Мұхтар Шаханов Отырар дастаны

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Карабекова Эльмира №240 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың аты

М.Шаханов «Отырар» дастаны

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.М.Шаханов өмірі, «Отырар» дастаны туралы білу.

2.«Отырар» дастанының оқиға желісін түсіну

3.«Отырар»дастанындағы оқиғаларға,кейіпкерлерге сипаттама беруді үйрену.

Күтілетін нәтиже

1.М.Шаханов өмірін, «Отырар» дастанының мазмұнын білетін болады.

2. «Отырар» дастанының оқиға желісінің басталуын,өрбуін,дамуын,шешімін түсінеді.

3.Дастандағы отқа оранған Отырарға сипаттама беруді,кейіпкерлер Шыңғысхан,Қайырхан,Қария,Қарашоқы

бейнелеріне сипаттама жасап ,мінездеме беруді үйренеді.

Негізгі идеялар

1219 жылы Шыңғысхан Отырар қаласын қоршап алады.Отырар тұрғындарының жағдайы нашарлайды,азық таусылады.Әскер басшысы опасыздық жасап ,қақпаны ашып береді.Жау алты ай бойы берілмеген әйгілі Отырар қаласының орнына төбе-төбе топырақ пен күл үйінділерін қалдырады.Осы тарихи шындықты ақын негізге ала отырып,сыртқы басқыншы жауға қарсы күрескен Отырар халқының ерлік ісін ,оның басшысы Қайырханды мадақтап жырлайды.Сол арқылы Отанына ,еліне опасыздық жасаған сатқынның қай дәуірде де алар сазайын сездіреді.

Тапсырмалар

1.Ой шақыру (Сұрақ-жауап)

2.Топтық жұмыс (Мәтінді талқылайды)

3. Жұптық жұмыс(Аяқталмаған тезис)

4.Жеке жұмыс (Тест)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (шаттық шеңбері)

2.Топқа бөлу (Көне қалалар Түркістан,Сауран,Отырар суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді).

Сабақтың табыс критерийлері

1.«Отырар» дастарнының авторы кім екенін білемін.

2. «Отырар» дастанының идеясын түсіндіре аламын.

3. Дастандағы қалаға,кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне сипаттама жасап,мінездеме бере аламын.

1-қадам.Ой шақыру.(3 минут)

1.М.Шаханов кім?

2.Қандай шығармаларын білеміз?

3 .Ежелгі Отырар қаласы жөнінде кім не біледі?

4 .Отырар неге «Фараб» деп аталған?

5 .Шыңғыс хан қандай қасиетімен әлемге танылды? .

Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады. (2 минут)


2-қадам.Топтық жұмыс (Мәтін талқылайды) (12 минут)

Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды.

Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.

1 топқа - Дастанның мазмұнын талдау.

2 топқа - Кейіпкерлерге мінездеме беру

3 топқа - «Өлеңді ролдерге еніп,сахналау»

Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағаланады.( 4 минут)

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тапсырманың орындалуы


2

Өз міндетін атқаруы


3

Құнды идеяның айтылуы


3-қадам. Жұптық жұмыс (Аяқталмаған тезис) (8 минут)

1.Даңқың қайда төске өрлеген

..................................................

2.Рухы-өр,тәні-бекем

.............................................

3.Қай кезде де айла кескен нарықты

.........................................................

4.Олар сенің жеңгеніңмен тәніңді

................................................

5.Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату

.............................................................

6.Бәркелді ,бұл еңбегің жарады

......................................................

Дайын үлгі жауап арқылы бағаланады (2 минут)

4 - қадам.

Жеке жұмыс.Тест (10 минут)

1.Шағатай қанша әскермен Отырарға келгенін көрсетіңіз

А)60 мың ; Ә)200 мың; Б)2 миллион; В)600 мың.

2.Шағатайдың Шыңғыс ханға қандай туыстығы бар?

А)ханның досы; Ә)ханның інісі; Б)ханның баласы; В)ханның ағасы.

3.Отырар халқы неше ай қорғанды?

А)6 ай; Ә)6 апта; Б)600 күн; В)10ай.

4.Отырарды сол кезде кім биледі?

А)Әбілхайыр; Ә)Ақсақ темір; Б)Абылай; В)Қайыр хан.

5.Шыңғыс ханның әскерлерінің ең сорақысы не еді?

А)жүкті әйелдерді өлтіруі; Ә)еркектерді өлтіруі; Б)қорғанды қиратуы; В)Қаланы өртеуі.

6.Отырардың қақпасын ашып берген кім?

А)Жантық; Ә)Қаражан; Б)Қарашоқы; В)Бауыршық.

7)Қайыр ханға сүйсінген Шыңғыс оған қандай сый ұсынды?

А)тамақ; Ә)алтын; Б)сатқынды жазалау билігін;В)басына еркіндік.

8)Қарашоқының әкесі бір баланы қалай құтқарып жіберді?

А)жер асты жолымен; Ә)шеткі елші қақпасымен; Б)үлкен қақпамен; В)кіші қақпа арқылы.

9)Отырар қаласының ежелгі атауы?

А)Баласағұн; Ә)Баршынкент; Б)Сайрам; В)Фараб.

10)Отырар шайқасы қай жылы болды?

А)1837ж.; Ә)1219ж.; Б)1396 ж.; В) 1404ж.

Оқушылардың жұмыстары бағдаршам арқылы бағаланады (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар

«Есте қалсын мәңгіге Отырардың жанқиярлық ерлігі».эссе

Кейінгі оқу

Дастаннан үзінді жаттау.

Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, тілегім)



© 2010-2022