Мақала Денсаулық сақтаудың құпиялары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Нургайша Лухмановна

Мамандығы: қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмыс орны: №82 ЖББОМ

Мекен жайы: 110200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы,

Қарағанды қаласы, М.Мамыраев көшесі 4 үй, 49 пәтер

Телефон номері - 8 (7212) 307789,

Жұмыс орны телефон номері - 8 (7212) 240120

ұялы телефон номері - 87009651490


Денсаулық сақтаудың құпиялары


«Денсаулық - бірінші байлық» деп дана халқымыз босқа айтпаған. «Денсаулық деген не?» сұрағына ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бойынша, денсаулық - жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының құндылығы. Байқап отырсаңыз, жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпын ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.

Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты тармағында», ....азаматтарымыздың өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қажет етеді десек қателеспейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-50% өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынынна тәуелді, 17-20% қоршаған орта ерекшеліктеріне, 20% адамның тұқымына, 10% денсаулық сақтау саласына байланысты екен. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да өнеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының зиян заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттерді (шылым шегу, ішімдік) пайдалану, нашақорлықтың көп таралуы.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Иә, әр кісінің денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды[1].

«Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясаты әлемнің дамыған 30елінің қатарына ену жолындағы ғаламдық қадам болып табылады. Жолдауда денсаулық сақтауды дамыту бағдарламалары жалғасын табатынын атап көрсетілді. Осыған орай Денсаулық сақтау Министрлігі, барлық денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары әрі қарай бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін құру, әрбір қазақстандықтың денсаулығын сақтау, нығайту және қалпына келтіру бағытында ауқымды міндеттерді орындай береді[2].

Адамдардың тұқымдық қоры бойынша өмір сүрудің ұзақтығы 120-140 жасқа дейін. Қазіргі кезде тек 5 ұлттардың өкілі 120-140 жасқа дейін өмір сүреді. Олар Шығыстың, Тибеттің және Батыс Қытайдың адамдары болып келеді[3]. Бұрынғы Кеңес Одағының грузин, армян, абхаз, әзірбайжан ұлттарының адамдары 120-140 жасқа дейін өмір сүреді, өйткені көбінесе ұлттық тағамдарының бірі - қышқыл сүттің қолданылуы. Оның әсері адамның денсаулығына көп пайда әкелетіні сөзсіз. 12 қарашаның 2012 жылдың мемлекеттік статистиканың көрсеткіші бойынша Қазақстанда тұратын адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы мынадай: ер адамдардыкі 70 жас, әйелдердікі 74 жасқа дейін[4].

Әрбір халықтың ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдары бар. Сондықтан да «ұлттық тағам - ұлы байлық» деп бекер айтылмаған. Қазақстандық көрнекті ғалым, академик Төрегелді Шарманов көп жылдар бойы ұлттық тағамдардың адам ағзасына әсерін зерттеп келеді. Ғалымның зерттеуі бойынша ұлттық тағамдар - айран, қымыз, қатық, құрт, ет, шұбат, жент, ірімшік және т.б. қуаты мол әрі нәрлі[4].

Салауатты өмір сүруге және бұл дүниеде бақытты болу үшін не істеу керек? деген сұрақтарға әр сауатты адам өз жауабын әрқашанда табуға тырысады. Егер сіз де 100-140 жасқа дейін өмір сүргіңіз келсе, мынадай өте маңызды себептерге назар аударғаныңыз дұрыс болар:

Біріншіден, денсаулыққа қауіпті болатын істерден, заттардан алыстап жүргеніңіз дұрыс. Жыл сайын мыңдаған адамдардың сондай ақылға сыймайтын себепсіз, адам өміріне қауіп әкелетін іс-әрекеттер үшін өмірлері қиылып жатады.

Екіншіден, сіз тек денсаулыққа пайда әкелетін істермен айналысуыңыз қажет. Күн сайын адамның тамағына 90 тамақ қосылымдар: 59 минералдардың түрі, 16 түрлі дәрумендер, 12 амин қышқылдары мен құрамында протеин бар ақуыз, 3 басты майлы қышқылдар қажет. Бұл қосылымдардың бірі де адам тама,ында жетіспегені болса, онда адамның неше түрлі ауруларға шалдыққаны байқалады. Мысалы, кальцийдің жетіспеуінен 147 шамасындағы ауруға әкеп соқтыруы мүмкін (қан қысымы, бүйрек, бауыр және сүйек ауруына; шаштың, тырнақтың, тістің түсуіне.т.б.)[5].

Қашанда адам баласы денсаулықты сақтап, оны күшейтудің, ұзақ ғұмыр кешудің, салауаттылықтың сырын іздеген. Адамзат баласы әр кез оның саналуан қыр-сырын тапты да. Десек те, тән саулығы мен жан тазалығына жеткізетін денсаулықтың ең маңызды он құпиясымен танысайық. Олар мынадай:

Денсаулықтың бірінші құпиясы - денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.

Денсаулықтың екінші құпиясы - біздің тыныс алуымызда болып табылады.

Денсаулықтың үшінші құпиясы - шынығу әрекеттері күш әкеледі.

Денсаулықтың төртінші құпиясы - дұрыс тамақтану.

Денсаулықтың бесінші құпиясы - күлкі. Күлкі - бұл мәңгілік емші.

Денсаулықтың алтыншы құпиясы - демалу.

Денсаулықтың жетінші құпиясы - тұлғаны түзу ұстай білу.

Денсаулықтың сегізінші құпиясы - таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы - сенім.

Денсаулықтың оныншы құпиясы - сүйіспеншілік[4].

Қазіргі заманда адамдар өз денсаулығын сақтаудың алдын алу жолдарын әр түрлі ақпараттық құралдар арқылы мәліметтермен танысуға мүмкіндіктері бар және өзіне ұнаған бағдарлама бойынша денсаулыққа пайдалы іс-әрекеттермен қолданса өз денсаулығын нығайтуға мүмкіншілігі болатыны сөзсіз.

Денсаулықты сақтау үшін күнделікті жасалатын әрекеттер:

  1. Денсаулықты сақтау үшін адамның ойы, ниеті әрқашан да таза болу керек. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.

  2. Күнделікті 1 стақандай таза, қайнамаған сумен ауыз ашу. Осылайша адам өз ағзасының ішкі құрылысын тамақ қабылдауына дайындайды.

  3. Күнделікті 15-20 минуттай таңғы жаттығу жасаған дұрыс.

  4. Жеке бас гигиенасын сақтау. Қолды сабынмен жиі жуып тұрған дұрыс және тамақ ішу алдында міндетті түрде қол жуу қажет.

  5. Дұрыс және уақытылы тамақтану (ас мәзіріне жеміс-жидектерді, көкөністерді көбірек енгізген дұрыс). Тым майлы тамақтан сақ болу керек.

  6. Күні бойы жұмыс үстінде, үйде, жай жүріп отырғанда да өз арқаңды дұрыс ұстауға ұмытпаған жөн. Қисайған омыртқа көп аурулардың басы болып келеді.

  7. Күн тәртібін де ұстанған дұрыс. Әр істің, оқудың, тамақтанудың, жұмыстың өз уақыты болу керек.

  8. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс.

  9. Зиянды әдеттер болса, олардан құтылуға асығу керек. Өйткені олар адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды.

  10. Адамдар өз ағзасына қоршаған ортадан сіңген улы кірден және ішкі процестеріне тағамдық талшықтардың көмегімен тазалану керек.

Болашағымызда нұрлы халық болу үшін ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімділік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. Ал қарастырылған тақырып бойынша қорытынды мынадай:

  • Денсаулықтың қадірін біліп, оны жастайынан сақтаған дұрыс.

  • Денсаулықты сақтау мен нығайту адамның өз қолында.

  • Өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын адам жаман әдеттен аулақ болады.

  • Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет.

Сөз соңында Әйтеке бидің мынадай дана сөздерін келтіруді жөн көріп отырмын: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен болады бақытты өмір...»

Әдебиеттер тізімі

  1. Салауатты өмір салты /рефераттар/

  2. El.kz.

  3. Профессор Уоллок Умершие доктора не лгут /издание 2-е исправленное - Новосибирск: 2011/

  4. Назарбаева С.А., Әрінова Б.А., Ізғұттынова Р.О., Әкімбаева Ж.Ж. Өзін - өзі тану. 6-сынып оқулығы, Алматы: «Бөбек», 2010

  5. Солдатова Г.С. Оздоровительные программы /пособие кандидата мед.наук, зав.отд. гастроэтерологии ЦКБ ОО РАН г.Новосибирска Солдатовой Г.С. - Магнитогорск: 2003/



© 2010-2022