Ленинградтық өренім Ж. Жабаев

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім өлеңі Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан- жақты білім беру үшін ақынның туған халқына оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білуді оқушылардың өзіне жұмыс істете, іздендіре отырып меңгерту. Сабақтың түрі: Сыни ойлау сабағы Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,өлеңді сатылай

кешенді талдау,хронологиялық кесте,мәнерлеп оқу,бес жолды өлең.

Деректер: АКТ,бағалау парақтары,стикерлер,үлестірмелі

қағаздар, маркерлер, видеофильм.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: а)Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. ә)Өткен сабақты естеріне түсіру. Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабаққа бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Қызығушылықты ояту. Балалар, экранға назар аударайық. «Бұл кісінің жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен. Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек. (С.Сейфуллин қай ақын туралы айтып тұр) Балалар, мен сендерге үйге шығармашылық жұмыс ретінде Ж. Жабаев туралы өз беттеріңмен оқып, ізденіп мәліметтер, деректер жинап әкелуге тапсырғанмын. Сол бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырмалары бойынша дайындалып әкелгендерін ортаға салады. Биыл Ж. Жабаевқа неше жыл толып отыр 170 жыл толып отыр. І-топ: «Өмір-өзен» ІІ-топ: «Жамбыл-ақын» ІІІ-топ: «Жамбыл-айтыскер» ІV-топ: «Жамбыл-жыршы» Жамбылдың өмір сүрген жылдарында қандай тарихи оқиғалар орын алды деп ойлайсыңдар. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс болды. 1917 жылы Ақпан, Қазан төңкерісі болды. 1931-1933 жылдары елімізде ашаршылық болды. 1937-1938 жылдары жаппай жазалау болды. 1941-1945 жылдары қандай кезең болды? 1)Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардан кімдерді білесіңдер? 2)Ұлы Отан соғысына арнап Жамбыл Жабаев қандай өлең шығарды? 1941 жылы Ж.Жабаев «Ленинградтық өренім» өлеңін шығарды. ІІ.Жаңа сабақ. Бүгінгі жаңа сабағымызда «Ленинградтық өренім» өлеңіне тоқталамыз. Экранға назар аударайық. (видеофильм көрсету) Жамбыл - екі дәуірдің куәсі болған ақын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Ленинград қорғаушыларына арнап «Ленинградтық өренім» өлеңін жазды. Бұл өлең - 1941 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жау қоршауында қалған кезде шығарылған өлең. Жамбыл бұл өлеңінде Ленинградтықтардың қаһармандығын көрсетіп, ауыр қиындықтарды бастан өткізген өрендерді жыр етеді. Қала халқының әрі жау шабуылына, әрі азық-түлік тапшылығына ұшырап тұрған кезінде Жамбылдың бұл өлеңі Ленинградты қорғаушыларға зор қуат береді. Соғыстың қиын кезеңінде Отанға деген ыстық сезімнен туған бұл өлеңнің идеялық маңызы өте зор болды. Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін өте ауыр күндер туды. «Ленинградтық өренім» атты өлеңнің аудармасы радио арқылы қала тұғындарына естіртілді, көшелерге, үйлердің қабырғасына, плакаттарға жазылып ілінді. Тарковский 1941 жылдың қыркүйегінде Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өренім» атты өлеңін орыс тіліне аударды. ІІІ.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп 2 оқушы оқиды. Бұл өлеңде не туралы жазылған? Сөздік пен жұмыс. Өрен - жасөспірім ұрпақ, жеткіншек. Көмкерген - жиектеген. Айбын - қаһарлы, сұсты, зәрлі. Жау - дұшпан, шапқыншы. Шер - қайғы, қасірет, уайым. ІV.Топтық жұмыс. І-топ: «Ленинградтық өренім» өлеңіне сатылай кешенді талдау. 1. Авторы: Ж.Жабаев 2. Тақырыбы: халықтар достығы, Отанды қорғау, Отанды сүю. 3. Жанр түрі: поэзия (өлең) Идеясы: Ленинград қаласы тұрғындарының қаһармандық ерлігін жырлау. 2 шумақ, 34 тармақ, 1 бунақ аәәабаб - шұбыртпалы ұйқас. ІІ-топ: Әдеби теориялық ұғымдар. Эпитет - заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету (көк, сүйкімді). Теңеу - құбылысты басқа нәрселермен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі (бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай) Метафора - ұқсастығына қарай бір сөзді екіншімен ауыстыру (заманымның өрнегі) ІІІ-топ: Хронологиялық кесте.

Р/с

Жылдар

Оқиғалар

1

1846

Жамбыл дүниеге келді.

2

1916

Жамбыл көтеріліске қатысады.

«Зілді бұйрық», «Патша әмірі таралды»

3

1917

Қазан төңкерісінің куәгері болады.

«Менің әкеме», «Шабданға», «Шалтабайға», «Қалнге»

4

1919

Жетісу ақындарының слетіне қатысты.

5

1934

І Республикалық слетіне қатысты.

6

1936

Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді.

« Мәскеу»

7

1938

Ромен Роллан мен М. Шолохов 75 жылдығымен құттықтады.

8

1945

Қайтыс болды.

ІV-топ: Бес жолды өлең. 1.Зат есім Жамбыл 2.Сын есім (2) айтыскер ақын, поэзия алыбы 3.Етістік айтысқан, өлең жазған 4.Синоним атақты, мәшһүр, әйгілі. 5.Сөйлем Жамбыл-ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы.

Қортыныдылау: Шеңбер жасап тұрып бүгінгі сабақты қорытындылау.

Шығармашылығы екі ғасырды қамтып жатқан ұлы жырау туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның бас себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»,- деп сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге тапсырма: Бағалау:

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Өлеңнің шығу тарихы

Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс

Қорытынды

Баға


Бағалау шкаласы: 12-15 ұпай «5», 9-12 ұпай «4», 8-6 ұпай «3», 4-2 ұпай «2»

Рефлексия (кері байланыс)

© 2010-2022