Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп жауап талап етемін.Тақтаға сөйлемдер жазып фонетикалық талдау жүргіземін.

К - дауыссыз,қатаң

ү - дауысты,жіңішке,қысаң,еріндік

н - дауыссыз,үнді

д - дауыссыз,ұяң

і - дауысты,жіңішке,қысаң,езулік

з - дауыссыз,ұяң

Күн - діз көр - ін - е - тін жұл - дыз қа - лай а - та - ла - ды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан,сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингормонизм ) деп атаймыз ).

Үндестік заңынасай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғайжуан,не бірыңғай жіңішке болады.Мысалы : ата,ана,бақыт,ьаға,сана,намыс,егіз,өріс,төсек,кереге,кілем т.б.

Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді.

  1. басқа тілдерден енген сөздерде : кітап,кино,қазір,зағип,математика

  2. біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді : шекара,баспасөз,аман-есен,алай-түлей,асты-үсті.

Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы бкынының жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады : соңғы буын,жуан болса- жуан қосымша,жіңішке болса,жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы : өнер-лі,жет-ер

Жаттығумен жұмыс : 311 - жаттығу.Кірме сөздерге қосымшалардың жалғауындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар.

Білімді бекіту : 1.Үндестік заңы дегеніміз не ? 2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

3. Буын үндестігі дегеніміз не?

Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 312 - жаттығу.Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар.

© 2010-2022