Поурочный план 0 класс

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 0ә Пәні . математика. Мұғалім: Карибаева М

Сабақтың тақырыбы: 0 саны мен цифры(жазу)

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: 0 саны мен цифрымен таныстыру.0 санының пайда болуы,орны туралы мәлімет беру,жазуын үйрету.

2.Тәрбиелік: Ойын-тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3.Дамутышылық:Балалардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту. 0 саны және цифры туралы ұғым қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: электрондық оқулық,интерактивті тақта,цифрлар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) ) Балалардың көңілін сабаққа аудару.

а) оң, сол, жоғары, төмен ұғымдарына байланысты өлең-тақпақтар арқылы бой сергіту жаттығуын ұйымдастыру.

2. Өткен сабақты еске түсіру. а) 0 санының пайда болуы. ә) 0 цифры туралы.

3. Жаңа материалдың мазмұны. Бұл сабақ "Жайлауда" деген тақырыпта құрылған. Балалардың зейінін бірінші суретке аудару. Киіз үйге мән беру, енді II суретпен салыстыру. Не өзгерді? (Үй жоқ), Сол сияқты 3 және 4-суреттер салыстырылады. Не өзгерді? Екі қозы қыр асып кетті, яғни жоқ.

Олай болса, 1-1=0, 2-2=0.

0 саны жоқ, бос деген мағынаны береді. 0 ұғымын қалыптастыру үшін, асықтармен есеп құрастырып жаттықтыруға болады.

Суретте не өзгерді? Бұтақтың екі жапырағының біреуі ұшып түсті.

2-1 = 1. Қалған бір жапырақ жерге түсті.

1-1=0. Бұтақ жапырақсыз қалды.

Сондай-ақ, келесі тапсырмада 0-дің пайда болуы қайталанады.

0 саны 1-ден кем, яғни 1-дің алдында болады.

4.Өзіндік жұмысты геометриялық фигуралардың астына бос орынға тиісті санды қойып орындайды.

0 санының таңбасымен таныстыру. 0 саны неге ұқсайды? (Жұмыртқаға, допқа, т.б.)

0-ді үлгідегідей, бастыра жазып үйренеді.

Қарындаш пен Бүлжытпастың тапсырмаларын орындау. "Қандай таңба" ойыны арқылы 0 саны мен цифрын бекітеміз.

Бұл сабақта 0 саны оның таңбасы пайда болуы таныстырылады.

Жаңа материалдың мазмұны.

4 Әліппе-.дәптермен жұмыс 18-беттер.Жазу,есертеу.0 саны мен цифрын жазу.

Сергіту: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қоссам екі қолымды,

Болады менде он саусақ. (қол қимыл-қозғалыс жаттығу

Үй тапсырмасы:Әліппе-дәптер17-18 - беттер ,қайталап келу

Сабақты қорытындылау: Сабақ ұнады ма? Пікірлесу



© 2010-2022