Разработка открытого классного часа Устазым-улагатым, улгi - онегем

 Мақсаты:    Оқушыларға  ұстаздар  туралы  жақсы  түсініктер  беру, өз  бетімен  және  топтық       жұмыс  істуге  үйрету,  ұстаздарды  құрметтеп,  сыйлауға  тәрбиелеу.          Жадыраған  жаздай  жылы  жаны  бар,                                      Жақсылықтың  шырағы  боп  жағылар.                                      Қадірлі  ұстаз  әнмен  бірге  жолдаған,                                      Шәкіртіңнің  жүрек  сөзін  қабыл  ал. Құрметті  ұстаздар,  5 – а  сыныбының  дайындаған  «Ұстазым – ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстазым - ұлағатым, үлгі - өнегем

Мақсаты: Оқушыларға ұстаздар туралы жақсы түсініктер беру, өз бетімен және топтық жұмыс істуге үйрету, ұстаздарды құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

1 - жүргізуші: Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз әнмен бірге жолдаған,

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Құрметті ұстаздар, 5 - а сыныбының дайындаған «Ұстазым - ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

2 - жүргізуші: Сіздерге тілейміз біз ашық аспан,

Мол табыс әрқашанда шықсын алдан - дей келе, жанұяларыңызға амандық, әрдайым шығармашылық жетістіктерге жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!

Хор: «Ұстазым».

Нұршат: Ұстаз - құрметті, қоғамдық мәні жоғары, қиыншылығы мен сыры мол жауапкершілікті талап ететін мамандық. Өйткені әр отбасы мен қоғамның болашағы болып табылатын баланың өміріне арқау бола алатын білім мен тәрбие педагогикалық негізде мектепте мұғалім арқылы беріледі. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, менің мектебімде өзіме сүйікті ұстаздарым дәріс береді.

Ақтілек: Дүниеде ең оңай нәрсе кісіге ақыл айту, айыптау, кінәлау, табалау, жазғыру, жазалау. Бұл бар адамның қолынан келеді. Ең қиыны адам тәрбиесі - үйрету, оқыту, жетеге жеткізу. «Ұстазға қарап шәкірт өседі» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Тіпті халық педагогикасында осы бір тұлға туралы жастарға арнайы «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол саған бойындағы бар асылын берді, өнер үйретті, әкең жасамаған бар жақсылықты жасады, шын шәкірт болсаң, ұстазыңның үмітін ақта, жолын қу, өнерін жалғастыр» деген ақыл - кеңестер айтылған. Шынымен де болашақта менің достарым оқуларын жақсымен бітіріп, өз мамандығының адал иелері болып жатса, ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ шығар деп ойлаймын.

Раушан: Ұстаз - ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен, сан қилы. «Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» деп тегін айтылмаған. Келешек қоғамымыздың болашағы жас жеткіншектердің сапасына білім мен тәрбиені сіңіру - әрбір ұстаздың шеберлігіне байланысты. «Жас шыбықты қисық отырғызсаң - қисық, түзу отырғызсаң - түзу өседі» дегендей сынып жетекшісінің қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара - пар. Сынып жетекшісінің әрбір оқушысы сол жас шыбық сияқты.

Жұлдыз: Сыныптағы әр оқушы - ұстаз үшін ашылмаған кітап. Сол кітаптың парағын зер салып оқып, дұрыс талдай білетін, өз сыныбындағы әр оқушының мінез - құлқын, жан - дүниесін түсіне белетін де ұстаз. Шәкірттерінің қиналып жүрген сәтте жанынан табылып, көмектесіп, ақыл - кеңес беріп жүретін де ардақты ұстаз.

Қызмет қылсаң халқыңа,

Игі ат қалар артыңа, - деп Сәбит Дөнентаев айтқандай, халық үшін қызмет ететін, бүкіл өмірі ізденуден тұратын адам - ұстаз.

Әлия: Ұстаз адамдардың өмірге деген көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға өмірден өз жолын дұрыс табуға көмектесетін, білімділікке, парасаттылыққа тәрбиелейтін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға.

«Ізгі және қажетті жұмыс істеген адам басқа адамнан жоғары тұруы керек», - деп данышпан ойшыл Әл - Фараби сонау бір өткен заманда да халық үшін жұмыс істеген адамға жоғары баға берген. Әйгілі Ұлықпан Хакімнің: «Ұстазыңды атыңнан да әзіз тұт» деуі бекер емес.

Ақниет: Тұрпаты қылығына жарасатын,

Үлгісін көп алуға таласатын.

Тіл жеткізе алмаймын сипаттауға,

Ұстаздардың ақыл - ой парасатын.

Эльвира: Менің балғын қиялымды тербеткен,

Құлашымды алыстарға серметкен.

Айта аламын жұрт алдында қысылмай,

О, ұстазым, бір өзіңді ер деп мен.

Сағадат: Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасыз.

Сен бергенсің алғашқы да айырып

Жақсылық пен жамандықтың арасын.

Қымбат: Аралап та ғылымдардың мол бағын,

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

Көрген сайын жанарыңнан оқимын,

Ізгілік пен парасаттың жолдарын.

Ән: «Мұғалім ол біздің». Орындайтындар: Кәрібаева Альбина, Құбаев Сағадат.

1 - жүргізуші: Білімнің құдіретін үйіп - төккен,

Күн болып мейірімін шашқан көктен.

Қаншама мезгіл өтсін зулап,

Ұстазбен өткен сәтті бәрі көктем.

Білім сыйлап балаға, еңбек еткен,

Самал сөзі аймалап, сүйген беттен.

Шәкіртінің естісе ерліктерін,

Қуаныштан көңілі көкке жеткен.

Әр адам өзінің алғашқы мұғалімін әрқашан құрметпен есте тұтады. Ғалым, жазушы, ақын, суретші, музыкант, тракторшы - осылардың қай - қайсысы болса да алғашқы ұстазын ешқашан ұмытқан емес. Реті келген кезде шәкірттері бар жақсы сөзін, шынайы көңілін білдіріп, өлеңдерін, шығармаларын сол алғашқы ұстаздарына арнаған.

2 - жүргізуші: Әлі есімде Әліппені ашқаным,

Есіміңді есте мәңгі сақтадым.

Жүрегімде нұрын құйған жылылық,

Көрген емес ешқашан да суынып.

Алғашқы рет «Мектеп», «Ұстаз», «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп, білім нәрін берген, әріп танытып, достыққа жетелеген алғашқы ұстазымыз Алма апайға сөз береміз.

Көркем сөз: «Ұстазым». Оқитын: Жаңбырбайқызы Гүлмаржан.

Ақылшым, асыл ұстазым, Өзіңмен бірге таң атып,

Жолымды айқын нұсқадың. Өзіңмен бірге шығар күн.

Қасыма келіп қанша сен, Шәкіртің өткен іздерде,

Қамқор боп қалам ұстадың. Үмітің гүлдер мұғалім.

Жалғанда арман құшағын, Білеміз ертең бізден де,

Өзіңе мен де ұқсармын. Өмірдің талап сұрарын.

Жеткенше қайрат, күш - әлім Сонда ардақты мұғалім,

Биікке самғап ұшармын. Уәдемді беріп тұрамын.

Жанымды менің жайнатып, Қиынға берік шыдармын,

Баураған, өзің баураған. Қияға талай шығармын.

1 - жүргізуші: Құрметті де аяулы ұстаздарымыз! Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы бері, осы уақытқа дейін бізді білім нәрімен сусындатып, болашақта жол көрсетіп, күн болып мейірімдеріңізді шашып, бізге жылы лебіз білдіргендеріңізге алғыс айта отырып, шәкірттеріңіздің сіздерге жолдаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

Лаура: Үйреткен есеп атасын,

Беріп ылғи батасын.

Парасат биік, ниетпен

Нұрболған апай, дана апай,

Шәкірттер сізді ерекше,

Ерекше бүгін атасын.

Құтты болсын мереке,

Ұжымыңызда болсын береке

Табысыңыз мол болсын,

Бізден тілек сол болсын.

Қасым: Орыс тілі маманы,

Шәкірт көңілін табады.

Түрлі - түрлі сайыстан,

Шәкірті орын алады.

Қамажай апай мен Марал апай,

Жүректе мәңгі қалады.

Әлия: Жанат апай сондай біздің жайдарлы

Үйрететін сабағында бар жайды.

Жанат апай сол көңілді қалпында,

Біз балаймыз сол апайды жарқыраған алтынға.

Аяулы апай айнымасын қалпыңыз,

Дәл осылай таниықшы жалпымыз.

Әр шәкіртке бола білген жанашыр,

Бүгін от боп әр жүректе жанасыз.

Алина: Қазақ тілі құдіретін үйреттіңіз,

«Шүлжеңдікті» тек сіздер күйреттіңіз.

Алтын апай, Әлия апай, Қарлығаш апай біз сіздерді даралаймыз.

Еңбегіңізді әрқашан бағалаймыз.

Бақ - дәулет қона берсін басыңызға

Шәкірттеріңіз қаумаласын қасыңызға.

Жанұя, отбасыңыз аман болып,

Қосылсын талай ғасыр жасыңызға.

Эльвира: Биіктен Сандуғаш апайды көрсек дейміз,

Сіз үшін өмірімізді берсек дейміз.

Үйретіп кейінгі жас ұрпақтарға,

Жалықпай тәрбиеңізді берсеңіз дейміз.

Тілейміз өзіңізге мәңгі шаттық,

Мектептің тәрбие ісін сізге арттық.

Альбина: Экономикадан білім берген ұстазым

Шәкірттермен өтсін талай қыс - жазың.

Экономикасыз күн көру мүмкін емес,

Болып тұр ғой болашақ онсыз елес.

Талай - талай асулардан асыңыз,

Еңбек етіп, тау суындай тасыңыз.

Алмажай апай,

Мереке оң болсын!

Бізден тілек сол болсын!

Нұржамал: Апай жүрер өлеңдетіп көңілді,

Өз ісіне әр уақытта сенімді.

Істеген іс өз ойынан шықпаса,

Нағыз еңбек керек дейді төзімді.

Эстетика, этикаменен

Қатарласып жүрмесе

Бос қиялмен құртасың сен өзіңді

Деп ақылын үйрететін

Алма апайды

Құттықтаймыз бәріміз,

Жақсы көреді жанымыз.

Нұршат:Тұрпаты қылығына жарасатын,

Үлгісін көп алуға таласатын.

Тіл жеткізе алмадым сипаттауға,

Бұл кісінің ақыл - ой, парасатын.

Қуанышы бір ортақ шәкірттермен,

Аянбастан шәкіртке тәлім берген.

Бар шәкірттің құрметті ол ұстазы,

Талиға апайдан ерекше нұрды көрем.

Медина: Колумбыдай шықсын алып бір мықты,

Сан ғалымдар құпиясын сыр қыпты.

Амангүл апай сабақтан соң біз бүгін,

Ашайықшы таңғажайып құрлықты.

Лаура: Болады екен адамдар сан алуан,

Жақсы адам жүректің төрін алған.

Көпшіліктің алғысын арқалайды,

Қоғам үшін әр мезет болған алаң.

Дәрі апай мектептің құрметтісі,

Үлгі болар шәкіртке әрбір ісі.

Жалықпайды жақсы жол көрсетуден

Жадыратар жаныңды неткен кісі.

Мамандығын сүйеді жан - тәнімен,

Алғыс алып жүреді ол бәрінен

Тұтатуға тырысар барын салып,

Жанбаған отты көрсе шәкіртінен.

2 - жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып бишілерім.

Қазақ биі «Ұлытау». Орындайтындар: бір топ биші қыздар.

1 - жүргізуші: Екінші анамыздай болып кеткен,

Біздерді жетегіне ерткен.

Осы мектепте жасайтын көптен,

Жақсылығын жасайтын еппен.

Шәкірттері біршамаға жеткен,

Ағылшын тілін несібе еткен.

Сағына қалса бетімізден өпкен,

Нұрсұлу апай сыйласады көппен.

Сынып жетекшіміз Нұрсұлу апайға сөз береміз.

2 - жүргізуші: Ендігі кезекте назарларыңызға Қыңырдың қылықтарының сабақ үстіндегі сәтінен көрінстер ұсынамыз. Тамашалаңыздар!

1 - көрініс.

Табиғаттану сабағы жүріп жатқан. Су ағатын каналдар туралы айтып жатқан мұғалім тықыршып, сабақ тыңдамай отырған Қыңырды орнынан тұрғызып.

  • Қыңыр, айтшы қане, Панама каналы туралы не білесің? - деді.

  • Апай, біздің теледидарда ондай канал жоқ, - деді Қыңыр еш саспастан.

Балалар ду күлді.

2 - көрініс.

Әдебиет сабағы. Мұғалім балаларға бүгін еркін тақырыпқа шығарма жазатындарын ескертті. Шығарма тақырыбы: «Егер мен фирманың директоры болсам ...». Балалардың бәрі жапа - тармағай жазуға кірісті. Тек Қыңыр ғана терезеге қарап ойланып отыр. Мұғалім:

  • Қыңыр, сен неге жазбай отырсың? - деді.

  • Апай, мен хатшы қызды күтіп отырмын, - деді Қыңыр қыңқ етпестен.

Сынып ду ете түсті.

3 - көрініс.

Сурет сабағы. Қыңыр дәптерге сурет салады. Кетіреді, қайта салады, кетіреді, қайта салады. Көп әуреленгеннен кейін ол ақыры шыдамай:

  • Апай, піл дәптеріме сыймай қойды, енді қайтемін? - деді.

4 - көрініс.

Жаратылыстану сабағы. Мұғалім:

  • Кәне, Күн системасын айналып жүретін планеталарды атаңдар, - деді.

Тақта алдына шыққан Қыңыр:

  • Жер, Марс ... - деп кідіріп тұрып қалды да, Жандостың сыбырлаған дауысын естіп «Сникерс», - дей салды.

5 - көрініс.

Мұғалім сабақта Қыңырдан:

  • Қыңыр, осы мысықтардың көзі түнде неге көргіш болады? Өткен сабақта айтып бердім ғой. Соны қайталашы, - деді.

Ол сабақты мүлде тыңдамаған Қыңыр орнына тұра салып:

  • Апай, мысықтың бойы жарық жаққышқа жетпейді ғой. Сондықтан ол қараңғыда көргіш болып алған, - деді беті бүлк етпей.

Сынып ду күлді.

6 - көрініс.

Мұғалім:

-Қыңыр, Африкада тұратын алты аңның атын айтып жіберші?

Қыңыр орнынан сүйретіліп әрең көтеріліп, жалтақтап жан - жағына қарады. Оған ешкім сыбырлай қоймады. Біраз аңтарылып тұрған ол:

  • Үш арыстан, екі маймыл, бір піл, - деп қойып қалды.

Сынып қыран - топан күлкіге кенелді.

Көркем сөз. «Ұстаздық - мәртебелі мамандығың». Оқитын: Нұралина Медина.

Ұстаздық - мәртебелі мамандығың,

Тілегім әркез сенің амандығың.

Бала үшін бәйек болған ата - анадай,

Құдайым көрсетпесін жамандығын.

Ұстаздық - мәртебелі мамандығың,

Білесің бе берерін бағаңды кім?

Сені, мені оқытқан марқұмдардың,

Біреуі - әкең, біреуі - анаң - тұғын.

Ұстаздық - мәртебелі мамандығың,

Шалмасын ешқашанда санаңды кір.

Оқытқан ұл - қыздардың бәр - бәрі,

Тек қана сізгі бақыт қалайды кіл.

Ұстаздық - мәртебелі мамандығың,

Адамсыз сирек келген өмірге бұл.

Арнаймын жүрегімнің қалауымен,

Әрқашан тек жалынды өлең мен жыр.

Хор: «Ұстазым менің».

1 - жүргізуші: Осымен ұстаздар мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

2 - жүргізуші: Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар!

© 2010-2022