Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 19.10.2015

Cыныбы: 5 «а» , «ә»

Сабақтың тақырыбы: Синонимдер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

69-жаттығу. Омонимдерге мысалдар жазу.

Сұрақ -жауап:

1.Омонимдер дегеніміз не?

2.Көп мағыналы сөзбен омонимнің айырмашылығы?

3.Мысалдар келтіру.

ІІІ.. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

СИНОНИМДЕР

Ерте,ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты. Оның балалары өте көп болыпты.Бай отбасымен өте тату-тәтті өмір сүріпті.Олардың татулығы сондай,тіпті,балаларының барлығы бірігіп бір үйде тұрыпты.Бай баларының аттарын Күшті,Мықты,Қайратты,Қажырлы,Әлді Қарулы, Сұлу,Әдемі,Әсем, Көркем деп атапты.Бұл сөздердің мағынасы бір-біріне ұқсас екен,бәлкім,олар сол себепті тату шығар.Олай болса сергіту сәтін «Тату сөздер»деп атап, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық.

Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

  1. Сөздің дыбысталуындаөзгешелік болуы керек;

  2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;

  3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.

Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін - бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: са,тағам, дәм, ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы- адам баласының жейтін қоректік заты.

Қазақ тілі - синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.

Мысалы:

Сөз таптары

Мысалдар.

Мысалдар

1

Зат есім

Ас,тамақ,дәм, тағам,ауқат

Өң,түр,түс,келбет,пішін,ажар, көрік,кескін,рең, дидар,,шырай

Қонақтарға арналған ас өте дәмді болдды.

Асанға қарасам көркіне көз тоймайды.

2

Сын есім:

Салмақты сабырлы, байыпты, ұстамды.

Асанның мінезі салмақты.

3

Етістік

Амандасу, сәлемдесу, есендесу,қал жағдай сұрау,

Оқушылар апаймен сәлемдесті.

4

Үстеу

Тез,жылдам, шыпшаң,лезде,

Асан үйіне лезде барып келді.


ІV. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру: синонимін табу.

  1. Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны.

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)

Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Синонимдер (5 сынып)

Бұл кім?

Ұстаз, мұғалім, оқытушы

Адам, кісі. жан, пенде

Сәби,нәресте, шақалақ, бөпе , бөбек, бала, перзент


Тамақ, ас, тағам, дәм

Қуану, шаттану, мәз болу

Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу


Сұрақтар:

  1. адам-кісі ,

  2. ел- халық ,

  3. алыс-қашық,

  4. әдейі- қасақана

  5. үлкен-зор

  6. надан-топас

  7. нану-сену

  8. жара-жарақат

  9. ағын-ағыс

  10. ық-ықтасын

  11. қап-қапшық

  12. келін-келіншек

  13. ас -тамақ, дәм,тағам,ауқат,

  14. көмек-жәрдем

  15. құрдас-теңдес

  16. таяныш-сүйеніш

  17. жұмыртқа- тұқым

  18. қысқашшымшуыр,кемпірауыз

  19. кескін-пішін,бейне,мүсін

  20. қайғылы-уайымды, мұңды, қасіретті, қапалы.

  21. Айту-жеткізі,сөйлеу, хабарлау.

  22. Шапшаң-тез,жедел,жылдам,лезде.

  23. «Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/

  24. «Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/

  25. «Азайту» сөзі /Алу, кеміту, шегеру, қысқарту/

V .Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс.

70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.

Бағалы

Құнды ...

Қымбат ...

Семіру

Жуандау

Майлану

Тойыну қоңдану

Халық

Жұрт

Көпшілік

сағат, көйлек, етік, ат,


71 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синожб нимдерін табыңдар.

Ғажап
Шақ

Қараулық
Уәде
Айла

Жан

ғажайып, керемет, керім, таңғажайып;

кезінде, уақытында;
әділетсіздік;

уағда, серт, ант;

амал, тәсіл;
адам, кісі, пенде.

VІ Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

1 Синоним туралы түсінік

2.Ар - намыс туралы білетін қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді жазу


© 2010-2022