• Преподавателю
  • Другое
  • Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі

Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психикасының дамуы тежелген балалардың психологиялық- педагогикалық мінездемесі


Багимбекова Айнұр Уахитқызы

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

Шәкен Айманов атындағы

жалпы орта білім беру мектеп - интернатның

логопеді

Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден -бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағынын» көре білді,белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа кіреді- психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзулылар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.

Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы мүмкін. Интеллектуалды жетіспеушіліктің туа біткен жеңіл түрлері де болады, осыңдай түрдегі балалар мен ересек адамдардың конституционалды ақымақтар деп атайды.Маңызды вариабелдікке қарамастан, ПДТ- сы бар балалар осы күйді олигофрениядан, педагогикалық салақтықтан шектеп қалуға мүмкіндік беретін көршілес белгілермен сипатталады. ПДТ- сы бар балаларда жеке анализаторлардың бұзылуы, сонымен қатар кемақылдылығы болмайды, соған қарамастан полиморфты-клиникалық симптоматика- тәртібінің жетілмеген қиын түрін, тура бағытталған қызметінің тез жүдеу түрінде іскерлігінің бұзылуының болуынын жалпы мектепте тұрақты үлгере алмайды.ПДТ-сы бар балалар білім алу іскерлігінің қиын дамуымен қатар энцефалопатикалық ауру белгілері ОНЖ- нің органикалық құңсыздығының айғақтайтың өте белсенділік, импульсивтік, Сонымен қатар мазасыздану, агрессивтік мінез - құлық байқалуы мүмкін. Олардың ойлау қызметін бағалау үшін психикалық әдістерқолданылады, дербес интелектуалды каэффициент IQ 100- ге тең, IQ шама, орта статистикалық мөлшерге тен. ПДТ кезінде интелектуалды каэффицент 70-80 ал, дербес кезінде 50-70- ке тең.

ПДТ- сы бар балалар барлық негізгі көрсеткіштер бойынша мектепте оқуға дайын болмай шығады (белгілі дәрежедегі қалыптасуы: қоршаған өмір жайлы білімі мен түсінігі, ойлау әрекеті; әрекеті мен әдеті; сөзінің дамуы, сәйкес ықылас пен себептің білім алу белсенділігін білдіруі; мінезді жөндеу) Баланың дайынсыздығына байланысты қиындықтар, олардың орталық нерв жүйесінің қызметі жағдайының әлсізденіп қиындауынан жеңіл еліктеушілікке, тез жалығушылыққа, төменгі іскерлікке әкеледі.

2. Интелектуалды, сезімдік (эмоционалдық) - жігерлі сфераның және баланың жеке басының даму қарқыңының бұзылуы тұтас алғанда қоршаған ортаның түрліше жағымсыз факторларының әсер етуіне байланысты, әсіресе өмірдің ерте кезеңінен ПДТ- ның негізінде көбіне өз бетінше әрекеттенудің қиын түрінің дамымағаны жатыр.

Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ- ң себептері болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атапкөрсетілген.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым қатынастың жеткіліксіздігі (мысалға, емшектегі балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық)- мұндай жағдайларда бакла толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала -алмайды. Баланың психикалық қызметінің дамуы жас ерекшелігіне байланысты кезеңдерде болады. Егер ол осы уақытта қажетті хабарларды, мәліметтерді алмаса, оның дамуы бәсендейді.

Баланың әдеттегідей дамуына үлкен маңыздылық пен тәрбие жағдайы керек. Мәдениеттілігі төмен от басында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интелектуалды қарым - қатынасы жағынан жиі қалып отырады. Педагогикалық салақтық та өзінің белгілі рөлін атқарады. ПДТ пайда болу себептерін зерттеу кезінде ОНЖ-нің органикалық зақымдануын бастан кешкеннен кейін, себепші болған қалдық құбылыстың ең ауыр түрі белгілі болған, ал функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі байқалады. Сол және бір ғана этиологиялық фактор зақымдалу уақытынан байланысты генотиптік фонның есебімен бір ғана жағдайда тек жетілу қарқынының бұзылуына әкелуі мүмкін, басқаша жағдайда ПДТ-ң қиындалған түрін береді немесе олигофренияға әкеледі.

3.Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық дамуында тежелуі (ПДТ) бар балалардың көбеюіне әкеліпотыр.
Олардың осы жағдайға шалдығуы сабақ үлгерімінің төмендеуіне, тәртіп бұзуға себеп болады. Қай мектепте де ондай балалар аз емес. Жалпы дамуында тежелуі бар балаларға тән нәрселер: тез шаршау, қоршаған орта жайлы түсінігінің аз болуы, сөз қорының таяздығы, ойын және іс- әрекетінің қалыптасу қиындығы, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігін, сөздік- логикалық операцияларының қалыптасу қиындығы тән болады. Балалар арасында ПДТ-ның әр түрі кездеседі. В.В.Лебединскийдің сараптауы бойынша ПДТ 4 түрге бөлінеді:
1. Психикалық даму тежелуінің конституционалды түрі.
2. Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі.
3. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі.
4. Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі.
Психикалық дамуының тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттамалар тән: баланың дамуында эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл- күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы байқалады. Көбінесе бұл түр төменгі сыныптарда кездеседі, оқу үлгерімінде қиындық көреді.
Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі -бұл түрлі ұзақ уақытта әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары, балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және түлғалық қарым- қатынаста шектеулі болып келеді. Науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жетеді.
Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі- тәрбиелік жағдайдың қолайсыздығына байланысты. Баланың ұзақ уақыт қолайсыз ортада тәрбиеленуі, олардың жүйке психикалық жүйесін тұрақты өзгеріске әкеліп соқтырады. Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-зомбылықпен, отбасының ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы түсінігі төмен болады. Қоршаған орта туралы бейхабар болады. Аталған үш түрдегі ПДТ балаларды жалпы мектепте жеке бағдарламамен түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады.
Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі - шығу тегі жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты. Көптеген жағдайда баладағы орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі денсаулығына байланысты (жұқпалы аурулар және бүйрек,жүрек аурулары басқа да созылмалы аурулары...).Жүктілік кезіндегі көңіл-күйі,уайым-қайғыға салынуы да нәрестенің іште дамуына әсер етеді. Мұндай балалардың барлығында зейін мен есте сақтау процестері дамымаған. Бұл балаларға невропатолог дәрігерінің көмегі қажет. Олар арнайы мектептерде оқытылуы тиіс. Мектеп жоқ жағдайларда жалпы мектептердегі түзеу-дамыту сыныптарында оқытылады. ПДТ балаларды ерте анықтап, дер кезінде медициналық,
психологиялық-педагогикалық көмек берілсе, бала өз қатарын қуып жетеді. Ал кеш анықталып, аталған көмектер дер кезінде берілмеген жағдайларда, олардың көпшілігінің мүмкіншілігі шектеліп, артта қалған оқушылар қатарын көбейтеді.
Негізінен мектептерде ПДТ балаларды анықтау және түзеу жұмыстары мектеп психологының міндеті. Түзеу жұмыстарын жүргізу үшін психолог ПДТ-дің түрлерін ескеруі тиіс және оның қаншалықты ауыр түрі екендігін, баланың жеке даралық типологиялық ерекшелігін сақтау керек.
Психикалық дамуының тежелуі бар оқушыларды оқытатын мұғалімдер төменгі қағидаларды ескеру керек:
1.Тапсырманың баланың даму денгейіне сай болуы;
2.Баланы жеке тұлға ретінде қарап, оның жетістіктерін көріп, мадақтап отыру;
3.Сынып жетекшісімен ата- ана тығыз байланыста болу;
4.Түзеу мекемелерінен көмек алуына ықпал жасау( КППК, Оңалту орталығы);
Ал ПДТ балалардың ата-аналары келесі кеңестерді ескруі тиіс:
1.Дамуында тежелуі бар балалардың ақыл-ойы дұрыс,тежелу уақытша болатын жағдай.
2.Бала жеке тұлға, қоғамның бір мүшесі, ол өз деңгейінде білім алуға құқылы.
3. Дамуында тежелуі бар балаға үнемі көңіл бөлу.
4. Баланың дамуында, денсаулығында, көңіл күйінде, қарым-қатынасында өзгеріс байқасаңыз дер кезінде мамандардан (дәрігер, психолог, педагог)кеңес алу.
5.Тежелуі бар балаға ұдайы көмек көрсету және балаға мүмкіндігінен тыс күш түсірмеу.
6.Баланың жетістіктерін дер кезінде бағалап, мадақтау.
Қоғамымызда балалардың білімді де білікті болуы үшін, олардың ерекшеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог маман, дәрігерлер барлығы бірдей ат салысуы тиіс. Сонда ғана ПДТ балалалар дер кезінде түзеліп, қатарға қосылады.

4. ПДТ-і бар балалармен оқу-түзету жұмыстары кең және әртүрлі болып табылады.Оқыту - түзету және түзету - тәрбиелеу жұмыстарының принцптері:

- жалпы білім беру циклы сабақтарында, сондай- ақ арнайы оқыту кезінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізу;

- түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни профилактикасы, мысалы, ақыл -ой мен тәжірибелік іскерлікті алмастыру, қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды қолдану, көрнекіліктің түрліше тәсілдерін т.б;

- баланың білім алу іскерлігін барынша белсендететін, олардың сөзін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыңы қалыптастыру әдістерін қолдану;

-дайындық (оқу бағдарламаның сол немесе басқа бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған өмір жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;

- оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігі түрі кезінде үздіксіз түзетуіне көңіл аудару;

- баламен жұмыс кезінде ерекше педагогикалық ырғақ көрсету;

Арнайы мектептерде оқуға және жазуға үйрету арнайы түзету жұмысымен өткізіледі, былайша айтқанда сауаттылыққа үйрету дайындығы әр кезеңмен орындалады. Бірінші кезеңде тәсілмен шығарады, бірақ та бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін керекті талдау мен жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді; екінші кезеңде- сөздегі дыбыстың оның орнын белгілей білуді өндіреді, дыбыстардың бір ізділігі және сөздегі орналасу тәртібін анықтау.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.
Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете - дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
Шаршап кетпеуін қадағалау.
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.
Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі міндеттер:
1. дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту жолдары: дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;
2. Балалардың ой - өрісін дамыту;
3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;
4. Баланың әлеуметтік - адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;
5. Баланы жан - жақты бақылау;
6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру
7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
8. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - түзету процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:
- Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;
♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;
♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;
♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата - ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар Қарағанды,2011

  2. Өмірбекова Қ.Қ. Терминологиялық сөздігі Алматы, 2005

  3. Нұрмағанбетова Ұ, Тебенова Қ.С, Омарова Н.Н «Дефектология»

  4. Рымханова А.Р Тебенова Қ.С Арнайы психология негіздері 2012 Қарағанды

© 2010-2022