Сабақтың тақырыбы: Обал мен сауап

"Обал мен сауап"Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ 2-СЫНЫП Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -обал мен сауап туралы түсінік беру; -халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру; -мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер, оқулық, дәптер. Шаттық шеңбері Бәрі шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Ой, обал-ай, обал-ай! -Енді қарным ашпайды! Деп, Кер сұмдық бастайды: Нан артылса, қоқсыққа Л...
Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты: «Ұстаз деген ұлы есім»

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым
2-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығап « » биін билейді.
1-жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі,

1-оқушы

Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген

«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген

2-оқушы

- Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

3-оқушы

- Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,

Сен ұялдың кір болса менің жейдем.

Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,

Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы менен жаманды.

4-оқушы

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған

5-оқушы

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жаңа берем

6-оқушы

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны-бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

7-оқушы

Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

2-жүргізуші:
Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.

Әсем ән кезек береміз

1-жүргізуші: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

- Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

2-жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам -мектебім!
ӘН орындалады
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М -мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман

2-жүргізуші:
Оқытыңдар,ұл-қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете,ұстаздар.

1-жүргізуші: Екеуі хормен:

Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы

Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Қорытынды бөлім. Ұстаздарға гүлдер таратылады

© 2010-2022