Методика обучение талантливых и одоренных детей

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильямс Уорд

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Каюпова Сабира қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. (І деңгей)

Барлық бала дүниеге бірдей келеді, бірақ әрқайсысының сезіну, қабылдау, танымдық қабілеттері әр қилы.Қабілеттерін дер кезінде байқап, үйде ата-аналар, мектепте мұғалімдер дұрыс психологиялық-педагогикалық жұмыс ұйымдастыра алса, баланың дарындылығын дер кезінде ашуға мүмкіндік туады.Оқушы бойындағы қабілет, дарынын бала жастан ұштау-мектеп пен ұстаз алдында тұрған басты міндеттердің бірі.Талантты және дарынды оқушылардың өзі белгілі уақытта тек бір академиялық пәннен дарынды болуы, кейін өзгеруі әбден мүмкін.Осы жерде «Талантты және дарынды оқушы деген кім?» деген сұрақ туындайды.Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын,талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Дарынды, талантты балалар өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғары нәтижеге жеткен балалар.Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің кілті-мыңды жығатын білімінде.Дарынды балалар әрқашан да әр түрлі дәрежелі күрделі тапсырмаларды шешуге дайын болады, олардың сөздік қоры бай, күрделі көркем сөз тіркестерін құрастыра алады және ойларын ерекше білдіреді.Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету-мұғалім міндеті десе артық айтқандық емес болар.

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Мектеп психологтары: Ә.Хайдарбеков, Г.Ілесовамен дарынды балаларды анықтау жөнінде сұхбат.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде басқа оқушыларға берген тапсырмаларға қоса арнайы күрделі сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар беру арқылы қызығушылығын арттырып, ынталандыра алады. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың да маңызы зор.Келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол,еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы көп.Олай дейтінім, бұл технология бүгінгі таңда мұғалімдерге сабақ беруін жеңілдететін, оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін қажет құрал болып отыр.Мұғалім еңбегі - біріншіден, ғылым негіздерінен білім беруші, екіншіден, білсем, үйренсем деген шәкірт арманы мен оның сырлы тағдырына бағыт беруші, үшіншіден, жаңалық жаршысы, ел болашағының мүсіншісі.Мұғалім еңбегі-қиын да аса жауапты іс болып саналады.Мұғалімнің де, мектептің де міндеті - әр оқушыға терең білім беру.Сонымен қатар оқушының ойлау қабілетін арттыру болып есептеледі.Біліктілікті арттыру жүйесінде соңғы уақыттарда өзіміздің отандық педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың ішінде әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды қолдану жақсы нәтижелер беріп келеді.

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Таным дегеніміз - бір нәрсені шала білуден толық білуге қарай ұмтылудағы адамның ой-өрісінің қалыптасуы.Осы қағидаға сүйене отырып жеке тұлғаның танымдық толық түріне өткенге дейін әр түрлі жағдаятқа көзқарасының қылыптасуы пайда болу үшін 1) қабылдайды, түсінеді, ойлайды; 2) түсінеді, көрсетеді, жазады; 3) жаңа проблеманы шешеді, бұрынғы білімді пайдаланады; 4) салыстырады,талдайды, зерттейді; 5) шығармашылық жұмыстар құрастырады.

Міне, осы толық білуге ұмтылу арқылы оқушы өз алдына қойған мақсатын анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Толық білу арқылы бала дарыны ашылады.

Ұлы ақын,көрнекті ағартушы Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін,сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді, көрнекі қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін - сол фантазия» деген болатын. Олай болса, баланың шығармашылық ізденіс арқылы дарынын қалыптастыруда мұғалім өзінің фантазиясын баланың қиял-фантазиясымен ұштастыру қажет.

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Мектептегі «Жас қалам» газетінің шығармашылық тобы.

Ол үшін әр заманның өз ортасын, өз келбетін бала көз алдына қиялдау арқылы елестетеді. Бұл әр адам сезіміне әсер етеді, не оның жүрегін тебірентеді, терең ойға салады. Әйтеуір, іште түлеген ойын бір толқын сыртқа шығаруға итермелейді.

Исаак Ньютон өмірінде былай депті: «Мен Ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым.Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде ол секілді тастар қаншама.» Мен таза сондай күйде іске асырамын-ау,қалайша іске асырсам екен деген сан қырлы сауалдарға жауап іздеу кезінде тапқан асыл тасым су түбіндегі асыл тастармен салыстырғанда мардымсыз боп қалғандай. Әлі ашылмаған талай сырлар бар екен.

Cын тұрғысынан ойлау туралы тарауда жазылғандай, Блум таксаномиясы дарынды және талантты оқушыларды оқыту тәсілін анықтау үшін модельдер ұсынады.Бұл арада тағы бір айтарлығы, барлық оқушылар Блум таксаномиясы деңгейі аясында ойлануға қабілетті деген пікір болуына қарамастан, жекелеген мұғалімдер дарынды және талантты оқушыларға көп уақыт бөлініп, оларға баса назар аударылу қажеттігін, әсіресе таксаномияның жоғарғы жағындағы позициялар-бағалау,жинақтау, және талдау үдерістерін белсенді қолдану қажет екендігін алға тартады.

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Мұғалім шығармашылық жұмыстардың қай түрінде болмасын, өз тарапынан көмек, нұсқаулар беріп, мақсатқа жету үшін балаларды жетелеп отырады. Бұл - ең алдымен, оқушының жеке еңбегін, ізденісін талап ететін жұмыс.

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Сол себептен олардың мүмкіндігімен, өз қалауымен санасып отыру өте қажет. Оқушы қандай дарынды, терең білімді болса да, мұғалім тарапынан берілетін бағыт-бағдарға зәру. Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техниканың дамуы деңгейіндегі «жеңіл», «қиын» деген ұғымдарды меңгеруге ғана жарап келді. Ал осы кезде балалар алатын ақпарат жан-жақты әрі мол «теледидар, интернет. т.б. Сондықтан олар көп мөлшерде қажетті деректерді алуға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтыратын мәселе жөнінде ақпарат ізденуден өте жоғарғы көрсеткішке жете алады. Ұстаз осындай жағдайда оқушымен шығармашылық өнерімен байланыста болуы керек.

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы, ең алдымен, оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету - ең тиімді жол.

«Білімге деген ынталанушылық,- деп жазды Ж. Аймауытов, - адам бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, өркендету өнері мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек». Сондықтан әрбір мұғалім сабақ беру үрдісінде қызықты мағлұматтармен балаларды шабыттандырып, олардың ынта-ықыласына, зейін-зердесін білімді меңгеруге бағыттау үшін төмендегідей шарттарды орындауы тиіс. Олар: жаңа берілетін білімді баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; жаңа білімді таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына оқушының ынта-ықыласын аудару; оқушыларға жаңа білімді меңгеруге бағыттайтын сұрақтар қою арқылы олардың ынта-ықыласын ой еңбегін аудару ( бұл жерде проблемалық сұрақтар қойып оқыту әдісіне сай келеді); қажетсіз мағлұматтарды айтудан сақтанып, баланың ынта-ықыласын, зейінін туғызатын қызықты нәрселерді ғана сөз ету; баланың ішін пыстыртатын біркелкі мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату сияқты тәсілдерді жандандыра, алмастыра отырып, орынды қолдану; көрнекілікке көңіл бөлу, оған сай құралдарды алдын ала сайлап алу; өзгелерді ынталандыру үшін оқытушының үйрететін нәрсеге, берілмек білімге деген өзінің де ынта-ықыласының күшті болуы (себебі оқытушы мейірлене сүйген нәрсені оқушылар да еліктеп сүйетін болады).

Методика обучение талантливых и одоренных детей

ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ

МЕРЗІМІ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

1

Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру

қыркүйек

Жоспар

2

Сынып жетекшілер және педагог - психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

қыркүйек

Тізімін құру

3

Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау

қыркүйек

Оқушылардың ерекшеліктері

4

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Жеке жоспар бойынша

Жоспар

5

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу(рефераттар, суреттер, шығармашылық жұмыстар)

Жоспарға байланысты

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

6

Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

Жоспарға байланысты

Сабақ жоспарлары

7

АКТ технологиялар элементтерін пайдалану

Қажеттілігіне қарай

Презентациялары

8

Деңгейлік тапсырмалар дайындау

Қажеттілігіне қарай

Деңгейлік тапсырмалар

9

Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту

Қажеттілігіне қарай

Тест тапсырмалары

10

Сабақ сайын озық тапсырмалар беру

Жыл бойы

Тапсырмалар

11

Әр тақырып сайын шығармашылық тапсырма беру.

Сабақ сайын

Өздік бағалау



Дарынды оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар

«___» __________ 2015 жыл Оқушы аты-жөні: ____________________________ Сыныбы:_____

А критерийі

1. Орхон жырларының негізгі ойын анықтаңыз

А) Сөз өнерін үйренуге шақыру.

В) Білім-өнерге шақыру.

С) Табиғатты аялауға шақыру.

Д)Ел тәуелсіздігін аңсау.

4. Абай оқыған медресені ата

А) Ғалия

В) Уәзипа

С)Кадет корпусы

Д) Ахмет-Риза


2.Әдебиет теориясының қайсысына жатады?

Балығы таудай тулаған

Бақасы қойдай шулаған .

А) Мысқыл

В) Кішірейту

С) Әсірелеу

Д) Ауыстыру

Аллегорияның мағынасын көрсетіңіз

А) «Мысқыл,кекету.

В) Астарлы меңзеу.

С) Асырып айту.

Д) Салыстыру.

3. Ассонанс дегеніміз не?

А) Соңғы дыбыстардың ұйқасып келуі.

В) Дауысты, дауыссыздар араласып келеді.

С) Шумақтың басқы дыбыстары бірдей дауыстыдан басталады.

Д) Шумақтың басқы дыбыстары дауыссыздан басталады.

6. Сатираның негізгі белгісін анықтаңыз

А) Сөзді тура мағынасында қолдану.

В) Сөздерді қарама-қарсы мағынада қолдану.

С) Өмірдің жағымсыз жақтарын күлкі ете, мысқылдай суреттеу.

Д) Затты,құбылысты айқындау үшін басқа затқа,құбылысқа балау.


Бағасы

Жалпы ұпайы

В критерийі

1.Эпитет дегеніміз не?

__2.Мына өлең жолынан эпитетті тап

Бейбіт күннің өзі күрес мылтықсыз.

Онда да жұрт жатады атып мүлтіксіз

( Қ .Мырзалиев)

3.Эпитетті қолданып бір шумақ өлең жаз.

_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________

C критерийі

Өзіңді тексер

Р/с

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1

Орхон жырлары мен батырлар жырлары ұқсас

2

Абайдың «Өлең-сөздің патшасы»өлеңі «Адамның кейбір кездері» өлеңінің үзіндісі

3

Компазиция-шығарманың құрылысы.

4

Поэзия дегеніміз көркем қара сөз түрінде жазылады.

5

Абайдың он бес қара сөзі бар.

6

Литота (кішірейту) деп аталады


Д критерийі

Қазақстанның болашағы -мәңгілік елінде..(шығарма жазу)

________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________


«А»

«В»

«С»

«Д»

Жиынтық ұпай

Орта бағасы

Ұпайлары


Бағалары


Методика обучение талантливых и одоренных детей











Талант атаулы қашаннан халық құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген.Айталық,қазақ халқы атам заманнан бері қарай ел ішінде ақыны мен әншісін айрықша қадірлеген.Сөз қадірін білген.Жүйелі сөзге тоқтаған.Ал,суреткер болу үшін адамға тума қабілет,табиғи дарын қажет екенін кім-кімде мойындауы тиіс.Әңгіме сол қабілет пен дарынның қалай тәрбиеленуінде,қалыптасуында және дамуында жатқан болар.

Жапон халқының атақты инженері, «Сони» корпарациясының негізін қалаушыларының бірі-Масару Ибука педагогика саласында да бірқатар еңбектер жазды.Ол өз еңбегінде:Барлық адамдар,егер жарымжан болмаса,шамамен бірдей болып туады.Баланы ақылды және ақымақ,жасық және агрессияшыл деп бөлу жауапкершілігі тәрбиелеуге жатады.Кез келген бала,егер оған қажет нәрсені дер кезінде берсе,зерек және табанды болып өсуі тиіс.

Жаңа туған баланың миы -таза ақ парағы сияқты.Баланың қаншалықты дарынды болатыны осы қағазға не жазылатындығына байланысты -делінген.

Дарынды және талантты балалар Блум таксаномиясының ең жоғары кезеңдерінде өздерін көрсете біледі.9-сыныпта «Қыз Жібек» жырын өткенімізде, дарынды оқушыларымның бірі Ералы Айгүлдің жазған өлеңіне кезекті берейік:

Қыз Жібегім қандайсың,

Күн көзінен аумайсың.

Сұлуланған жүзіне,

Қарасаң да тоймайсың.

Ақ маңдайың жалтылдап,

Танадай көзі жарқырап,

Әдемі көйлек үстінде,

Жарасып тұр жарқырап.

Жанарды еріксізден баурап алған,

Төлеген бір көргеннен ғашық болған.

Қыз Жібегім осындай сұлу ма едің ,

Батырымды өзіңе ғашық қылған.

Төлеген деп қойыпты ұлдың атын.

Тәңірім артық қылған оның затын

Төлегеннің сипатын айтып болмас,

Көрген жан ақылынан бір танатын.

Жібекке қанша жігіт ғашық болған

Жібегім батырымды ғашық қылған

Байлықты,батырлықты көксемеген,

Төлегеннің махаббатын биік қойған.

Қосабада Бекежанмен кездесті

Бекежан ол қызғаныштан өштесті

Ол өзінің қара ниет ісімен,

Атып тұрып Төлегенді өлтірді.-деп жазса,Өмірбек Айнұр:

Жүрегінің ғашық кілті ашылмаған,

Жібекке талай жігіт ғашық болған.

Жарық жүзін бір көруге асық болған

Керек десең,Хорен хан да ғашық болған ,-деп жазады.

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Ал Серікбай Айгүл:

Ерте,ерте заманда,

Жағалбайлы елінде,

Базарбай атты бай бопты,

Төрт түлігі сай бопты.

Бір басында үш әйел,

Үш әйелден ұл бопты.

Ұлдарының бәрі де,

Оба аурруынан жоқ бопты.

Үшінші әйелі ұл туыпты

Төлеген деп қойыпты,

Он екі жасында Төлеген

Жар іздеп жолға шығыпты.

Шекті еліне танылып,

Жорғаларын жайып сап,

Ел-жұртқа жар салыпты.

Қызын көрсеткен адамдар,

Бір жорғадан алыпты.-деп толғады

.Біз оқушы бойынан логикалық сараптамалық ойлау жүйесі дамыған,зияткерлік тапсырмаларды ұнататынын,барлығына талдау жасайтындығын байқадық.Бата-тілек тақырыбына арналған Бабай Тоғжанның «Досқа тілек» деп жазған өлеңінде:

Мен жырлаймын дос туралы шаттанып,

Отыратын уақыт жоқ қой баптанып,

Тілегімді досыма мен арнаймын,

Жыр арнайын жүректен сыр ақтарып.

Өзіңді өлеңдетем жеке дара,

Өмірдегі орныңды есіме ала.

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең,

Сырласым да,жан жолдасым өзің ғана.

Оттай болып алауласын көңілің,

Ұзақ болсын деп тілеймін өмірің.

Қажымайтын қайыспайтын болаттай,

Мәңгі бақи соға берсін жүрегің,

Осы менің саған айтар тілегім!-деп жырласа, Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» өлеңінен соң,Тұрдалы Сандуғаш:

Жарқырап күн, көкте жұлдыз,

Тұрар ай да тамсанып,

Біз қазақтың жастарымыз,

Беп айтамын жар салып.

Өнер-білім, сана -сезім,

Техналогиялар дамыған,

Анық-айқын айтар сөзім,

Байтақ елміз дамыған.

Жастар,жастар қайдасыңдар,

Елді көркейт тек жүрмей.!

Жас таланттар жайқалыңдар,

Жарқыраңдар тек сөнбей.

Ұлы адамдар,ардагерлер үмітін,

Ақтаңдаршы білім алып күні-түн,

Ақ ниетті ата-ананың жүрегін,

Білімді боп қуантыңдар әрбір күн-деп жыр төгеді.

Методика обучение талантливых и одоренных детей



Қазақ тілі пәні бойынша «Қалау рай» тақырыбын өткенде,Байтен Аяжан деген оқушымның жазғаны:

Жаңа кітап көрінсе,

Парақтағым келеді.

Оқымақ боп өзімше,

Талаптанғым келеді.

Екі етпей жұрт тілін

Көне бергім келеді.

Бола берсе концерттер,

Көре бергім келеді.

Қар жауып жатқанда,

Қатты ойнағым келеді.

Қар жамылған бақтарда,

Қыдыра бергім келеді.

Жаңа телефон сатылса,

Ала бергім келеді.

Ішіндегі whatsapқа

Кіре бергім келеді.

Жақсы оқып сабақты,

Ақын болғым келеді.

Қуантып ата-анамды,

Журналист болғым келеді.

Жарысып соққан желменен,

Қалауым менің көптеген

Дәрігер болсам игі еді,

Ауырған жанды емдеген.-деп толғайды.

Ал,Сәкен ағаның «Сыр сандығын» өткенде,Алпамыс Айнұрдың жазғаны:

Досыңмын деп ант береді

Ант береді адал дос.

Байлық,баққа жан береді,

Жан береді амал дос.

Шын досыңды ізде досым,

Талма,қайтпа жолыңнан.

Адал досты табасың сен,

Табасың сен алдыңнан.-дейді.Мұқағали ақынның «Үш бақытым» өлеңін өткеннен кейін Байтен Аяжан өзінің «Менің бақытым» атты өлеңін жазды.

Ең бірінші бақытым-елім менің,

Тау-тасым,асқар белім,өзен-көлім.

Тамаша ғой елімнің табиғаты,

Не дегенмен бұл менің туған жерім.

Ал,екінші бақытым-ата-анамыз,

Мектепте үздік бала атанамыз.

Арқасында бұлардың соның бәрі,

Ата-анадан әрқашан үлгі аламыз.

Көңілде бекем медеу шатқалы шың,

Арайлы тәуелсіздік ақ таңы үшін,

Үшінші бақытым менің-бабам тілі,

Ана тілім,абыройым мақтанышым.

Ал,төртінші бақытым-досым менің,

Арналады досыма осы өлеңім.

Қуаныш пен қайғыда бірге болған,

Ұмытпаймын досымның есімдерін.

Бесінші бақытым менің -мектебім,

Мектебім деп соғады ғой жүрегім.

Қайда жүрсем оны мақтан етемін,

Өйткені мен сонда өсіп көктедім.-деп жыр маржанын шашады.Ал,Ғ.Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесінің кейіпкері Қайсарға:

Ішінде жоқ наласы,

Бәден апай анасы.

Атын жақсы көреді,

Бекберген қайын атасы.

Түнде жолға шығады,

Қолында бар шырағы.

Кәменді алып қашуға,

Достарымен барады.

Боқмұрынға күледі,

Әзілдесіп жүреді,

Күнде осылай екеуі

Бақытты өмір сүреді.

«Ананың анасы» әңгімесін өткенімізде Байтен Аяжан:

Ана деген аяулы жан ардақты

Кейде қатал,кейде жуас салмақты.

Аналарды құрметтеп біз жүрейік,

Кейінірек тістеп қалмай бармақты.

Аналар ғой бізді әрқашан аялаған

Мейірімін ешкімнен де аямаған

Ауырып жан қиналған кездерде де,

Күйіп-пісіп барлығын даярлаған.

Жүзіңнен күлкі кетпей күлімдесең,

Ұл-қызың сенімен бірге қуанады.

Уайым жеп,жабырқап егер жүрсең,

Балаң да сол заматта мұңаяды.

Ана сөзі үш әріптен құралған,

Онда жатыр орындалмас сан арман.

Жырлағандай барлық ақын анасын,

Осы өлеңім аналарға арналған.-деп жырласа,Ералы Айгүл:

Бәріненде ана қымбат өмірде,

Барша адамды әкелген ол өмірге.

Бар өмірін арнайды ол балаға,

Бәріміз де, қарыздармыз анаға.

Үлкен болып, өсемін.

Мақсатыма жетемін.

Анамның асыл еңбегін,

Әлемге паш етемін.Ал,Жанайбай Шұғыла:

Біреулердің анасы жоқ әлі де,

Қанағат қыл, болса анаң кәрі де.

Ауырсаң анаң тауып берер дәрі де,

Ақылды болсаң, жақсы болар бәрі де,-деп жазады

Методика обучение талантливых и одоренных детей

Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен соң Өмірбек Айнұрдың «Өмір туралы» жазған өлеңі:

Өмір,өмір қатал едің мұншам,

Бірде күліп,бірде жылап мазамды алдың соншама.

Баспалдақтан құлап жатқан секілді,

Қолын созып,қолдап қалар жан бар ма?

Өмір деген- адамзаттың тағдыры,

Өмір деген -ғажаптықтың шаттығы.

Өмір деген -армандарға жетуі,

Өмір деген-сынауларды жеңуі.

Өмір деген-өтеді бір сағымдай,

Бұл өмірде еңбек етші жалықпай.

Бұл өмірге кімдер келіп кетпеді,

Қызарып күн ұясына батқандай.

Бұл жалғанда өмір қайта келмейді,

Құстарда тек көкке қарай өрлейді.

Құр жүргенше артыңнан бір із қалдыр,

Жақсылығың ешқашан да өлмейді,-деп төгеді.

А.Байтұрсынұлының 7-сыныпта өтілген «Екі шыбын» мысал өлеңін өткенімізде, өзінің түсінігін өлеңмен жеткізген Назар Гүлжан болды.

Өгіздің еңбегін пайдаланды.

Шыбын өзі қайқайып мақтанады.

Істемеген ісін ол істедім деп,

Жалған айтып несіне шалқаяды?

Жақсылар ондай істі істемейді,

Жамандар өз айыбын түсінбейді.

Өмірде неше түрлі адамдар бар,

Шыбындай қулықтары білінбейді-деп сыр толғайды.

Әрбір сабақты «Поэзия минутымен» бастаймыз.Өлең десе,ішкен асын жерге қоятын Жарылқасын Албина өз өлеңінде:

Тәуелсіздік белгісі тіл емес пе,

Адам атын көтерер дін емес пе?

Өз жерінде орысша шүлдірлеген,

Қазақтың ары осы кір емес пе?

Орыс тілі соңынан ересіңдер.

Оны неге жоғары көресіңдер?

Қазақ тілі қаныңды қайнатпай ма,

Қазағым-ау, ластайсың тілді неге?

Сенсіз қалай қуанамын, шаттанам

Мынау -ғажап, жұмыр жерден бақ табам.

Қазақ тілім,сен бар болсаң мен бармын

Сен арқылы қазақпын деп мақтанам.- деп ой толғайды.

Иә,дарынды балалар қай мектепте де кездесетінін жоққа шығармаймыз.Тек қана оларды анықтап алып,талантына жол ашу керек.Қабілетті де дарынды оқушыны ілгері дамыту үшін ұстаздың өзі де үнемі шығармашылық үстінде болуы тиіс.Дарынды баланы іздеп табу,оларды мүмкіндігінше қамқорлыққа алу-баршамызға ортақ парыз.Парызыңыз бен қарызыңызды дұрыс орындап жүрсіз бе? Бұл ұлы сұрақ әрбір сабаққа кірер алдындағы мұғалімнің алдында тұруы керек.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын,сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз,-дейді Абай.

Яғни, ұлы данышпанның ең сүйікті,ең жақын адамы-«көкірегі сезімді,көңлі ойлы адам».

Жас өркеннің бойынан кішкентай бір ұшқын көрсем,сол ұшқынды лаулатуға,жалындатуға барынша тырысып бақтым.

Жас қаламның өркендері, жас түлек!

Шын жүректен жазамын мен ақ тілек.

Қаламыңнан қанаттансын ұлы еңбек,

Қала берем ,тек өзіңе бақ тілеп!







© 2010-2022