• Преподавателю
  • Другое
  • Открытый урок по казахскому языку Дастархан басында сақаталатын дәстүрлер мен ырым-тыйымдар (8 класс)

Открытый урок по казахскому языку Дастархан басында сақаталатын дәстүрлер мен ырым-тыйымдар (8 класс)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімі: Альмишева Ляззат Шайзаевна

Сабақтың тақырыбы: Дастархан басында сақталатын дәстүрлер мен ырым-тыймдар

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: жаңа тақырып туралы жан-жақты мәлімет беру, меңгеру;

ә) тәрбиелік: дастархан басындаңы әдепті сақтау, өзін-өзі ұстау білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу

б) дамытушылық: сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқу, ойлау, жазу, сөйлеу, оқушылардың ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, карточкалар, слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, мәнерлеп оқу, суретпен жұмыс, интерактив әдісі, жеке оқушымен жұмыс.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интербелсенді тақта, компьютер.

Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке, топтық.

Жаңа технологияны қолдану: сын тұрғысынан ойлау мен жазу стратегиялары

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Разделить на группы.

Повторить правило работы в группе:

1. Говорить по очереди не перебивая друг друга.
2. Внимательно слушать.
3. Любые идеи, мысли имеют ценность.
4. Уважать различные мнения.
5. Помогать и просить о помощи.
6. Говорить вежливо и спокойно.
7. Быть тактичным.
8. Работать дружно, в команде.

ІІ. Сабақтың мақсатын айту.

  • бүгін сабақта: үй жұмысын тексереміз;

  • дастархан басында сақталатын дәстүрлермен ырым-тыймдар туралы әңгімелейміз;

  • жаңа сөздермен танысамыз;

  • мәтінді оқимыз, аударамыз.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру: "Қазақтың дастарханы" атты тақырыпқа хабарлама жазып келу. Стратегия: «Визуальные изображения. Работа с фотографиями. Использование фото»

1. Ученики могут выбрать фото (например, наиболее понравившееся или фото), к которому им необходимо придумать название.
2. Попросите учеников задать вопросы к фотографии и записать их вокруг изображения.
3. Или же ученики могут выдвигать идеи, основанные на изображении, записывая вокруг него мысли, идеи и слова, которые приходят им в голову, когда они впервые видят изображение.
4. Ученики могут сделать фотографии цифровой камерой и включить их в коллажи, презентации и т.п.

Самоценивание: ученики оценивают себя по заданной таблице

Г.Р. Сөздікпен жұмыс: /словарная работа: жаңа сөздермен сөз тіркестер және сөйлемдер құрастыру

дәм-пища, еда
тартымды-привлекательный
қонақтар-гости
мәзірі-меню
төр-почетное место в комнате
бата жасау-произнести пожелание (после угощения)
ас қайыру-благодарить за угощение
сыйлы адам-уважаемый человек

Жаңа сабақты өту.

Г.Р. Мәтінмен жұмыс: Стратегия: «Своя игра» /работа с флипчартом/

Қазақ дастарқаны

І топ: мәтінді түсініп оқу, аудару

Қазақ халқы үшін дәмнен, дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ. Дастарқан әрқашанда бай әрі тартымды болған. Оның ертеден келе жатқан бай тарихы, қонақ күтуде қалыптасқан тамаша дәстүрлері бар. Ежелгі дәстүрлер бойынша ас ішер алдында және ас ішіліп болғаннан кейін қонақтардың қолдарына су құйылады.

ІІ топ: мәтінді түсініп оқу, аудару

Дастарқанға ең бірінші болып нан қойылады. Дастарқан қазақ халқының дәм-тұз, ас деген киелі ұғымға балайтын барлық тағамдардың мәзірін қамтиды. Дастарқан кімнің құрметіне жасалса, төрде, яғни дастарқан басында сол адам отырады. Бата жасау, ас қайыру сияқты жораларды сол сыйлы адамнан күтеді. Дастарқан киелі болғандықтан, халқымызда арнайы дастарқан басындағы ырым-тыйымдар, салт-дәстүрлер бар.

ІІІ-топ. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

  1. Қазақ халқы үшін мдастарқан қандай рөл атқарған?

  2. Дастарқанда қандай тағамдар болады?

  3. Дастарқанға ең бірініші қандай тағам әкелінеді?

  4. Дастарқан төрінде кімдер отырады?

  5. Дастарқан басындағы сыйлы адамнан не күтеді?

Взаимооценивание: ученики оценивают работу групп

Г.Р. Совместное обучение: Талантливые и одаренные.
Разноуровневые задания. Г.Р. Стратегия: "Коллаж". /работа с постером/

1. Каждой группе дается соответствующее слово, идея, которую они должны представить, используя ряд предоставленных материалов. такие материалы могут включать журналы, газеты, приклеивающиеся журналы, цветной картон и бумагу, маркеры, ножницы, клей и фломастеры.
2. Назначенный ведущий из каждой группы может затем представить свою работу остальному классу, объяснив, почему они выбрали определенные вырезки из журналов и слова в своей работе.
І группа: составить коллаж: "Қазақтың ұлттық тағамдары"
ІІ группа: составить коллаж: "Ас-адамның арқауы"
ІІІ группа: составить коллаж: "Жемістер мен көкөкністер". /Дәрумендер/

Взаимооценивание: ученики оценивают работу групп

Танымдық сәт: "Оқыңыз, қызық!" Познавательная минутка: /"А знаешь ли ты?"/

Уже древние греки вытирали руки и губы во время еды специальными

салфетками. Их делали из огнеупорного материала асбеста. После кушания салфетки не стирали, а бросали на несколько минут в огонь. После этого ими опять можно было пользоваться. Салфетки гостям раздавал сам хозяин.

Танымдық сәт: "Оқыңыз, қызық!"Познавательная минутка: /"А знаешь ли ты?"/

Орташа есеппен алғанда, адам өз ғұмырында 6-7 жыл тамақ ішеді екен. Өмірінің 1 жыл 195 күні ас дайындауға кетсе, шамамен 40 тонна ас ішеді екен.

Танымдық сәт: "Оқыңыз, қызық!" Познавательная минутка: /"А знаешь ли ты?"/

Орта ғасырларда князьдардың үйлерінде дастрақан жасаудың бірегей әдісі кең таралған. Салтанатты түскі тамақ кезіңде қызметшілер залға атқа мініп келіп, қонақтарға табақтар мен құмыраларды тура ат үстінде отырып берген де, қалдықтарды итке тастаған. Қолдың майын жануарлардың терісіне сүрту керек болған.

Табу. Тыйым-запрет. Қазақ халқының ырым-тыйымдары.

  • Табу сөз (бұрмалау) - қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз.

  • Табу - индонезия тіліндегі «тыйым салу» деген мағынадағы сөзден шыққан. Бұл ұғым қазақ салт-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келіннің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы.

  • Табу сөздердің көпшілігі әр түрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.

У казахов с древнейших времен существует такое понятие как табу (запрет). Как и у других народов, и у казахов существовали запреты, порой основанные на суевериях. Например: обнимают колени те, кому больше некого обнять; свистеть в доме - высвистывать благополучие; наступать на порог, а также дарить близким людям нож или собаку-к вражде и т.д. Были запреты и этического характера. Считалось верхом невоспитанности пересекать доргу старшему. Табу накладывали на какие-нибудь предметы, зверей, птиц, имена людей, детали окружающей природы, космической планеты. Существует запрет убивать некоторых птиц: лебедей, орлов, кошек. Нельзя, если это ни к чему-топтать и рвать цветы, растения. У Европейцев цветы дарить-прекрасно, но в казахской психологии - цветы прекрасны там, где они растут.

Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі-тыйым, яғни тыйым сөздер. Бұл-балалар мен жастарға, "Жирен жаман әдеттен" дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау-жалғыз қалудың, үлкеннің жолың кесу-әдепсіздіктің, қолды төбеге қою-жұрттан безінудің белгісі деп таныған қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.

Табу. Запреты.

Айды қолмен сілтеп көрсетпе.

Айды қолмен сілтеп көрсетпе. Себебі ай, күн, жұлдыз, жай халыққа сырлы

дүние болып көрінген. Сондықтан киелі нәрсені саусақпен шұқып

көрсетуге болмайды.

  • Дастарқанды, тамақты, ыдысты аттама.

  • Нанды шашпа, жерге тастама, нанды баспа, нанды рәсуа етпе, бір қолыңмен үзбе, үстіне басқа зат қойма.

  • Тамақ үстінен аттамайды.

  • Таңертеңгі асты тастама.

  • Суды сыпырма, суға дәретке отырма, суға түкірме, суды қарызға сұрама.

  • Дәмді табақтың ортасынан алма. Өз алдынан алып же.

  • Асты үрлеме, ішкен асынды жамандама.

  • Қол жумай, асты ішпейді.

  • Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді.

  • Көшеде, түрегеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді.

  • Түнде тамақтың бетін жауып қояды.

  • Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды.

Жұлдыз санама.

Бұл ұғым планетаға байланысты. Отқа су құйма, түкірме, күлді баспа. Кезінде ата-бабаларымыз отқа да табынған. От - өмір, тіршіліктің көзі саналған. Жас түскен келінді отқа шақыру, отқа май құю, от - ана, отта қасиет бар деген ұғымнан алынған.

Шамды үрлеп сөндірме.

Себебі, майшам - от, от - киелі жанып тұрған шам бақыт деп саналған. Оны үрлеп сөндіру өз бақытынды өзің өшіргенмен бірдей.

Күн шыққан соң ұйықтама. Күн батарда ұйықтама. Ауру адамның өзі

күн батарда басын көтеріп отырады. Күн - ұлы, киелі планета, оған батарда жол беру керек ұғымды білдіреді.

Күн шыққан соң ұйықтама.

Күн шыққан соң ұйықтама. Күн батарда ұйықтама. Ауру адамның өзі күн батарда басын көтеріп отырады. Күн - ұлы, киелі планета, оған батарда жол беру керек ұғымды білдіреді.

Босағаға сүйенбе, керме.

Босағаға сүйенбе, керме - деп те ескертеді. Бұл босаға, шаңырақ - киелі дүниелер. Қыз жағы отау көтеріп беретін жағдайда, ұл жағы тек босаға, шаңырақ апарады. Халық арасында: «Шаңырағын шайқалмасың, босағаң берік болсын!» - дейтін жақсы бата, тілек бар. Бұл киелі босағанықұрметтеу болса, екінші жағынан, басына күн туып, қайғы-зарға ұшырған адам босағаға сүйене зарлайды. Сол үшін босағаға сүйенуді халық жаман ырымға жориды. Босаға қашанда ашық, еркін тұруға тиіс.

Жақты таянуға болмайды.

Не істерін білмей, мұңға батып, зар илеп отырған адам екі жағын таянады.

Аяқ киімді бас жаққа қоюға болмайды. Дұшпаның бастан асады.

Кірдің суын аяқтың астына төкпе. Жаманшылықтың бәрі кірдің суымен кетеді.

Жаңа туған айды қолыңды шошайтып көрсетпе. Ай қасиетті. Оны көрген кезде:

Ай көрдім, аман көрдім,

Ат басындай алтын көрдім.

Жаңа айда жарылқа,

Ескі айда есірке. Әумин!-деп бата бер.

Ер адамадар бір-бірінің бас киімін ауыстырып кимейді. Ол бассыз адамның ісі.

Отқа түкіруге және отты сумен өшіруге болмайды. Жанып тұрған жақсылықты, бақытты сөндіресің.

Алыс жолға, сапарға жүрер кезде үлкен кісіден бата алған дұрыс. Әрқашанда жолың болады.

Елді жөнсіз қарғама. Сөзі өзіңе тиеді.

Көкті жұлма! «Көкті жұлған адам көгермейді»-дейді атам қазақ.

Сәрсенбі күні жолға шыққан адамның жолы болады. Қазақ халқы сәрсенбіні сәтті күн деп атаған.

Аққуды атпа.

Құстардың ұясын бұзба,

Жұмыртқасын жарма.

Үйге кіріп кеткен

жыланды

өлтіруге болмайды,

Басына ақ құйып

шығарады.

Сабақты бекіту:

Самооценивание: Таблица ЗХНИД:

З

Что я уже знаю об этом?

Х

Что я хочу узнать?

Н

Где я могу найти больше информации?

И

Что я должен (а) изучить?


Д

Что нужно делать дальше?



Үй жұмысы: Ас мәзірін" құрастыру, жаңа сөздерді жаттап келу

Бағалау:

© 2010-2022