Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының тақырыбы, мазмұны (Бірінші дәрістік сабақ).

Сабақтың білімдік мақсаты: «Қыз Жібек» (тарихи) жырының тақырыптық, мазмұндық құрылымын меңгерту, тарихилығы туралы танымдық жұмыстар жүргізу.

Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық ауыз әдебиеті мұраларына деген құрмет пен сүйіспеншілік көзқарасты дамыту, бағалай білуге баулу.

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқытуСабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Лирикалық туындыларға ұлттық тұрғыда талдау жүргізе білуге қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, жыр жинақтары, хронологиялық кестелер, слаидтар, кино-фильмнен алынған мұрағаттық деректер.

Түрі: Танымдық-деректік, дәріс.

Әдісі: Дәріс беру, талдау, зерттеу.

  1. Слаид құрылымдары арқылы жыр мазмұны дәріс түрінде меңгертіледі.

  2. Слаидтар арқылы жыр мазмұнын іштей оқып меңгеру жұмысы жүргізіледі.


Қысқаша жыр мазмұны слаид арқылы жіберіледі:

1-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту



2-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту





3-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту




4-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту





5-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту




6-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту




7-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту




8-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту




9-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту




10-слаид

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқытуСабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту


  • Слаид арқылы жыр мазмұны меңгертілгеннен кейін үнтаспадан жыр мақамы тыңдатылады;

  • Жыр, жыршы туралы, жырды тудырушылар мен дамытушылар туралы ұғым қалыптастырылады:

Бекіту жұмыстары жыр ерекшелігі туралы түсінік жұмыстары арқылы жүргізіліп, жыр құрылымы, сюжеттік желісіне эвристикалық тұрғыдан іздену үй тапсырмасы ретінде міндеттеледі, жырды зертеушілердің еңбектерінен жаңа материалдар жинастыру тапсырылады.

6-сабақтың үлгі-нұсқасы.

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» қиссасының құрылымдық ерекшелігі. (Екінші дәрістік сабақ).

Сабақтың білімдік мақсаты: «Қыз Жібек» (тарихи) жырының, мазмұндық құрылымын, құрылыс және оқиғалық дамуын меңгерту.

Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық ауыз әдебиеті мұраларына деген құрмет пен сүйіспеншілік көзқарасты дамыта түсу.

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқытуСабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Жыр, қисса, дастан құрылысы мен сюжеттік дамуына өз беттерінше талдау жүргіздіруге қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, ауыз әдебиет үлгілері, халықтық салт-дәстүр, жыр жинақтары, тірек кестелері, интерактивтік тақта.

Түрі: Танымдық-деректік, дәріс.

Әдісі: Дәріс беру, талдау, зерттеу.

(Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру пән мұғалімдерінің жоспарлауына сай жүргізіледі. Ұсынба: Үнтаспа арқылы сұрау, бәсең түрде сұрау, тірек тапсырмалар, перфокарталық белгілер арқылы сұрау т.б.)


  1. Жыр сюжеті меңгертіледі.

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту

Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқытуСабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту






Сабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқытуСабақ жоспары Қыз Жібек жырын оқыту




II. ЖЫРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІН МЕҢГЕРТУ САТЫЛАРЫ.


  1. Жыр оқиғасы үш түрлі әдіс арқылы жүреді: хикаялау, сипаттау, сөйлету.

  • Сипаттау - көш картинасы, Жібектің сұлулығы, оның отауға барғандағы келбеті, сандалкөктің шабысы.

  • Оқиға сөйлету арқылы дамып, кейіпкерлердің ішкі ойы, сезім дүниесі, арман-тілегі өз сөздерімен монолог, диалог ретінде берілген /Жібектің түсі, Төлегеннің алты қазбен қоштасуы, Жібектің жоқтауы/.

  1. Халық поэзиясының әр алуан үлгілері қолданылған:

- естірту;

- жоқтау;

- қоштасу;

- жалбарыну;

- айтыс.

3. Сөз қолданысындағы көркемдік: әсірелеу, көріктеу, кейіптеулер, теңеу т.б.

4. Жыр оқиғасы кейіпкерлер тартысына құрылған.

5. Жеке тұлғаларға портрет шебер берілген.

6. Жырда шендестіру, дамыту, эллипсис қатар қолданылған.

(Дамыту /градация/- көштегі қыздардың сұлулығын бір-бірінен асыра көрсету.

Шендестіру /антитеза/- Жібектің суреттемесі:

Жібектің ақтығы,

Наурыздың ақша қарындай.

Ақ бетінің қызылы,

Ақ тауықтың қанындай).

  1. Жырда халық дәстүрі қыз көру, құда түсу, қыз ойнақ, қалың төлеу, әмеңгерлік сақталған.

III. Әдебиет теориясы бойынша жұмыстандыру.

ЭЛЛИПСИС /грек./ - cөйлем құрастыруда айтылуға тиісті кейбір сөздерді тастап жазу.

Мысалы: Асылдай болып есіліп,

Нұрдай болып шешіліп...

...Көшті тартып барады,

Жібекті тапқан шешесі.

IY. Бекіту жұмыстары:

  • оқиға желісін даму жүйесіне қарай баяндау әдістері арқылы жүргізіледі;

  • әр бөлім бойынша немесе ұлттық дәстүрлер тұрғысынан ой толғам, сыни көзқарастар оқушылар тарапынан айтылады.

(Үй тапсырмасы оқытушы қалауы, дайындығына қарай беріледі)


© 2010-2022