Ашық тәрбие сағаты Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы 7-сыныптар

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:23.12.2015ж

Сынып: 7-а,д

Тақырыбы: «Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы»

Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бентарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат,нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, бейнематериалдар, жалаушылар;

Түрі: саяси-танымдық кеш

Барысы:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі-Әнұраны - дей отырып әнұранды шырқаумен сабақ басталады.

/Ортада С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жәймен ойнап тұрады.

Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады./

1-жүргізуші: Марал

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Бүгінгі «Ұлытаулар аласармайды,

Ұлы есімдер ұмытылмайды», деген рубрикамен өтілетін «Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:Қанат

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.

3-жүргізуші: Тұмарсұлу

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Тәуелсіздік мерекесі келіп жетті. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз!

Атыңнан айналдым қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де небір сындар азаппенен.

І.Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы: Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып

Ақсауыт киген темірден

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр! - деген Қайраттың дауысы естілді.

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай - шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?!

1- жүргізуші: Марал: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.

(Ана ортадан ақырындап кетеді)

Әсем:

Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы-мұным еріді.

Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Тауымыз бар таңыратқан шыңымен,

Ұл-қызым бар, даламыз бар ұлы кең.

Алдарыңда басымды иіп өр халқым,

Біге: Құттықтаймыз мерекелі күніңмен!

Фатима:

Кең байтақ ұлан ғасыр Қазақстан,

Құшағыңа күн сыйған неткен кең ең.

Қиянат жасаса да қара жүрек,

Мейіріммен қарап тек күлімдеген.

Қиындық өтті талай себебімен,

Орын алып өмірдің өзегінен.

Қалай жетті қолымыз білу үшін,

Сусындаймыз тарихтың тереңінен

Мұсылманов Асылбек:

Еркіндік ежелден ел тілегі еді,

Ертеңді ойлап көңілім серпіледі.

Еркіндіктің қадірін білетін ел,

Жалынды жастарымен желпінеді.

Елдікті ұран еткен ұлың мен ем,

Жетізетін тарихты тілімменен.

Еркіндікке жетпеген оңайлықпен,

Сан қырлы қазағымның сырын төгем.

ІІ. Көрініс:

Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен?

1-жігіт: Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай, қосылыңдар біздің қатарға!

2-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,

Бағы жана ма қала ма соры қайнап

Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген

Бізде шықтық алаңға «Елім-ай - лап»

Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек.Қазақ жерін тек қазақ билеуі керек. Біз бейбіт шеруге шығамыз! Еліміздің тәуелсіздігіне шығамыз!

Сәбира Мұхамеджанова: Қазақ халқының ары мен намысы біржола өлген жоқ, біз ұлтты қорлауға төзбейміз. Ашық қарсылық көрсету керек. Осы жолы бас көтермесек мәңгі тапталамыз! Отаншыл деген рухы бар қыздар, алға!

3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.

Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес, білем.

4-жігіт: Жолдастар, Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі жасасын!

Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр

Көлеңке күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге

Келімсектер шықты ғой төбемізге

Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

1-жігіт: Қашыңдар! Десант! Қырып жатыр! Қашыңдар!

/Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады./

Милиция: Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.

(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)

Сол кезде қыз: Бар болғаны осы еді «қылмысыз»

Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз

Кейін соның қазасы таңылғанда

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз

Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын

Мұң шағады қапаста кімге құсың

Ақ-қараңды тексерер түрме деген

Концлагерь болды ғой біздер үшін

2-жігіт: Жолдастар, қорықпаңдар! Бостандық біздікі!

Барлығы бірге: Бостандық! Тәуелсіздік! Еркіндік! /Видео «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші:Марал

Қазір елім достықтың гүлстаны,

Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.

Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,

Мұнда бәрі қосылып ту ұстады.

2- жүргізуші: Қанат Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды.

Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.

1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз,армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін

дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

3-оқушы: Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанын училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педагогигалық училищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

4-оқушы: Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

- Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.

3-жүргізуші Тұмарсұлу:

Қазақ «мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті.

ІІІ. Көрініс: /сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге миллиционер жігіт кіреді/

Миллицонер жігіт:Біз органнан келдік Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

Жеңгесі: Қайрат, бері кел.

Миллицонер жігіт: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.

Миллицонер жігіт:Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. /Осы кезде Қайратты миллиционер алып кетеді/

1-жүргізуші:Қанат
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

ІҮ. Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Тергеуші Қайраттан сұрақ алады.

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл - бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл - екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты - құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

2- жүргізуші: 7-А,Д сыныптарының орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!

Ажар

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас қайратты халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусарған,

Намысынды жықпай өттің тәубе, дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей ер намысы жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Рамазан:

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын.

Сексен алтыншы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын.

Күн кешіп лапылдаған жастарым,

Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.

Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін,

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

Береке:

Желтоқсанның 16-шы жұлдызы

Зар жылады қазағымның ұл-қызы.

Тыңдамады ешқайсысы оларды

Колбин келіп, тыныштықты сол бұзды.

Көтеріліске шықты жастар, боздақтар,

Елін ойлап, намыс отын жаққандар.

Неге Колбин? Басқа қазақ ұлы емес?

Көп қой ұлттың қамын ойлар адамдар.

Қайрат, Ләззат, Ербол сынды батырлар.

Қазағымның намыс отын жақтыңдар.

Ұмытпаймыз біз олардың ерлігін

Тәуелсіздік аңсап өткен тарландар.

1- жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді.

2- жүргізуші: Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім беруін талап етті. Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады.

3- жүргізуші: Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен қаза тапты.

1-жүргізуші:
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,...................................................................... сөз береміз.

2-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

3-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 29 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды тамашалағандарыңызға рахмет.



© 2010-2022