Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау сабағы

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың өтілетін мерзімі:04.12.15

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау.

Сабақтьщ мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сан есімнің емлесі жайлы толық мэлімет беру.
э) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл

мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дид. материалдар, кестелер.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  1. Кезекші мэлімдемесі.

  2. Журнал бойынша түгелдеу.

  3. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеру.

  1. Дәптерлерін алмастыру.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабакты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есімнің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

  1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жиырма бесінші, т.б.

  1. Цифрмен таңбаланатын дара жэне күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар
    дефис арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды.

  2. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жүрнағының
    орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. Мысалы: 5-
    сынып, III том, 8 наурыз, т.б.

  3. Екі, алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жүрнағы
    жалғанғанда, түбірдің соңындағы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: екі-екеу,
    алты-алтау, жеті-жетеу.

  4. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар
    дефис арқылы жазылады. Мысалы: 100-деген, 1000-дап, т,б,

Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу, 40-50 үй, т.б.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан, сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де, бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы,

  1. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де,
    дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-оннан, 10-15-тен, 20-20-дан, т.б.

126 - жаттығу.

Өлең жолдарын оқып, септеліп тұрған са есімдерді мағыналық жағынан ажыратып, олардың қай септікте тұрғанын айтыңдар.

127 - жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп, сан есімнің емлесін есте сақтаңдар.

130 - жаттығу.

Берілген есептік сан есімдерді реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.

131 - жаттығу.

Дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңдар.

132 - жаттығу.

Мәтінді оқып шығып, үзіндінің қай ертегіден алынғанын айтыңдар. Сан есімнің сұрағына көңіл аударыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  2. Үйге тапсырма: 133,134 -жаттығу



© 2010-2022