Коучинг Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тақырыбы: Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі

Мақсаты: Әлеуметтік өзара әрекет ету, өзара қарым қатынас арқылы проблемаларды

шешу дағдыларын қалыптастыруды меңгерту

Табыс критерийлері: Топтағы бірлескен жұмысты жүзеге асыру

Күтілетін нәтиже: Бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Қатысушыларға психологиялық ахуал туғызу (5мин)

«Суретпен байланысты тілек» тренингін ұйымдастыру.

  1. Шеңбер жасату, амандасу.

  2. Стикерлерге салынған әртүрлі сурет ұсыну

  3. Суретті не үшін таңдағанын білу.

  4. Суретке байланысты тілектер

Қатысушымұғалімдер шеңбер жасап тұрады да бір-бірімен қол алысып амандасады. Үстел үстіндегі стикерлерге салынған әр түрлі суретті таңдайды, ол суретті не үшін таңдағанын айтып береді. Сол суреттерге байланысты бір-біріне тілек айтады.

І тапсырма

(7 мин)

Шағын топқа бөлу. Жеміс таңдату арқылы шағын екі топқа бөлу. (алма және алмұрт жемісі әкелінеді) 1.Шағын топтарға стикер таратылады. Стикерге өздерінің көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеу тапсырылады. 2.Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру. 3.Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.

Жемісті таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

Топтың әрбір мүшесі өз көңіл-күйін смайлик арқылы бенелейді.Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.

ІІ тапсырма

(5 мин)

Тараз қаласындағы ЖОО, колледждерді жазып шығу 1.Жеке орындау. 2.Шағын топта орындау. 3.Жұмысымен таныстыру.

Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына Тараз қаласындағы ЖОО, колледждердің атын әрбір топ мүшесі жеке, кейін топта талқылап, бірлесе жазып шығады. Бірлесе орындаған жұмыстарымен таныстырады.

ІІІ тапсырма

(15 мин)

Топтық жұмыс бойынша нұсқаулықтан әр топқа мәтін бөліктерінен тапсырма беру.

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет? Топтарда қалай жұмыс істеуге болады? сұрақтарына жауапты бірлесе отырып флипчартта орындап, қорғайды

ІV тапсырма (12 мин)

(1,2 саналып орындарын ауыстыру): 1.Топтық жұмыс Егер мектептен газет шығатын болса, ол қандай болуы керек? Газет атын қалай қояр едіңіздер? Әр топқа өз ойын флипчартқа жазу немесе постер арқылы бейнелеу тапсырылады. 2.Қорғау 3.Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою. Жұмыстарын өзара бағалау. Сергіту сәтін өткізу. Проигрыватель Windows Media «Макарено»

Әр топ «Мектеп газеті» туралы өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды.Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды. Жұмыстарын «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды.

Интерактивті тақтадан көрсетілген «Макарено» биіне билейді.

V.тапсырма

(8 мин)

Рөлдік ойын.«Мұғалім, оқушы және ата-ана» тақырыбында сценарий құрастыру және рөлге түсу. Ынтымақтастықта жұмыс істеу. Жауапкершілікті сезіну.

Берілген тақырып бойынша сценарий құрастырып, рөлге түседі.

VІ. Қорытындылау (5 мин)

«Қаздар сабағы» бейнежазбасы көрсетіледі.

Бейнежазба бойынша өз ойларын айтады

VІІ. Ақпарлама.

(5 мин)

Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.

VІІІ. Рефлексия

(3 мин)

1.Бастапқыда өз көңіл күйлерін бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады. Саусақ арқылы білдіру

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады.

«жоғары» «орта» «төмен» белгісімен түсінген, түсінбеген, белгілерін көрсету.



























© 2010-2022