Внеклассный урок на тему Грамматикалық ойындар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама

Тақырыбы: Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалдарды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулер керісінше. Кейде үлгере алмайтын оқушылар да кездеседі. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау, және еркін шығармашылықққа жетелейтін осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі-грамматикалық ойынның түрлері. Дамыта оқытудың жүйесінде грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы өте зор. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін, әсіресе тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.

Фонетика саласы бойынша

«Кім жылдам?» ойыны

1.А әрпінен болатын қалалардың аттарын жазыңдар.

Мысалы: Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау...

(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінін сұрау. )

2.Тек қана а, е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.

Мысалы:Шағала, Тамара, тамаша...

(ы)ыдыс, Ыдырыс, ыстық...

(і) ілгіш, ірімшік, тіршілік...

(е) береке, текемет, ертең...

3.Қайжағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.

Мысалы: Азиза, нан, қырық, қазақ ...

«Кім көп тауып айтады?» ойыны.

1.Басы да аяғы да қ немесе к дыбысынан келетін 5 әріптен аспайтын сөздер тауып айтыңдар.

Мысалы: қазақ, қонақ... керек, күрек...

2.Оңға оқыса да, солға оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.

Мысалы:Нарық-қыран, кал-лақ, есек-кесе,...

«Дыбысын таңдау» ойыны.

1.Ойынның шарты: Құралбайдың құраған сөйлемдері мынадай: Қойдан қалып қойған қара қозыны Қосай қораға қамап қойды. (ал сен осындай сөйлем жаза аласың ба?)

2.Бастапқы дыбыстарды біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазыңдар.

Мысалы: Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді. (ерін)

(Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасату.)

«Сөзтізбе» ойыны

Шартты әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.

Мсыалы: Көйлек-кеме-есен-наурыз-зымыран-...

(Бұл ойында кімде-кім белгілі бір уақыт ішінде (5 мин.) 20 сөз жазып шықса сол жеңімпаз болып саналады.)

«Адасқан әріптер» ойыны.

Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасау.

1 .р,о, б. 4.қ, ы, а, з, қ.

2.а, ш, а, ғ. 5.а, л, а, д.

3.т, р, е, м, е. 6.і, м, б, л, і.

«Әліпби тәртібі» ойыны

Кластағы оқушылардың есімдерін әліпби тәртібімен жазып шығу.

«Әріптерді қосып оқыңдар» ойыны.

Төмендегі дауысты дыбыстарды ретіне қарай оқыса, жұмбақ шығады. Ол қандай жұмбақ? Шешуі не?

С, н, м, з, қ, н, ш, а, ы, ы, а, а,

Б, л, м, й, м, з, і, е, і,

Т, н, м, н, к, з, ү, і, е, ө,

Л, м, й, м, з, і, е, і,

«Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны.

Бастаушы төмендегідей жаңылдырғыш сұрақтар жазылған плакатты тақтаға іледі де:

-Кім жаңылмай оқып береді екен?-деп ойынға қатысушыға қарайды. Жаңылмай жауап беруге бекінген бала: -Жаңылдырсаң да жаңылмаймын - деп тақта алдына шығады да жауап береді.

Жаңылдырғыш сұрақтар.

1.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?

2.Сөз құрамында дыбыс көп пе, буын көп пе?

3.Шалға қарағанда балада не көп?

4.Қай буында дыбыс көп болады?

5.Ант пен қант, оқ пен тоқ, ұрт пен мұрт, ерт пен серт деген сөздерде 2 ұқсастық және 2 айырмашылық бар екен. Соны тауып дәлелдеші.

Лексика саласы бойынша

«Жалғасын тап» ойыны.

Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сурет ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі?

(көп айтқан оқушы жеңімпаз болады.)

«Кім тапқыр» ойыны.

Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар.

1.Үйдің...- ... қыс түскенде білерсің,

Кімнің...-...іс түскенде білерсің.

2.Ашу-..., ақыл-...

3.Ақылдан жақын... жоқ,

Ашудан жаман... жоқ.

4. ... аттың жалы жоқ,

... жалымен теңелер.

... адамның малы жоқ ,

... малымен теңелер.

(Оқушыларға антоним сөздердің мақал-мәтелдердегі орны туралы айттырамын.)

«Жылдам жауап» ойыны.

Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі жылдам-жылдам жауап берулері керек.

Әзіл аралас сұрақтар.

1.Қар жана ма?

2.Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай?

3.Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?

4.Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді.

Сонда қалай?

5.Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

6.Сиырдың сүті қай жерінде?

7.Адамның қай жеріне нан піседі?

8.Қандай бала сүйкімді?

9.Қандай кілт аспанда болады?

10.Тауық түс көре ме екен?

«Сыңарын тап» ойыны.

Сызбада берілген сөздердің сыңарлары бойынша біріккен сөздерді табыңдар. Қай сөз қай сөздің сыңары?

Біріккен сөздің мағынасын түсіндір.

Тас

Ақ

Ит

мұрын

бақа

төбе

Грамматикалық ойындар оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, тапқырлыққа, жылдамдыққа, байқағыштыққа баулиды. Ойлау қабілетін арттырып, дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қабілетін шыңдайды.


© 2010-2022