Конкурс Сөйлей білу өнер

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сөйлей білу өнер»

Мақсаты: Оқушылар және ұстаздар арасындағы тығыз байланысты дәнекерлеу

Сыныптас тыс сайсымызды бастаймыз

Қош келдіңіздер құрметті оқушылар,ұстаздар.

Ұстаз деген-асыл жан,

Білім нұры шашылған.

Шәкірттері гүл жайнап

Бұлақ көзі ашылған дей келе бүгінгі «Сөйлей білу өнер» атты ұстаздар сайысын ашуға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің сөзге шешен,тілге жүйрік ұстаздарымызды екі топқа бөліп сайыстырмақ ойымыз бар.Ендеше құрметті ұстаздар екі топқа яғни,Тұлпар және Сұңқар топтарына жайғасыңыздар.

Бүгінгі ұстаздарымыздың өнерін бағалайтын әд»л қазыларымызбен таныс болыныздар мектебіміздін директоры Герасимов Егор Тәрбие-ісінің менгерушісі Алтай Арайлым Оқу-ісінің меңгерушісі Аленова Альбина және ахатов Руслан Тарих пәнінің мұғалімі Бегис Жарқын Бастауыш сынып мұғалімдері Досанова Асемгуль және Морозова Елена.

Ендігі кезекте сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар

І.Бөлім

Таныстыру(әр топ өз таныстыруын дайындап топ мүшелерін таныстырады

ІІ.Бөлім

Мақал сөздің-мәйегі

ІІІ.Бөлім

Ұлылар ұлағаты

ІV.Бөлім

Ән-көңілдің ажары

V.Бөлім

Тапқыр болсаң,шешіп көр

VІ.Бөлім

Сөйлей білу өнер.

Әр бөлімде қазылар алқасы сайыскерлердің тіл байлығына,сөйлеу мәнеріне,ой-пікірінің анық,айшықтылығына,сөйлеу шеберлігіне байланысты бағалайды.

Бірінші бөлім »Таныстыру»

Ең бірінші Тұлпар тобына сөз берейік. Ендігі кезекті Сұңқар тобына берейік.

Қазақ әдебиетінің классигі Ғ.Мүсірепов Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке тиіп,жүйкені босатады.Адам мәдениетің алғы шарты дұрыс сөйлеу білу.Түсіне білгенге сөйлей білу өнер.Тілін білмеген түбін білмейді деген екен.

Ендеше дұрыс сөйлеп,шешен толғай білейік.

Келесі бөлім Мақал сөздің мәйегі.Бұл бөлімде ұстаздарымыз айтылған мақалды толықтырып,мағынасын түсіндіруі керек.Берілетін уақыт

Үшінші бөлім Ұлылар ұлағаты.

Бұл сайысымызда екі топ мүшелері ұлы адамдардың тіл туралы айтқан сөздерін толықтырып,басқа да ұлы ақын-жазушылардың тіл немесе туған жер туралы айтқан сөздерін айтуы қажет.

Ал енді соңғы сайысымызға кезек берейік.Соңғы сайысымыз Сөйлей білу-өнер.Бұл сайыста екі топтың қаламгерлері ойтолғау жазады.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларымызға сөз береміз.

Сайыстың қорытындысын ертеңгі салтанатты жиынымызда жариялаймыз.



© 2010-2022