Сыныптан тыс шара. Ана тілім-айбыным

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ана тілім- айбыным, асыл мұрам

Мақсаты: Оқушыларға тіліміздің қадір- қасиетін ұғындырып, ана тіліміздің ана сүтімен бойға тарап, жанымызға жылу беретін туған тіл екендігіне, оны қастерлеуге баулу. Тіліміздің қазіргі қоғамдағы даму деңгейі туралы толық мағлұмат беру.

Түрі: сынып сағаты

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарттар, стикерлер, маркерлер, тіл туралы жазылған плакаттар.

І. Психологиялық тренинг "Достық қолдар"

(Оқушылар тіл туралы ұлылардың сөзінен мысал айтып, қолдарын ортаға біріктіреді)

Тіл- байлығымыз

Тіл- достастығымыз

Тіл- ынтымағымыз

Тіл- татулығымыз

Тіл- намысымыз

Тіл-арымыз

Оқушыларды топқа бөлу "Крестиктер, нөлдіктер" . (Оқушыларға крестик пен нөлдік бейнеленген жасырын стикерлер таратылады. Оқушылар стикерлерді суырып, топқа бөлінеді).

"Жауап беретін әріптес " (Оқушылардың ішінен 2 оқушыны сарапшы етіп тағайындап, бағалау бетшесін тарату.)

"Менің құндылықтарым". Оқушыларға түрлі материалдық және рухани құндылықтар жазылған стикерлер таратылады. Оқушылар өз Отанын дағдарыстан, білімсіздіктен, имансыздықтан құтқару үшін 3 құндылықтан беріп отыруы тиіс. Ең соңында оқушылардың қолдарында тіл, адамгершілік, ар- ұят деп жазылған стикерлер қалды. Оқушылар өздерінің пікірін айтып, А.Байтұрсыновтың "Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады" деген сөзін мысалға келтіреді.

Абдисалимұлы Фархад "Туған тілім- айбыным" өлеңін оқиды.

"Көргенімнен түйгенім" . /Құнды пікірлер аялдамасы/ (Оқушыларға интербелсенді тақтадан "Тіл- ұлттың жаны" атты видеоролик көрсетіледі).

"Балалар философиясы" . "Қазіргі қоғамдағы тілдің қолданысы қандай дәрежеде?" (2 топтың оқушылары қазіргі тілдің деңгейі жоғары және төмен екендігіне тоқталып слайд қорғайды. )

Сағатқызы Аругүл. Н.Айтов "Ана тілі жүрегімнің сырысың"

"Соңғы сөзді мен айтамын". "Менің тілім" деген тақырыпта өздерінің ойларын түрлі- түсті алақандарға жазып, тақтаға іледі.

Кері байланыс. "Табыс ағашы" . Оқушылар өздерінің ойы мен ұсыныстарын жазып қалдырады.

© 2010-2022