Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»Сабақтың тақырыбы: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы,өмірден түйген қорытындысы,тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу,орынды пайдалана білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту стратегиялары /венн диограммасы, топтасып сурет салу стратегиялары, сұрақ-жауап, жеке, жұппен, топпен жұмыс ,еркін жазу.

Сабақтың көрнекілігі: Инерактивті тақта ,оқушылардың шығармашылық жұмыстары , мақал-мәтелге құралған сандар, мақал-мәтелдер жинағы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, сурет.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сарапшылар: 11 сынып оқушылары

Аязбаева Индира, Еркинбек Данагүл

Балалар ,біздің бүгінгі сабағымыз тіл апталығы қарсанында сайыс түрінде өткелі тұр.Сондықтан да әр топқа сәттілік тілей отыра, жарыс түріндегі сабағымызды бастаймыз.

Балалар ,сендерге үйге берілген тапсырма топтың атын және ұранын дайындап келу еді. Ендеше, қазір әр топ өзінің тобы мен ұранын таныстырсын.

I топ Бірлік II топ Ынтымақ

Ұраны:

Бірлік болмай, тірлік болмас. Ырыс алды-ынтымақ.

«Мың қосшыға -бір басшы» дегендейін әр топ жұмыс тобында топ басшысын сайлап алып, іске кірісіңіздер.

I. Қызығушылықты ояту кезеңі. -Балалар, назарларыңды интерактивті тақтаға аударыңдар, нені көріп тұрсыңдар? Мына сандарға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? 2-топты сергітіп алуға арналған тапсырма.

7 3 100 9 12 99

ІІ Мағынаны тану

-Жақсы ,балалар, мақал мен мәтелдің ара-жігін ажырату үшін «венн диаграммасымен» жұмыс жасаймыз.

І -топ ІІ-топ

Мақалдың анықтамасы. Мәтелдің анықтамасы.

1-ші сайысымыз Білгіштер сайысы. «Білгіш болсаң -озып көр»,-деп аталады.

Шарты: Қай топ көп мақал айтса, сол топ жеңіске жетеді.

2-ші Аудармашылар сайысы. «Білмесең үндеме, білгенді күндеме» деген атпен өтпек.

Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. Әрбір дұрыс аударылған мақал-мәтел бір фишка.

1 Тіл-қылыштан да өткір (Язык- острее чем меч)

2 Тазалық-денсаулық кепілі (Чистота-залог здоровья)

3 Не ексең, соны орасың (Что посеешь,то и пожнешь)

4 Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

(Человек без Родины,что соловей без леса)

5 Еңбек оздырады. (Труд прославляет)

6 Көз -қорқақ, қол-батыр (Глаза бояться, а руки делают)

3-ші Дұрыс құр. «Анам берген-туған тілім,

Атам берген-құрал тілім»,-деген атпен өтпек.

Шарты: Берілген мақал-мәтелді дұрыс құру. Әр дұрыс жауап бір фишка.

І -топ

1 Құрмет,тілге,құрмет,елге.

2 Жерде,тіл,жоқ,ұлт ,жоқ.

3Тас,жарады, тас,тіл, жармаса,бас,жарады.

ІІ-топ

1 Тілін ,біл,жеті,түрлі,жеті,жұрттың,білім, біл.

2 Ұяда,ұшқанда,соны,іледі,не көрсе.

3 Мектеп,білім,теңіз,кеме.

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас»дегендей,ал, қанекей,жауаптарыңызды тыңдап көрелік.

4-ші Кім әртіс. «Өнерлі-өрге жүзер»,-деп аталады.

Шарты: Ым-ишара түрінде мақалды көрсетіп, қарсы топтар шешуін шешеді.

  1. топ 2-топ

1)Ұзын шапан аяғына оралар, 1)Еңбек қылсаң ерінбей,

Ұзын тіл мойнына оралар. Тояды қарның тіленбей.

2) Көп түкірсең-көл. 2) Көз-қорқақ, қол-батыр.

5-ші «Жасырдым жұмбақ»

Шарты: Жұмбақты шешіп, жауабы бар сөз кездесетін мақал-мәтел айту.

  1. топ 2-топ

Үй ішінде Көргендер көрші отырып

Отыз екі батыр, Бірін-бірі көрмейді. (Көз)

Кіргендерді Оқушы: Көз- қорқақ,

Отап,турап жатыр (Тіс) қол -батыр.

Оқушы: Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарар

6-шы «Бір адам-самал.екі адам-амал,үш адам-жамал,төрт адам-қамал» демекші,сендер, бұл тапсырманы «Топтасып сурет салу» стратегиясы бойынша орындайсыңдар.

Шарты: Берілген мақал-мәтелдер бойынша сурет салу.

1-топқа «Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты»

2-топқа «Тіл-қылыштан өткір»

ІІІ Ой толғау. Әр топ бүгінгі сабақтан түйгендерін ортаға салып ақылдаса келе, топ басшысы қортынды ой айтады.

4.Бағалау.

Рефлексия.

Егер мақал-мәтелдерге қатысты сабақты құнды деп тапсаң, онда сандықшаға салып қой.

Егер мақал-мәтелдерге қатысты сабақты ой елегінен өткізу керек деп тапсаң, ет турағыштан өткізуің керек.

Егер мақал-мәтелдерге қатысты сабақ керексіз деп тапсаң, онда кәрзеңкеге сала сал.

Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Осымен біздің бүгінгі сайысымыз аяқталды. Сөз кезегін сарапшы ханымдарға береміз. Олар жеңіске жеткен топты хабарлайды.

Үйге тапсырма. 161-жаттығу. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша мақал-мәтелдерді қатыстырып, «Тіл- менің мақтанышым» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келу.





Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Степногорск қаласының білім бөлімі

«Қарабұлақ селолық орта мектебі»ММ

Внеклассное мероприятие на тему: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Өткізген : Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Қарағұлова Ә.Қ.

5 «А» сынып

2013-2014 оқу жылы

Сабаққа өзіндік талдау

Сабақтың тақырыбы: «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы,өмірден түйген қорытындысы,тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу,орынды пайдалана білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту стратегиялары /венн диограммасы, топтасып сурет салу стратегиялары, сұрақ-жауап, жеке, жұппен, топпен жұмыс ,еркін жазу.

Сабақтың көрнекілігі: Инерактивті тақта ,оқушылардың шығармашылық жұмыстары , мақал-мәтелге құралған сандар, мақал-мәтелдер жинағы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, сурет.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Бұл сыныптан тыс сабақ 5 «А» « Бірлік» және 6 «А» «Ынтымақ» топтарының арасында сайыс сабақ түрінде өтті. Сабақ мақал-мәтелдерге ,жұмбақ, жаңылтпаштарға қатысты болғандықтан бұл тақырыптар оқушыларға өте жақын әрі қызықты.Сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылығын ояту үшін әр түрлі сандарға байланысты мақал-мәтелдер тапты. Венн диограммасы арқылы мақал мен мәтелдің айырмашылығын ажыратты.Сабақ бірнеше бөлімдерден тұрды.

1-ші сайысымыз Білгіштер сайысы.

2-ші Аудармашылар сайысы.

3-ші Дұрыс құр

4-ші Кім әртіс.

5-ші «Жасырдым жұмбақ»

Сайыстың әр кезінде оқушылар өте белсенді жұмыс жасады. Олар топтасып, ақылдасып тапсырмаларды тез орындады Бір адам-самал.екі адам-амал,үш адам-жамал,төрт адам-қамал» демекші,сендер, бұл тапсырманы «Топтасып сурет салу» стратегиясы бойынша орындайсыңдар.

1-топқа «Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты» 2-топқа «Тіл-қылыштан өткір»

Екі топ ватман қағазға берілген мақал бойынша сурет салды. Кейін суреттерін қорғады. Рефлексия арқылы оқушыларға бұл сыныптан тыс сабақтың ұнағанын бақыладым. Оқушыларға сабақтың ұнағаны сонша тағы да осындай сабақты өткізуімді өтінді. Сабақ өте тартымды және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды.





© 2010-2022