СШ Манашы Абай Кунанбаев Ғылым таппай мақтанба

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СШ Манашы Абай Кунанбаев Ғылым таппай мақтанбаСШ Манашы Абай Кунанбаев Ғылым таппай мақтанба « Күйкен орта мектебі» ММ



Тақырыбы: А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Дайындаған: Ғ. Абдыкулова

Сынып: 9 «Б»





2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстыру

Дамытушылық: Өлең арқылы оқушылардың дүниетанымына және ізгілікті іске бейімділігін дамытуына қозғау салу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу, адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: А. Құнанбаевтың портреті, тақырыпқа арналған кесте, слаидтар, кітап көрмесі

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау

Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»

Сұрақ-жауап:

  1. Ы. Алтынсарин қашан, қайда туған?

  2. 1850 ж Балғожа би Ыбырайды қай жердегі, қандай мектепке оқуға берді ?

  3. Ыбырай тілмаштықпен қай жылдары айналысты?

  4. 1864 ж алғаш мектеп қай жерде ашылды?

  5. 1879 ж Ыбырайдың қандай еңбегі жарық көрді?

  6. Тұңғыш қолөнер мектебі қашан, қайда ашылды?

  7. 1887ж Ыбырай армандаған қандай мектеп ашылды?

  8. Не себепті Ыбырайды балалар әдебиетінің атасы дейміз?

  9. Ыбырайдың табиғатты сипаттаған өлеңдерін ата.

  10. Ыбырай әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы қандай?

  11. Ыбырай кімдердің шығармаларын аударды?

Жаңа сабақ

Топтастыру

  1. А. Құнанбаев өмірі жайлы мәлімет

  2. Абай өлеңдері

  3. Абайдың қара сөздері

  4. Абай аудармашы

  5. Абай сазгер

Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, парасатты, әңгімешіл әжесі - Зере.
Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне, осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.
Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60 - жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Лев Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков - Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой - пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай көркем аудармасы арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды Абай Құнанбаевтың өлеңдері түгел дерлік -лирикадан құралады, табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі - сыртқы қылық қасиеттерін жасауға мінез - бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. 1886-1890 жылдар «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» өлеңдерін жазған.
Абайдың ешкімге ұқсамайтын мораль, өсиет, толғау тәрізді көркем туындылары - қара сөздер. Абайдың қара сөздері 1890 - 1898 жылдар арасында жазылған. Жалпы саны 45 , оның әрқайсысы өз алдына жеке шығарма. Абай қара сөздеріндегі негізгі ортақ тақырып адам бойындағы адамгершілік, адамзаттық, тазалық, ақтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады.
Абай жастардың білімді, дарынды, талапты болуын аңсады.1885 жылы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп оқу

ІІ Өлең құрылысына талдау

Авторы А. Құнанбаев

Тақырыбы «Ғылым таппай мақтанба»

Идеясы Жастарды оқу-білімге үгіттеу

Шумақ

Тармақ 77 тармақ

Бунақ 2 бунақ

Буын 7-8 буынды

Ұйқас аралас ұйқас

ІІІ Вен диаграммасы ғылым-білім туралы өлеңдерін салыстыру











Абай Ыбырай



ІV Өздік жұмыс . «Бес жолды өлең» стратегиясы

зат есім ғибрат

сын есім терең, өнегелі

етістік оқу, үйрену

сөйлем Абайдың ғибрат сөздері көп

синоним үлгі, өнеге

V Адами қасиеттер

Абайдың пікірі

Менің пікірім

Талап

Еңбек

Терең ой

Қанағат

рақым

VІ Қорытынды «Ыстық орындық» бір оқушы ортаға шығып орындыққа отырады, басқа оқушылар сұрақ қояды.

1.А. Құнанбаев қашан, қайда туған?

2. Абайдың шын аты кім?

3. Абайдың мақсаты не?

4. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін ата.

5. Қарасөздерінің саны қанша?

6. Абай «Дүниеге көзімді ашқан ...» деп кімді атады?

7. Абай кімдердің шығармаларын аударған?

8. Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?

9. Абай шығыс әдебиетінен кімдерді үлгі тұтқан?

10. Абай поэмаларын ата.

11. Шет елде Абай аты берілген қандай орындар бар?

12. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қайда басылып шықты?

13. «Абай жолы» роман-эпопеясын кім жазған?

14. Абай күйлерін ата.

15. Ән өлеңдері қанша?

16. Абай қанша өлең жазған?

Бағалау.

Үй жұмысы

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің қалаған шумақтарын жаттау

Эссе жазу «Адами қасиеттер»

© 2010-2022