Қысқа мерзімді жоспар Нәтиже сабақ. Менің досым (6 сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаралды:

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 6(а,б,в)-с., қазақ тілі

Пән мұғалімі: №24 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Күні: 27/10.15

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ «Менің досым»

Мақсаты

Сын есімнің түрлерін қайталау арқылы,өткенді қорытындылап,бекіту.

Күтілетін нәтижелер

Жаңа тақырып бойынша сөздерді меңгереді

Сын есімнің түрлерін біледі

Сөйлем құрауда қолдана алады.

Керекті жабдықтар

Бағдаршам, интербелсенді тақта, смайликтер, қапшықтағы фасоль. Деңгейлік тапсырмаларға арналған қима қағаздар (қызыл, сары, жасыл парақшалар), флипчарт, фломастерлер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту. Бағалау стратегиялары: бағдаршам, смайликтер арқылы, түсініктеме беру арқылы.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе (15мин)




1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

(оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру)

2. Сыныптың көңіл күйін,қалдерін, жексенбі күнді қалай өткізгендерін сұрау.

3. Психологиялық сәт.

Сабақтағы жақсы көңіл күй.. «Мен саған,сен маған»әдісі бойынша мәтін мазмұнын тексереді Әр оқушы көршісінің қалай айтқанын айтып шығады.

5. Бағалау

Мұғаліммен амандасады.

Кезекші сыныптың сабаққа дайындығын баяндап, сабаққа қатыспай отырған оқушыларды атап шығады.

Тілек айту:

Алақанды ашайық

Жылулықты шашайық

Тілек тілеп достарғы

Біз сабақты бастайық

Тұсаукесер

(5мин.)

Ой қозғау мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады.

- Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?күз айлары ?Күзде күн қандай болады?Күзден кейін күн қандай жыл мезгілі ?

Сабақтың тақырыбы хабарланып, оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып алады. Сабақтың мақсаты айтылады.
Тақырыпты жалғастыру үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз.

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.


:

.

Негізгі бөлім

(20мин)

Табыс критерииі:

1.Дос қандай болатынын білемін.

2Сын есімнің түрлерін ажыратамын.

3.Тақырып бойынша жаңа сөздерді білемін

4. Өз достары туралы айта аламын.


  1. Өткенді қайталау үшін сұрақтар қойылады.

«Бағдаршам»әдісі арқылы өз-өзін бағалайды.

Бағалау. Бағдаршам стратегиясы.


Оқулықпен жұмыс.4-тапсырма

Оқулықпен жұмыс.(ауызша)

Жұппен жұмыс.

«Коктейль таяқшасы»әдісі бойынша әр топқа тапсырма беріледі.
Шығармашылық жұмыс. Өз досы туралы айту

Постер қорғау:

1-топ:Адамның жақсы қасиеттерін

2-топ:Адамның жаман қасиеттері туралы топтастыру жазып,сын есім түрлерін ажыратады.


әңгіме құрау

Оқушылармен бірлесе отырып,табыс критерииін жазамыз.

.


1.Жазылым:


  1. Сөйлемді толықтыр. Оның ... ертегі айтып береді.

А) әжең В) әжесі С) әжем Д) әжеңіз Е) әже

2. Құрамында тәуелдік жалғаулы сөз бар сөйлемді тап.

А) Мен тамақ пісіруге көмектесемін.

В) Ол ертең қонаққа барады.

С) Әлібек сабақтан соң кітапханаға барды.

Д) Әр аптада үш рет кітапханаға барамын.

Е) Мен жексенбіде әжеме қонаққа барамын.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қой. Әлібек... достары көп.

А) -ның В) -дың С) -нің Д) -тың Е) -тің

4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. ... электронды поштасына хат жаздым.

А) досымның

В) жалғаудың

С) зат есімнің

Д) буынның

Е) үйдің

Қорытынды

(5мин.)

1) Бекіту сұрақтары: «Ыстық орындық»әдісі бойынша әр топтан бір оқушы шығады.

2) Рефлексия.

1. Бүгінгі сабақта маған____________________

_______________ қызықты болды.

2.Маған________________________________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________

(рефлексия парақтарына түсіреді)

3) Бағалау: Оқушылардың бағасын атап, мүмкіндігімше себебін түсіндіріп шығамын. Ерекше белсенділік танытқан оқушыларды атап өтемін. Мадақтаймын.

4)Үйге тапсырма: ережені қайталау

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтарға жауап береді.


Кезекші әр оқушыға рефлексия парақтарын таратып шығады. Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін жинақтап, өздерін іштей бағалап, толтырып шығады.


Оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасын түсіріп алады.


© 2010-2022