Орта буынға бейімделу кезеңінде оқушылардың алдында кездесетін кедергілер

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Есет Сұлу Рахиқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Апта 2

Күні 28.09.2015

Сессия 1

Сабақтың тақырыбы

Орта буынға бейімделу кезеңінде оқушылардың алдында кездесетін кедергілер

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық ,интернет материалдары.үлестірмелік материалдар.

Жалпы мақсаттары

Орта буынға өту кезеңінде оқушыларда кездесетін кедергілерді анықтау және оны шешу жолдарын табу .

Оқыту нәтижесі

Мұғалімдер 5-сынып оқушыларының психологиялық жай-күйін түсінетін болады;

Бейімделу процесінде көмек қолын созады;

Негізгі идеялар

Танымдық даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті

Пайдаланылған

әдіс- тәсілдер

тренинг,топтық жұмыстар, бес минутта бес идея,

Қажетті құралдар

Түрлі-түсті қағаз,маркер,А3,плакат,интербелсенді тақта,бейнежазба

Тапсырмалардың түрлері

Уақыты

(90 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Мүғалімдердің іс-әрекеті

1.Психологиялық ахуал орнату

3 мин

Сәлемдеседі,шеңберге тұрғызып ,тренинг ұйымдастырады.

Шеңбер бойына тұрып,бір-біріне қошемет білдіреді.

Топқа бөлу

2 мин

Мозаика әдісі арқылы үш топқа бөледі

Тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді біріктіру арқылы топтарға бөлінеді

2.. Миға шабуыл

15 мин

1. Бастауыш сыныптың түлектері 5-сыныпқа қадам басқанда неге үлгерімі төмендеп кетеді?

2.Кедергілерді жеңу үшін не істеу керек?

3.Оқушымен адаптациялық жұмысты қай кезеңде және қандай жұмыстар жүргіземіз?

Осы сұрақтар төңірегінде әуелі жеке,содан соң жұппен жауап іздейді . 5 минутта 5 идея

әдісімен топтар бір-бірімен пікір алмасады.

3.Бірлескен топтық жұмыс

15 мин

Осы сұрақтар төңірегінде бірлесіп топтық жұмыс орындауға жұмылдыру.

Топпен постер қорғайды.,бірін-бірі саусақ әдісі арқылы бағалайды.

4.Тақырыпты негіздеу

10 мин

Слайд арқылы тақырып төңірегінде әңгіме жүргізу.

Бастауыш буыннан орта буынға ауысқан сәтте мұғалім де, бала да , ата-ана да қиналады. Үшеуі біріне-бірі үйрене алмай, түсінісе алмай жатады.Үлгерім әдеттегідей түсіп кетеді.Ғылыми тілде адаптация деп аталатын қиындығы көп бейімделу күйін 1 және 5-ші сынып оқушылары бастан өткізеді. Қиындыққа тап болған жас баланы қолдамай, проблемаларын шешуді тек өзіне қалдырар болсақ, не ұтамыз?

Оқиды ,түсінеді,түртіп алады

Себептерін(фактор)анықтайды:

1. Бақылаудың әлсіреуі.

2.Мұғалімнің ауысуы.

3. Жұмыс ырғағының ауысуы.

4. Білім алшақтығы.

5. Мұғалімдердің жүктемесіндегі жүйесіздік

6. Кабинеттік жүйе, көшіп-қону

5. Бейнежазба көрсету

10 мин

5-сыныпқа өту кезеңінде оқушымен жұмыста қандай әдістерді пайдаланған жөн?

Бейнежазба арқылы баламен диалогқа түсу арқылынеге қол жеткізуге болатынын байқайды.

6.Жинақтау

15 мин

Ыстық орындық әдісі арқылы үш топтан үш мұғалім шығады,басқалары сұрақтар қояды?

Коучинг барысында не үйрендік? 5-сынып оқушыларын зерттеу жұмысын қалай жүргізуге болады? тб сұрақтар қояды.

7. Кері байланыс

15 мин

Екі жұлдыз ,бір тілек әдісі арқылы кері байланыс жасатады

Бүгінгі коучинг сабақтан не алды?

Екі жағымды пікір ,бір ұсыныстарын стикерлерге жазып,білдіреді.

8.Бағалау

5 мин

Топтық жұмыста жүйелі ой айтқан топ мүшелерін немесе топты қошеметтейді.

Смайликтер арқылы бағалау

























© 2010-2022