Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі


Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебі.






Коучинг


«Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі»

Қалалық семинар









Өткізген: Біліктілік арттыру курстарының

бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын игерген

Мухамбетова Гульбану Ергалиевна
























2015-2016 о.ж.




Коучинг жоспары


Коучинг тақырыбы:

Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Жалпы мақсаты:

Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін көрсету, практикалық жұмыс барысын көрсету, теориялық білімдерін практикада ұштастыра алу.

Күтілетін нәтижесі:

Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдермен танысады,өздерінің әдіс-тәсілдерімен салыстырады.

Қолданылатын материалдар:

Интер белсенді тақта, стикерлер, плакат, түрлі-түсті қағаз, маркер. бейнежазба

Үйрету формасы, технологиясы, әдістері:

Топтық, жұптық, жеке жұмыс.

Оқыту әдістері

Коучтің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу.

2.Топқа бөлу

«Үрленген түрлі-түсті шарларды таңдайды».

Шарты: есімін жазады шарды ұшырады. Ұшып келген шарға бір ғана тілек жазады да, келесі адамға ұшырады. Белгі беріледі, ойын тоқтайды. Бірнеше адам жазылған тілектерін оқиды.

Шардың түстерібойынша 2 топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

«Дейін- кейін» стратегиясы Мұғалімдердің жаңа-әдіс тәсілдер бойынша не білетінін жазуды тапсырамын.

Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанына жаңа-әдіс тәсілдер туралы не білетінін жазады.

Мағынаны тану.

1.«Сен білесің бе?»

Бұл кім не деп ойлайсыздар?

Қай саланың маманы?

Сүйікті ісі (хоббиі) не деп ойлайсыздар?

Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

2.Видео көрсетілім.

3.«Дербес пікір»жазу тәсілі

Жасырылған суретті табуда, ой-пікір айтуда белсенділік көрсету. Коуч ұсынған «көпіршелерді» тиімді пайдалану арқылы ойды шоғырландыру және жинақтау

2.Бекмагамбетова Гүлназдың биология сабағында қолданған әдіс-тәсілдерінен видео ролик көрсету.

3. «Бүркіт пен оның балапандары» (аңыз) мәтінін оқып болғаннан кейін, «дербес пікір» жазу тәсілін ұсынамын.

Ой толғаныс

1.«Дейін- кейін» стратегиясы Мұғалімдердің жаңа-әдіс тәсілдер бойынша не білетінін жазуды тапсырамын.

2. «улыбнитесь» флеш тренинг

Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «кейін» бағанына жаңа-әдіс тәсілдер туралы не білгенін жазады.

Рефлексия

«Ұялы телефон»

Хабарлама жазып, коучинг туралы ойларын жазады.

Өткізген: Біліктілік арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын игерген

Мухамбетова Гульбану Ергалиевна

Рефлексивтік есеп

Желілік қоғамдастық аясында «Биология пәні бойынша оқушылардың танымдық , біліктілік, икемділік қасиеттерін қалыптастыруда шығармашылық зертхананың рөлі» қалалық семинарда «Жаратылыстану пәндеріндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткіздім. Мақстам сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін көрсету, практикалық жұмыс барысын көрсету, теориялық білімдерін практикада ұштастыра алу. Коучингті бастамас бұрын психологиялық тренинг ұйымдастырдым.«Үрленген түрлі-түсті шарларды таңдайды».Шарты: есімін жазады шарды ұшырады. Ұшып келген шарға бір ғана тілек жазады да, келесі адамға ұшырады. Белгі беріледі, ойын тоқтайды. Бірнеше адам жазылған тілектерін оқиды. Шардың түстері бойынша 3 топқа бөлінді.

Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі


Қызығушылықты ояту барысында «Сен білесің бе?» жасырын сурет. Бұл кім не деп ойлайсыздар? Қай саланың маманы? Сүйікті ісі (хоббиі) не деп ойлайсыздар? Жасырылған суретті табуда, ой-пікір айтуда белсенділік көрсету керек. Негізгі мақсат ұсынған «көпіршелерді» тиімді пайдалану арқылы ойды шоғырландыру және жинақтау.

Мағынаны тану бөлімінде Бекмагамбетова Гүлназдың биология сабағында қолданған әдіс-тәсілдерінен видео ролик көрсеттім. Бұнда ұстаздар қолданған бірнеше жаңа әдіс-тәсілдердің сабақтың сәтті шыққанына куә болды.

Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіБілім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

«Бүркіт пен оның балапандары» (аңыз) мәтінін беріп, оны оқып болғаннан кейін, «дербес пікір» жазу тәсілін ұсындым. Бұл тәсілдің сабақты қорытындылауда тиімді екендігіне көздері жетті және осыны ерекше атап айтты.

Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіБілім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі

Ұстаздар коучинг соңында «Ұялы телефон» арқылы өз пікірлерімен бөлісті және өздерінің телефондарын, электронды почталарын қалдырып, байланыста болайық деп өз пікірлерімен бөлісті.

Білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіБілім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі


«Дербес пікір» жазу тәсілі

Оқушыларға сабақ соңында қарастырылған мәселе бойынша мынандай құрылымдағы жазба жұмысын ұсынуға болады:

  1. Өзіндік пікір (ой, идея)

  2. Дәлел

  3. Өз жауабын айғақтайтын мысал.

  4. Өз пікіріне қарсы дәлел

  5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.

  6. Қорытынды.

Мұндай жұмысты орындауда әрбәр жауаптың қанша сөйлеммен берілу керектігінде көрсетуге болады:

  1. Өзіндік пікір (ой, идея) -бір сөйлем

  2. Дәлел - екі сөйлеммен келтіру керек

  3. Өз жауабын айғақтайтын мысал - екі сөйлем

  4. Өз пікіріне қарсы дәлел - бір сөйлем

  5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал - бір сөйлемнен тұрады

  6. Қорытынды - екі сөйлемнен тұрады

Сонымен бұл жұмысты небәрі 9 сөйлеммен жазуға болады. «Дербес пікір» жазуын бағалауда мынандай критериилерді ұстануға болады. (бұл талаптар оқушыларға алдын-ала таратылып беріледі). Бағалауды оқушылар өздеріде жүргізсе де болады.























Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бңр ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге ерлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскен соң, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүремін.Дүниенің төрт бұрышын аралатамын, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың?

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп беремін, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапанда біріншісінің соңына кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшық толы дауыспен былай депті: -Ал сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты.

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі де жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, Менің өмірі сені әлемді аралатуғада, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келугеде арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сондағана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім жетті,- деген екен.




«Дербес пікір» жазу тәсілі

Оқушыларға сабақ соңында қарастырылған мәселе бойынша мынандай құрылымдағы жазба жұмысын ұсынуға болады:

  1. Өзіндік пікір (ой, идея)

  2. Дәлел

  3. Өз жауабын айғақтайтын мысал.

  4. Өз пікіріне қарсы дәлел

  5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал.

  6. Қорытынды.

Мұндай жұмысты орындауда әрбәр жауаптың қанша сөйлеммен берілу керектігінде көрсетуге болады:

  1. Өзіндік пікір (ой, идея) -бір сөйлем

  2. Дәлел - екі сөйлеммен келтіру керек

  3. Өз жауабын айғақтайтын мысал - екі сөйлем

  4. Өз пікіріне қарсы дәлел - бір сөйлем

  5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал - бір сөйлемнен тұрады

  6. Қорытынды - екі сөйлемнен тұрады

Сонымен бұл жұмысты небәрі 9 сөйлеммен жазуға болады. «Дербес пікір» жазуын бағалауда мынандай критериилерді ұстануға болады. (бұл талаптар оқушыларға алдын-ала таратылып беріледі). Бағалауды оқушылар өздеріде жүргізсе де болады.






«Дербес пікір» жазу тәсілін бағалаудың критерийлері.


Тапсырмалар

Критерийлер

Көрсеткіштер

+

-

Пікір/ көзқарас

1.Нақты айқындалған



2.Басқалардың түсінуі үшін қиындық туғызбайды



Дәлел/аргумент

1.Қоғамда кең қолданыстағы құндылықтарға, құжаттарға, кең тараған пікірлер мен жеке беделдердің көзқарасына сілтемелер жасалады.



2.нанымды және сенуге тұрарлық



Мысал

1.Нақты, нанымды



2.Қоғам өмірі үшін салдарын, артылықшылықтары мен зардабын анық көрсетеді



3.Нақты көздерге сілтеме жасалды



Қарсы дәлел

1.Қандай да бір бедел немесе қоғамның бір бөлігі ұстанатын пікірге сілтеме



Мысал

1. Нақты көздерге сілтеме жасалды



2.Практикалық тұрғыдан пайдасы келтіріледі



Қорытындылау

1.Көзқарас пен пікірдің мәні нақты, қысқа әрі нұсқа түрінде келтірілген



2.Проблеманы шешуде қолданыс табатын нақты ұсыныстар келтірілген.




Барлығы




Егерде бұл жұмысты орындау нәтижесінде оқушыларға бағалау қажет болатын жағдайда бағаларды мынандай бөлуге болады.(Мына көрсетілген әрбір талапты қадағалағандығы үшін бір балл беріледі, яғни оқушы 12 балға дейін жинай алады)

- «өте жақсы» - 11-12 балл;

- «жақсы» - 9-10 балл;

- «қанағаттанарлық» - 6-8 балл.

© 2010-2022