз онша үлкен емес. Біздің қаламызда 170 мыңнан астам адам тұрады. Қалада Погодин атындағы орыс драма театры, қуыршақ театры бар. Басты көшесі - Қазақстан Конституциясы көшесі. Бұл көшеде әдемі ғимараттар, қалалық, облыстық, әкімдік, тарихи-өлкелік мұражай, С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана, Қарасай мен Ағынтай батырлар ескерткіші, Мемлекеттік рәміздерге арналған композиция, орталық әмбебап дүкені, «Қызылжар» қонақ үйі бар. Қаланың демалыс саябағы да осы көшеде. Саябақтың жанында Абай мен Пушкинге арналған ескерткіш орналасқан. «Абылай ханның резиденциясы», Үкілі Ыбырай ескерткіші, Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, колледждер, тағы басқа оқу орындары бар. Жақында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Тәуелсіздік стеласы ашылды. Орталық «Алтын арман» базары Интернационал көшесінде орналасқан. Биыл Пестрое көлінің жағасында «Солтүстік жұлдызы» саябағы жасалып, қалалықтар тынығатын сүйікті орынға арналды.

Жазда қаламыз жап-жасыл. Көшелерінің екі жағында жасыл теректер өсіп тұр. Петропавлдықтар өз қаласын мақтаныш етеді. Маған да өзімнің қалам өте ұнайды, себебі мен осы қалада туып-өстім. Петропавл жылдан жылға көркейіп келеді.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

орналасқан - находится

ғимараттар- здания

әмбебеп - универсальный

саябақ - парк

оқу орындары - учебные заведения

терек - тополь

мақтаныш етеді - гордятся

тынығу - отдыхать

2- тапсырма.

Келесі сөз тіркестерінің баламасын мәтіннен табыңдар және естеріңе сақтаңдар.

І топ: ІІ топ:

Не очень большой Был основан

Имени С.Муканова Краеведческий музей

На улице Интернациональной Мне нравится

Установлен памятник Возле парка

Независимость страны Учебные заведения

На берегу озера Зеленые тополя

3- тапсырма.

Келесі сөздердің орнын тауып, сөйлемді дұрыс құрастырыңдар:

І топ:

1.Орнатылды, Пушкинге, ескерткіш, Абай, мен, қаласында, Петропавл.

2.Тәуелсіздігінің, биыл, тойлаймыз, ел, жылдығын, жиырма.

ІІ топ:

1.Кітапхана, облыстық, атындағы, көшесінде, Қазақстан, орналасқан, С. Мұқанов, Конституциясы.

2.Ұлттар, өмір сүреді, тату-тәтті, барлық, Қазақстанда

4 - тапсырма.

Келесі буындардан сөздер құраңдар:

ел

ұран

кет

ге

ле

тең

таң

міз

Рә

ба

мем

ән

5 - тапсырма.

«Дұрыс» немесе «бұрыс» ойыны.


  1. Петропавл қаласы 1759 жылы қаланды.

  2. Петропавлда Н.Погодин атындағы театр жоқ.

  3. СҚМУ Партизан көшесінде орналасқан.

  4. Петропавл қаласы Есіл өзені бойында тұр.

  5. Петропавл - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.

  6. Біздің қаламызда 1 миллион адам тұрады

  7. Петропавл қаласында 20 мөлтекаудан жоқ.

  8. Өлкелік мұражай Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан.

  9. Қалада мемлекеттік рәміздерге арналған композиция жоқ.

10.Қазақстан Конституциясы көшесінде Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар өтеді.

6 - тапсырма.

Петропавл қаласы туралы не білдіңіздер? Қай топ Петропавл қаласы туралы көп сөйлем құрап жазады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 6-сыныбына арналған Петропавл қаласы сыныптан тыс іс-шарасы.

Әділқазылар алқасы екі топтың ұпайларын есептеп, мақтау қағаздарымен марапаттайды.





© 2010-2022