Сын тұрғысынан ойлауды бағалау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау


Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).

Сабақ барысында сұрақ - жауап арқылы да ауызша бағалау жүргізіліп отырды. Топтардың ішінде жұптық бағалауды мәтінді және грамматикалық тақырыпты талдау кезінде АВС жұптарының ішінен, А - жұбы сұрақ қоюшы, В - жұбы - жауап беруші, ал С - жұбы сол сұрақтар мен жауаптарды саралаушы болып міндет атқарды. Бұл тапсырмада үш жұпта тақырыпты толық меңгеру керек, себебі сұрақ қою үшін де, оған жауап беру үшін де, оларды саралау үшін де тақырыпты толық меңгергені қажет. Осылай өзара жұптық бағалау жүргізілді.

Жиынтық бағалауда топ мүшелері сабақ барысында жинаған балдарды қосып, топтағы оқушы санына бөліп, орта балын шығарып отырды. Осылай топтарды жалпылама жиынтығын бағаладым.

Бағалау кезінде туындаған қиындықтар аз болмады, себебі мен өзін - өзі реттеуді басшылыққа алып отырғандықтан, оқушылардың әділ және шынайы бағалауына қол жеткізгім келді. Бастапқы кезде топ мүшелері міндеттерінің дұрыс атқарылмауы болды, сол себепті мен топтық бағалауда ұпай санын кемітіп отырдым. Оқушылар қойылған бағаларды дәлелдеп отырды.

Нәтижесінде оқушылар жауапкершілікті сезінді, өзіне талдау жасап, білімін жетілдіру керектігіне көздері жетті, әділ бағалауды және сынды дұрыс қабылдай алуды үйренді. Тек қана баға үшін оқу емес, керісінше өзіне баға беру арқылы оқу, білімін жетілдіріп отыру, өзгелермен санасуды, кері байланыс жасаудың маңыздылығын, мәліметті түсініп, интерпретациялауды үйренді. Білім алу және даму бағытында өз бетімен жұмыс жасап, еңбектену керектігін, белгілі бір деңгейде жету үшін мақсат қою қажеттілігін түсінді. Бағалау мен үшін тек қана оқушыларды емес, өзіме баға беруді үйрендім.

Сын тұрғысынан ойлауды бағалау

Сын тұрғысынан ойлауды бағалау

© 2010-2022