Нәтиже сабақ 8-сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Майрагуль Алтынбековна Айтпаева

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Шемонаиха ауданы

Сугатовка жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені

Жаз модулі

Нәтиже сабақ

(7 сынып)

1.Сабақтың мақсаты:оқушылардың алған білімдерін толықтыру;ойлау қабілеттерін арттыру,тіл байлықтарын дамыту;ұқыптылыққа,табиғатты сүюге,тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,қайталау,сұрақ-жауап әдісі,өз беттерімен жұмыс істеу.

2.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау

Күннің ұраны: Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада

Бойымызды жинақтап,

Отырайық партаға!

Сабақтың ұраны: Қазақ тілі-дана тілі,асыл тіл

Қазақ тілі-баба тілі,ғасыр тіл

Халықтардың қуанышын сен жырлап,

Елдігімнің дәрежесін асыр,тіл!

-Иә,балалар, ақын атамыздың осы бір тіл туралы әдемі өлең жолдарын есімізде сақтай жүрейік.

2.Ой шақыру. а)Біріккен сөздер деген не? Мысал келтіріңдер.

ә)Тұйық етістік деген не? Мысал келтір,жасалу жолын айтыңдар.

3.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс. (Балаларды білім деңгейлеріне қарап,бөліп отырғызамын)

Жоғары деңгей тапсырмасы:52 бет, 2 тапсырма Сын есімдерді қатыстырып,сөйлемдерді жазыңдар.

Орта деңгей тапсырмасы:54 бет,4 тапсырма Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар. (керекті сөздер:түрлі,көзін,шипалы,асқазан,мөлдір)

Төменгі деңгей тапсырмасы:Сұраққа жауап беріңдер.-Оқушылар қайда сеуенге шықты?

-Мұқан мен Кәкімжан не көрді?

-Бұлақтың суы қандай болып шықты?

4. «Жаз» тақырыбына диалог.

-Жаз ненің жалғасы?

-Жаз айларын ата.

-Жазда ауа райы қандай болады?

-Жаз мезгілі саған ұнай ма?

-Жазда не істедің?

-Жазда қайда бардың?

Сергіту сәті

5.Синквейн құрастыру.

(Төменгі деңгей дайын, бірақ « адасқан» сөздермен құрастырады)

Зат есім+етістік

Сын есім+зат есім+етістік

Зат есім+есімдік+етістік

Үстеу+зат есім+етістік

6.Тест сұрақтарына жауап беріңдер.57-58 беттер

1)Жаз деген не?

А)қыстың жалғасы

В)күздің басы

С)көктемнің жалғасы

Д)қыстың ортасы

2)Туынды сын есімді сөздерді табыңдар.

А)жазғы саяхат

В)биік тау

С)таза ауа

Д)жақсы демалыс

3)Жазғы демалысты қайда өткіземіз?

А)мектепте

В)сыныпта

С)атам мен әжемде

Д)партада

4)Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда саяхатқа ... .

А)түсеміз

В)көреміз

С)шомыламыз

Д)шығамыз

5)Берілген сөйлемдерді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда өзенге ... .

А)түсеміз

В)көреміз

С)шомыламыз

Д)шығамыз

6) «Аухау-аухау» деп қай малды шақырамыз?

А)қойды

В)сиырды

С)түйені

Д)ешкіні

7)Жаз мезгіліне қатысы жоқ сөзді табыңдар.

А)жайлау

В)гүл

С)боран

Д)ыстық

8)Күшейткіш үстеуді табыңдар.

А)ыстық

В)ыстықтау

С)тым ыстық

Д)ыстығырақ

9)Қайсысы төрт түлік малға жатпайды?

А)піл

В)қой

С)түйе

Д)сиыр

10)Жазда болатын табиғат өзгерісін табыңдар.

А)қар жауып,боран болады

В)қар еріп,күн жылиды

С)жапырақтар сарғайып,күн суиды

Д)айнала гүлдеп,күн ысиды

7.Қорытындылау.

-Біз бүгін сабақта не туралы айттық?

-Жаз саған ұнай ма,несімен ұнайды?

8.Білімін бағалау парағы арқылы баға қою.

9.Үйге тапсырма: Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдер тауып, жазып келу.

10.Рефлексия. «Мәуе ағашы» -Өзіңді осы мәуе ағашының қай жерінен көресің?



© 2010-2022