Ұлттық тәрбие қысқа мерзімді жоспар

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:

8

Сабақтың тақырыбы:

«Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы»

Сабақтың мақсаты:

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу

Оқыту нәтижелері

  • Ұлттық құндылықтарды біледі.

  • Өз ойын еркін жеткізе алады

  • Топпен жұмыс жасайды

Әдіс-тәсілдер

«Қызығушылықты ояту», «Миға шабуыл», «Мағынаны тану», «Ой толғау»

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері

Сергіту сәті, топтық жұмыс (жоба жасап постерге қорғау) , әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диало, рефлексия.

Көрнекі құралдар

Компьютер, фломастер постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар

Бағалау

Формативті, Бағалау парағы (критерийлерге қарап бағалау), смайликтер, «Бағдаршам», жиынтық бағалау

Қамтылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқыту

«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау

«Оқытудағы көшбасшылық»

СТО технологиясының элементтері

АКТ пайдалану

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

2 минут

«Қызығушылықты ояту»

Сергіту сәті

Интерактивті тақтаға музыкалық әуен («Қара жорға») қойылады, оқушылар сол әуендегі биге салып би билейді.

Қорапшада әр түрлі сөздер жазылған қағаздар жатады. Оқушылар сөздердің мағынасын табады. «Шаңырақ», «Күн», «Жер» тобына отырады.

Сергіту сәтін жасайды.

Қорапшадағы сөздердің мағынасын тауып, «Шаңырақ», «Күн», «Жер» тобына отырады.

ІІ


«Ой толғаныс»



Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім оқушыларға мынандай сұрақтар қояды:

  1. Ұлттық тәрбие дегеніміз не?

  2. Тәрбие неден басталады?

  3. Мектептегі тәрбие мен отбасы тәрбиесінің маңызы неде?

Мұғалім қойған сұрақтарға оқушылар өз деңгейлерінде жауап береді

ІІІ


«Миға шабуыл»

Топтың атауы бойынша посттер қорғауға тапсырма береді

І топ «Шаңырақ»

ІІ топ «Күн»

ІІІ топ «Жер»

Топта бірлесе отырып, посттерді қорғайды, тапсырманың мағынасын ашады

«Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

ІІІ

15 минут

«Мағынаны тану»



Әр топқа ұяшықтарда жасырылған мақал-мәтелдер беріледі.

І. Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар.

ІІ. Ынтымақ - бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш - орман.

ІІІ. Ұлтарақтай болса да
ата қоныс - жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
туып-өскен ел қымбат.

Ұяшықтарда жазылған мвақал-мәтелдердің мағынасын ашады, әр топ бірін-бірі «Бағдаршам» арқылы бағалайды.



ІІ. « Егер де сен...»

1-топ «...табиғитқа тіл бітсе, онда...

2-топ «... ақын болсаң, онда...»

3-топ «...суретші болсаң онда...»

Өз ойларын ортаға салып

өлең жолдарын шығарып, сурет салу арқылы ойларын жеткізеді.

«2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы бірін-бірі бағалайды.

V

2 минут

Қорытындылау, бағалау

Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. «Блоб» ағашы арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін біледі. Рефлексия парағын таратады.

Рефлексия жазады

Блоб ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді

1 минут

Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.






С.Сейфуллин атындағы орта мектебі






«Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы»

(Ашық сынып сағаты)







Сыныбы: 8

Өткізген:

З.Р.Разханова







ШҚО. Тарбағатай ауданы, Жаналық ауылы

2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022