Методическая разработка Таныстыру: Өнегелі ұстаз

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ЖАКИПОВА АЛМАГУЛЬ АМАНБОЛҚЫЗЫНЫҢ

Таныстыруы

Гудок(муз)...........

Министр:

  • Алло, сіз Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бекенұлына хабарласып тұрсыз!

АЛМАГУЛЬ:

  • Алло!

Сәлеметсіз бе, Аслан Бекенұлы

Мен Семейден, Алмагүл Аманболқызы

Тегім менің Жақып, затым қазақ

Ұстазбын мен тәрбиелейтін ұрпақты.

Мен істейтін білімнің ақ ордасы,

7-мектеп Семейдің мақтанышы

Түлеп ұшты бұл ұядан талай түлек

Бүгінде сол түлектер ел тұтқасы.

Еңбек жолым басталды осы жылдан,

Азғой деп сын тақпаңыз үлкен маған.

Жүрегімнің қалауы ұстаздық ет

Адасып біраз жүрдім мамандықтан

«Ұстаз жолы - ұлы жол» дейді қазақ,

Жылдан-жылға кемелденіп қоржын толмақ.

Менің де сандығым бар жинақтаған,

Ашсаң ауызын, құжаттарым сыр ақтармақ.

Менің балам, біреу емес он шақты,

Бала тілі дүниеде ең тәтті.

Мектептегі алғашқы күннен бастап

Әрқайсысына диагностика жасалды.

Әрбірінің бар жеке портфолиосы,

Жинақтаймыз біз оған әр еңбекті

Көкірек көзін ашып, қызықтырып,

Танытамын тылсым жұмбақ, сырларды.

Ертеңгілік мерекелер біз үшін,

Тойменен тең кішігірім өтетін

Балаларды өнерге баули жүріп,

Көңіліммен қия асып кетемін.

Міне осы, азды-көпті сыр шерттім,

Жас маман болған соң ба,

Келді әсеріммен бөліскім

Айып етпеңіз хабарлассам ерте мен.

Менің сізге хабарласу мақсатым

Айтқым келді ұстаздардың

Ауыр да ұлы еңбегін!

Министр:

Болашақты жақсарт бастап бүгіннен,

Бүлдіршенге тәрбие бер біліммен.

Қызықтырып балапанын жетелейтін қияға

Мен сенемін сіздей ұстаздарыма!


© 2010-2022