Ұлтының ұлы тұлғасы

Қазақстан - тәуелсіз ел. Тәуелсіздіктің көк туы көгімізде желбіреп , азаттықтың ақ таңы атқалы 20 жылдың жүзі болды. Өз алдына дербес ел болған Қазақстанның , оның кең байтақ жерінде бейбітшілікте мекен еткен халқымыздың ұлылығын ұлықтай білген , қазақ әдебиеті мен мәдениетінің төрінен орын алар ұлы тұлғалар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі XX ғ қазақ әдебиетінің заңғар биігі, тәрбиелік жағынан мазмұны құнды шығармалары арқылы қазақ халқын дүние жүзіне танытқан ұлы тұлға Мұхтар Омарханұлы Әу...
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлтының ұлы тұлғасы .


«Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы-адамзаттың байлығы»

Н.Назарбаев


Қазақстан - тәуелсіз ел. Тәуелсіздіктің көк туы көгімізде желбіреп , азаттықтың ақ таңы атқалы 20 жылдың жүзі болды. Өз алдына дербес ел болған Қазақстанның , оның кең байтақ жерінде бейбітшілікте мекен еткен халқымыздың ұлылығын ұлықтай білген , қазақ әдебиеті мен мәдениетінің төрінен орын алар ұлы тұлғалар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі XX ғ қазақ әдебиетінің заңғар биігі, тәрбиелік жағынан мазмұны құнды шығармалары арқылы қазақ халқын дүние жүзіне танытқан ұлы тұлға Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Тамаша талант иесі М.Әуезов бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы) тумасы. Ол 1897жылы қарапайым отбасында дүниеге келген.Арқа сүйеп пір тұтқан асқар таудай Әкесі Омархан мен немересінің болашағынан үлкен үміт күткен атасы Әуез көзі ашық, көңілдері нұрлы адамдар болған. Мұхтар атасының қолында өскен .Жастайынан білімге құштар бала Мұхтарды алғашында атасы Әуез мұсылманша сауат аштырып ,хат танытқан.Бос уақытында ел аузында жүрген қиссалар мен аңыздарды,өлең жырларды тыңдатып ұлтының рухани мұрасынан сусын қандыртып өсірген. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінің ықпалымен бала Мұхтар Ұлы Абайдың өлеңдерін алты жасынан бастап -ақ жатқа білген. Себебі, Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен көршілес тұрған . Әуездің өзі де Абай Құнанбаевтың шығармаларына ерекше мән беріп , қызығушылық танытқан. Сол заманның ескіше сауатты, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, еліне қадірлі адам болған.Сондықтан болар атасы Әуездің ықпалымен бала Мұхтардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы ерте жасынан байқалды. Ал қазақ әдебиетке М.Әуезов ең алдымен Абайды танып , оның мол мұрасын біліп келді. Сөзіме дәлел, 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды. Шындығында , жазушының өзіндік шығармашыл тұлға болып қалыптасуына , Абай туындыларының әсері болғаны анық. [2]

Өмірді енді ғана танып білуге құштар болып талпынған бала Мұхтар 11 жасында жанындай жақсы көрген әкесінен айрылғаннан соң Семей қаласындағы ағасы Қасымбектің тәрбиесінде көшеді. 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында білім алады.

Әкенің асыл арманын , үкілеген үмітін ақтау Мұхтардың қолынан келеді.Ол барлық пәндерден үздік оқып,жас кезінен бастап-ақ ғылымға қызығушылық танытады.

«Білім инемен құдық қазғандай»демекші ғылым-білімге құштар студент Мұхтар училищеде өзін тек ізденімпаздылығымен , жинақтылығымен ,тәртіптілігімен, көрікті сымбатымен және терең білімділігімен көзге түседі. Мұны жазушыға аталмыш білім ордасында орыс тілі пәнінен сабақ берген Василий Попов естелігінен аңғаруға болады. «Алдыңға партада отыратын 18 жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі тап-таза ,қою шашы қап-қара, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз,көзінде ақыл тұнып тұр.Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз.»Бұл ұстаздың талантты шәкірті жайлы шынайы ойы. Училищені ойдағыдай аяқтаған соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы оны да бітіреді.Ол ғылым-білімді толық игеріп қана қоймай ,орыстың атақты жазушыларының шығармаларымен , Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жанына жақын қылып , жете танысады. Алпауыт Еуропаның бүкіл әлемдік классикалық көркем дүниелердің барлығын өздігінше тапжылмай оқып , саралап , білгенін зерделеп ой елегінен өткізді; бұларға қоса, эстетика мен әдебиет теориясын, дүние жүзілік әдебиет тарихын да өздігінше зерттеп еркін меңгерді.Содан болар М.Әуезов өздігінше тынымсыз ізденістің , терең ғылыми толғаныстың нәтижесінде шығарма жазуға ден қойды. [1,45б]

Оның алғашқы шығармаларының көлемдісі проза және повесть турінде берілген.Оның шығармаларының тақырыбы да ауқымды. Оның қаламына ілінбеген көкейтесті тақырып жоқ емес шығар сірә! Мысалы, "Қорғансыздың күні " (1921) - жазушының алғашқы жарық көрген әнгімесінде Ғазиза деген басында баспанасы жоқ жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, ақ түтек боранға ұрынып, үсіп өлгені жайлы баяндалған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің оғаш қылықтары әшкереленеді."Қорғансыздың күні" өзінің көркемдік жазылу стилі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Адамның басында қара бұлт үйіріліп тағдыр тауқыметін тарту әңгімеде шебер ашылған. Шығармада болыс Ақан, оның серігі Қалтай, періште қыз Ғазиза, оның қарт әжесінің бейнелері өте шынайы көрінеді.Оның кез-келген шығармаларының астарында өзіндік қолтаңба, көркемдік ерекшелік бар. Ұлы жазушының шығармашылық мұрасын төмендегі кестеде көрсеттім.

М.Әуезов жан-жақты талант иесі.

Әңгімелері.

повестері

романдары

аудармасы

драматургиясы

«Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қыр суреттері», «Кім кінәлі», «Сөніп жану» , "Жуандык", "Ескілік көленкесінде", "Бартыма» т.б

«Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы»,Қилы заман» т.б

«Абай жолы»,

«Өскен өркен» т.б

Н. Гогольдің «Ревизоры», У. Шекспирдің «Отелло» мен «Укрощение строптивой», Н. Погодиннің «Аристократы», К. Треневтің «Любовь Яровая», А. Кронның «Офицер флота»

«Еңлік-Кебек»,»Бәйбіше-тоқал», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қаракөз», «Айман-Шолпан» және т.б

М.Әуезов қайталанбас тума талант иесі. Оның рухани мұраcының тең жартысын - оның қаламынан шыққан ғылыми зерттеулері құрайды. Ол ауыз әдебиетін тынымсыз жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттануғылымы мен мен ұлттық фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде тынымсыз зерттеулер жүргізіп көлемді ғылыми еңбектер жазды . Әсіресе, театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері жазылған мақалалары баспасөз беттерінде жиі-жиі жарияланып тұрды. Ол жалынды жазушы, шебер аудармашы, дарынды драматург болып қана қоймай өзін туған елінің саяси өмірінде де өзіндік қолтаңба қалдырған. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде М. Әуезов жиырмадан астам шет мемлекеттерде болып,өзінің адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдіре отырып, туған елдің патриоты бола білді.

М.Әуезовті туған елі ғана емес , әлем мойындаған талантты тұлға десем артық айтқандық емес . Оның артында қалаған ұланғайыр мол рухани мұрасы әр дәуірдің танымы мен талғамына дөп келіп жатады Оның шығармалары әлемнің барлық тілдеріне аударылды.Сөзіме дәлел ретінде, мына төмендегі деректерді келтірсем:

- Болгар тілінде: Абай. Първа кн., София, 1950;

- Пътят на Абай, София, 1964;

- Мадьяр тілінде: Egy Kolto utja [Ақын жолы], Budapest, 1956;

- Моңғол тілінде: "Абай жолы". Роман-эпопея, 1 т., 1972; 2 т., 1978;

- Вьетнам тілінде: Жас Абай, 1 - 2 т., Ханой, 1965;

- Неміс тілінде: Derqrіmіge Graue [Көксерек], Вerlіn, 1962 - 64 - 65;-

- Der Schuss auf dem Gebіrqspass [Қараш - Қараш оқиғасы], Вerlіn, 1964;

- Abaі. Romaan, І - ІІ b., M., 1953;

-Парсы тілінде: Қараш - Қараш оқиғасы, М., 1966;

-Поляк тілінде: Okrutny szary [Көксерек], Warszawa, 1961;

-Румын тілінде: Abaj. Roman, Bucurestі, 1950;

-Abaj. Roman-epopea, Bucurestі, 1961;

- Cловак тілінде: Abaj, Bratіslava, 1951;

- Abajova cesta, Bratіslava, 1961;

-Француз тілінде: Abaі, Parіs, 1960;

- Le coup de feu, M., 1963;

- Хинди тілінде: Қараш - Қараш оқиғасы, М., 1967;

- Чех тілінде: Abaі. Roman, Praha, 1948;

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Менің аңдауымша, бір кезде орыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне Пушкин әсері қандай болса,бүгінгі орта Азиялық көркем ойдың ,іргелес халықтарымыздың күллі рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов әсері де дәл сондай болды»деген сөзі Мұхтар Әуезовтің ұлылығын асқақтай түсіреді. [3]

Ол өзі өмір сүрген заманның ащы шындығын шынайы түрде жеткізу, ұлы тұлғаны көптеген қиындықтарға әкеп соқтырған болатын.Халқының қамын жеген Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Көп ұзамай маусым айында түрмеден босатылады Қорыта келе, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің қазақ мәдениеті мен әдебиетінде өзіндік орны бар ұлы тұлға болып қалыптасуына табиғи талантының болуы, терең білімімен , тума қабілеті, өмірлік тәжірбиесінің тікелей әсері болған деп топшылаймын. [3 ]

Көлемі шағын мақала арқылы М. Әуезов және оның мол мұрасы жайлы толық жеткізу мүмкін емес. Оның есімі де , есімін әлемге танытқан еңбектері де ұрпақ үшін құнды. Ұлы тұлға есімі ұлт жадында мәңгі қалмақ!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. М.Әуезов шығармалар жинағы.

  2. М.Әуезов «Абай жолы» романы 1,2,3,4 томдары

  3. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс" баспасы, 2009

  4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2005ж

  5. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011ж


© 2010-2022