Төл сөз бен төлеу сөз ашық сабақ

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Төл сөз бен төлеу сөз

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз.

Білімділік мақсаты:Төл сөз бен төлеу сөздің өзара айырмашылығы,төл сөзді төлеу сөзге айналдырғандағы төлеу сөздің өзгермесі мен мағынасы жайлы оқушылар білімін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың төл сөз бен төлеу сөз жайындағы танымдық білімдерін тереңдетіп,(ережемен) байланыстыра білу іскерліктерін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды өз беттерінше ізденуге,тез ойлануға,алғырлыққа, тапқырлыққа және шешендік пен тілді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: сызба,нақыл сөздер,билер суреті,кітап көрмесі.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ «Білгір тілші».

Қолданылатын әдіс: әңгімелеу,еске түсіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,жеке оқушымен жұмыс.

Сабақ барысы

І.Бәйге бөлімі бойынша таблицаны дәптерлеріне сұрақ пен тапсырмаларды белгілеп отырады:

а)Білемін

ә)білмеймін

б)білгім келеді

Қойылатын сұрақтар:

1.Құрмалас сөйлем жөнінде не білесің-?Салалас құрмалас жөнінде не білесің-?САбақтас құрмалас жөнінде не білесің-?Аралас құрмалас жөнінде не білесің-?Төл сөз жөнінде не білесің-?Автор сөзі жайында не білесің-?Төлеу сөз жайында не білесің-?

ІІ. Көкпар сайысы.Билер сөйлейді.Үш оқушы өз қалаулары бойынша үш шешенмен әңгіме айтады.

Төле бидің шешендік сөздері.Қаз дауысты Қазыбек шешеннің сөздері.Әйтеке бидің шешендік сөздері.

Үздік шешендерді атау.

Таңдай біл бөлімі.

Билер сөзінен 2-3 сөйлем жазу (естерінде қалғандарынан).Төл сөз бен автор сөзін табу.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарын түсіндіру.

ІІІ.Полиглот.Сөйлемдерді жазып,көрсетілген сөздерді қазақ,орыс,ағылшын тілдеріне аудару.

«Денсаулықты сақтау үшін және жиі ауыра бермеу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жөн»,-деген екен бір данышпан.

М.Горький былай деді:Өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын.

-Адамның адамшылығы,-дейді Абай,-жақсы ұстаздан болады.

Қызықты үш сұрақ.

«Қонақ» сөзіне қатысты мақал-мәтел айт. Қорқыт атаның сөздерін төл сөз бен төлеу сөзге айналдыр.

Мына жұмбақтарды кім тез шешеді-?

1.Шөлге төзімді жануар,арқасында тауы бар.(түйе)

2.Жезге ұқсас сабағы,дәні халық тамағы.(бидай)

3.Дауылға нық күшті,ағаштың мықтысы.(қарағай)

ІV.Оратор.(ХХІ ғ.Ораторы).

Егер мен ......(өз қалаулары бойынша тіпті болса,мұғалім болсам,......;директор болсам т.б.......).

V.Қорытынды-ой толғам.

Төл сөз. Төлеу сөз.

Қожанасыр қоржыны.Оқушыларды бағалау.

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма.

Оқыған шығармаларынан төл сөз бен төлеу сөзге байланысты 8-10 сөйлем жазу.












































































































© 2010-2022