Бейімбет Майлин Түйебай әңгімесі 6-сынып

«Түйебай» әңгімесінің толық мазмұнын сұрау.а) «Түйебай» әңгімесінде қандай мәселе көтеріледі? ә) Әңгіменің баяндалу ерекшелігі неде? б) Әңгімедегі оқиға қай өлкеде болған? Оның суретін автор қалай береді? в) Биылғы жылы балалар өмірінде қандай өзгеріс болды? г) Молданың портретін жазушы қалай суреттейді? д) Түйебайға молда неге өш? Онымен бірге сабақтан қалып қойған балаға неге шұқшимайды? Ал Түйебайды неге жек көрді? 2. Қой соңындағы Түйе...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Құланды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нурекешова Айжан Шорсовна

Бекітемін:

Күні:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы

Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі

Тақырыбы мен идеясы

Мақсаты

«Түйебай» әңгімесінің тақырыбын анықтап алу. Ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерге сипаттама беру. Қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы мәселе көтеру.

Күтілетін нәтиже

  • Әңгіме тақырыбында көтерілген мәселе туралы біледі.

  • Ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерге сипаттама бере алады.

  • Қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы әңгімелейді.

Сабақтың әдісі

Үлкен топта жұмыс, SMART талдауы, Пікір алысу

Кейіпкерлер күнделігі

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру. Сыныпты топқа бөлу. Үш бәйтерек бойынша «Ілияс», «Бейімбет», «Сәкен» деген үш топқа бөлемін. (1 минут)

Ақынның ойы

Магнитафоннан Бейімбеттің:
Сенің зарың - зарлайтыным өмірде,
Сенің арың - арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең, мен де соны көрмекпін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы - шерім ашылар.
Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар,- өлеңі тыңдалады.

(1 минут)

Өткенге саяхат

Зымыран сұрақтар

«Түйебай» әңгімесінің толық мазмұнын сұрау.

а) «Түйебай» әңгімесінде қандай мәселе көтеріледі?
ә) Әңгіменің баяндалу ерекшелігі неде?
б) Әңгімедегі оқиға қай өлкеде болған? Оның суретін автор қалай береді?
в) Биылғы жылы балалар өмірінде қандай өзгеріс болды?
г) Молданың портретін жазушы қалай суреттейді?
д) Түйебайға молда неге өш? Онымен бірге сабақтан қалып қойған балаға неге шұқшимайды? Ал Түйебайды неге жек көрді?
е) Әңгімеде молданың қатыгездігі қалай ашылады?
ж) Молда алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
з) Неліктен Түйебай «Аштан өлсем де, байдың малын бақпаймын»деп айта алмады? (10 минут)

Бөлім - Тақырып - Басты оқиға

Бөлім Тақырып -------------------- Басты оқиғалар
I ------ Қоржынтомар ауылы --- 1. Ауыл суреті 2. Балалардың тірлігі
II ---- Молда ------------------ 1. Молданың оқуы 2. Жұмалық 3. Молданың қаһары
III --- Сабаққа кешігу ------ 1. Түйебайдың сабаққа кешігуі 2. Молданың қатыгездігі 3. Оқудан кету
IV ---- Мал соңында ------------ 1. Жайлауға көшу 2. Қой соңындағы Түйебай (3 минут)

Әдебиет теориясы

Әңгіменің композициялық - сюжеттік құрылымын анықтау.
Композиция деген не?
Сюжет деген не? Пейзаж деген не? Әңгімеден мысал. (3 минут)

Кейіпкерлер портреті

Портрет деген не? Молданың портретін тап. (2 минут)

Пікірталас

Әңгіме мазмұнына сай кейіпкер характерін ашу үшін пікірталас.(дебат)
1. Жақтаушы топ.
Резолюциясы: «Ғылым үйрен, ашылсын көзің, жастар»
Аргумент: «Адам болатын бала алысқа қарайды».
2. Қарсы топ.
Резолюциясы: «Аңқау елге, арамза молда»
Аргумент: «Молда көп, молда деген атын сатқан
Бас алмай, өтірік соққан шариғаттан». 3. Сарапшы топ. Резолюциясы: «Әділдікпен қиындықты жеңуге болады»
Аргумент: «Тура биде - туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ» (12 минут)

Топтық тапсырма

Топтарға тапсырма. Түйебай өз бақытын, орнын өмірде таба ала ма?
1. Түйебайдың болашағын қалай елестетесің? (Модулін жаса)
2. Әңгімеге ойтүйме (Резюме) жаз.
3. Әңгімені қалай жалғастырар едің? (әңгімені аяқтау)
4. Бүгінгі заманда Түйебайдың өмірі қандай болар еді? (Модуль)
5. Теңсіздік заманының болашағы (модуль) (5 минут)

Тұжырым жаса

1. Әңгімені оқу барысында нені үйрендік? Қандай білім алдық?
2. Бүгінгі таңда оқу - білімнің қандай маңызы бар? (3 минут)

Қорытынды

Мұғалімнің қорытынды сөзі.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын»,- деп С. Торайғыров айтқандай, біз өзіміздің қазақ екендігімізді мақтан тұтып, ұлттық ділімізді жоғары ұстауымыз керек. Еліміздің тарихын, дәстүрін, өнегелі өнерін көңілге тоқи отырып, асыл қазынадан жалғас тапсақ, нұр үстіне нұр болар еді. (2 минут)

Бағалау

Өзіндік бағалау, жиынтық бағалау (2 минут)

Үй жұмысы

«Түйебай» әңгімесінен алған білімдеріңді жүйелеу, Түйебайдың болашағы туралы ой - толғау жазып келіңдер. (1 минут)

Бекітемін:

Күні:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»

Абай мен Біржан жақындастығы

Мақсаты

Жазушы өмір жолымен танысу. Шығарма мазмұнын толық әңгімелеу. Үзіндідегі Абай мен Біржан сал арасындағы шынайы сыйластықты бағалау. Абай мен Біржанның өмірі туралы ақпарат жинақтау. Екі ұлы адамға ортақ қасиеттерді анықтау.

Күтілетін нәтиже

  • Жазушының өмірі, шығармашылық жолымен танысады.

  • Шығарманың мазмұнын толық меңгереді.

  • Үзіндідегі Абай мен Біржан арасындағы сыйластықты бағалайды.

  • Абай мен Біржан өмірінен тың мәліметтер жинақтайды.

  • Екі ұлыға ортақ қасиеттерді салыстырады.

Сабақтың әдісі

«Жентек қар» әдісі, Топтық жұмыс, жеке жұмыс

Венн диаграммасы, АКТ, «Әнші Біржан» рөлдік ойындар, ашық, жабық сұрақтар

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру. Сыныпты топқа бөлу. (1 минут)

Сабаққа кіріспе

Сабақтың эпиграфы
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!..
(Абай) (1 минут)

Жентек қар

Бөлінген топтары бойынша берілген тақырыптарды өзге топтарға түсіндіру. (20 минут)

Не білеміз?

1) Мазмұндық жоспар бойынша мазмұндау (баяндау)
1) Абай аулының қадірлі, сыйлы қонақтары
2) Ән тербеген Абай
3) Біржан салған «Жанбота» әні
4) Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес»
5) Біржан шәкірттері
6) Әйгерімнің әні
7) Ұлжанның Біржанға бата беруі
8) Біржанның Абай ауылынан аттанып кетуі
2) Өткен сабақпен тақырыптық байланыс (5 минут)

Зымыран сұрақтар

«Зымыран сұрақтар»
1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)
2. Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,- деп, Біржанға кімді жұмсады?
3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)
4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол -кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)
5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота»)
6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай)
7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру)
8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан)
9. Керімбала:
- Тағы бір ауыз!- деп еді.
Оралбайға:
- Тағы! Тағы! -деп Біржан да ықыласпен айтты. (диалог)
10. Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән?
(«Жиырма бес»). (3 минут)

Венн диаграммасы

1) Біржан мен Абай жақындастығы
ақын
дана
әнші
ақын
сазгер

ұстаз
ағартушы
өнерпаз
ойшыл
сал
шешен
сатирик
аудармашы
айтыскер
драматург (2 минут)

Өмірмен байланыс

Абай мен Біржан өнері бүгінгі күнге қалай жетті? Оны жеткізген кімдер?
Оралбай, Әмір
Әкімқожа, Балбала
Үмітей, Керімбала
Біздің мектебімізде өнер насихаттала ма? (Мектептегі өнер үйірмелері туралы әңгімелеу)
Бізге, мына сендерге, өнерлі болуға мүмкіндік бар ма? (4 минут)

Қорытынды

Қорытынды
• Өнерліге өріс кең.
• Өмірде кең бол,
Өнерде өр бол.
• Өнерге қызығу орынды, қызғану -күнә.
• Өнер бәйгесі үнемі тігулі.
• Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді.
- Ендеше, екі ұлы - Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек. (3 минут)

Кері байланыс

БББ (3 минут)

Бағалау

Жапондық баға (сұқ саусақ-толықтырамын, екі саусақ-басқа көзқарас, жұдырық түю-менің сұрағым бар) (2 минут)

Үй жұмысы

«Өнерлі өрге жүзер» шығарма жазу (1 минут)



© 2010-2022