Разработка урока Қазақтың дастарқаны. Өткен шақ есімшенің жіктелуі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны. Өткен шақ есімшенің жіктелуі.

Сабақтың түрі- дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі- Білім мен іскерлікті қалыптастыру

Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, өткен шақ, ауыспалы есімшенің жасалуын практикалық жолмен бекіту; қазақтың ұлттық дастарқаны туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту;

тәрбиелік - Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.

дамытушылық- Оқушылардың іздену дағдысыеа сүйене отырып, олардың ойлау, түсініп оқу, есте сақтау, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту

Сабақта қолданатын көрнекі құралдар- белсенді тақта, оқулық

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру.

-Балалар, біздің әр күніміз, әр сабағымыз-қуаныш. Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан. Шашу-тілек, береке. Бір-бірімізге бақыт, қуаныш тілеп біз де шашу шашайық (шашу деп «кәмпит» шашылады, әрбір кәмпитте сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап беру керек)

-Сабақтың лексикалық (грамматикалық) тақырыбы қандай?

-Есімше дегеніміз не?

- Есімшенің қандай түрлерін білесің?

-Өткен шақ есімше қалай жасалады?

- Ауыспалы шақ есімше қалай жасалады?

- Мектеп асханасында даяшы бар ма?

- Сенің сүйікті тағамың қандай?

-Қою тағамдарды ата

-Сусындарды ата

- Самообслуживание қазақша- т.б.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сөздер жаттау, «Менің сүйікті асым», «Ең мықты аспаз» әңгімелерің құрастыру, дастарқан батасын жаттау 98-бет /презентация/

3 Ой қозғау

ә/ Тақтамен жұмыс Мақал-мәтелдерді оқып түсіндіру, орысша баламасын табу

1. Нан болса, ән де болады. Будет хлеб будет и песня..

2. Ас - адамның арқауы. Еда человеку силу даёт.

3. Сыйлап берген су да тәттi. Поданная с уважением и вода сладкая.

4. Тату үйдiң тамағы тәттi. В дружном доме вся еда вкусная.

4. Сөздікпен жұмыс

Бекер айтпаған-не зря говорится

ерекше мән берген-особое внимание уделял

ежелгі дәстүр бойынша-по древней традиции

кеңпейілді- великодушный

жомарт-щедрый

қонақжай- гостеприимный

таңғалдырады- удивляет

сыбаға -часть туши с костью, предназначенная для гостя согласно его возрасту или общественному положению

Берілген сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру

5. Жаңа сабақ

ә/ Мәтінді түсініп оқу

ü Әр бөлімге ат беру 1. Қазақтың дастарқаны 2. Дастарқанның сәні мен дәмі 3. Қазақ халқының мінезі

ü Сұрақтарға жауап беру:

- Ас, тамақ туралы қандай мақалдарды білесіңдер?

- Қазақ сыйлы қонақтарын қалай қарсы алады?

- Қазақ дастарқанының сәні мен дәмі не?

- Қазақ халқының мінезі қандай?

ü Мәтіннен есімше тұлғасындағы етістіктерді, сөз тіркестерін табыңдар, қай жақта айтылғанын анықтаңдар: бекер айтпаған, мән берген, сақтап отырған, ет асқан, таңғалдыратыны анық, таңғалдыратыны анық.

ü Үлгі бойынша ет асқан сөз тіркесін жіктеңдер

а/ Ауыспалы шақ есімше қалай жасалады?

Жұрнақтары - атын, -етін, -итін, -итын



© 2010-2022