Казахском языке Мен өскеде кім болам

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:







Облыс: Маңғыстау

Аудан: Бейнеу

Мектеп: Манашы орта мектебі

Байқау: « Кім болу керек? Қандай болу керек»

Автор: Шарападинова Жансая 12 жаста

Сыныбы: 7 «А» [email protected]

Жетекшісі: Сарсенбаева Қарлығаш Юсуповна

Педагог лауазымы: Педагог - психолог Манашы орта мектебі



« Мен өскенде кім болам »

Не деген тамаша тақырып ! Бұл тақырып әркімнің болашақ мамандығы туралы болмақ. Адам өзінің болашақ мамандығына әр түрлі жолдармен жетеді. Біреулер үшін ол ойға алған арманың орындалуы, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс. Қазіргі кезде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс үлес қосатындай болуы керек. Зор ықылас, шабытпен істеген іс - табыс биігіне жеткізетін қанат.

Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай «Отаның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен» ұштасқан бірліктің арқасында биік белестерге жетеді.

«Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үлкен үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халқымыздың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.

«Мен жастарға сенемін» атты М. Жұмабаевтың өлеңінде бекер айтылмаған. Сондықтанда жастар қоғам, халық алдындағы борышын, міндетін сезіне білуі қажет деп ойлаймын.

Мен болашақта ұстаз болғым келеді. Ұстаз - әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға және шәкірт алдында сыйлы адам.

Ұстаз шәкіртін білім нәрімен сусындатып, олардың өздерінен озғанын қалаған, тәлім - тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар берген. Және де кез келген жан ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық өнер, тағылымы терең. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болуы үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Ұстаздар жайында халқымыздың батыры Б. Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет, себебі ұрпақтары ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысы да данасын да, ғылымын да, еңбекқор егіншісінде, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын.

Ұстаз болуды өзі адамға жеткілікті жігер, мол білім, үлкен адамгершілік, мейірімге толы ана жүрегі болуды талап етеді. Мен ұстаз болғанда алдымен өз пәнім туралы жетік меңгергім келеді. Одан кейін ол туралы үздіксіз ізденсем деймін. 1

Мен ұстаз маманы болып, туған жерімнің адал қызметкері және азаматшасы болып қалуды арман етемін. Ұстаздың ауыр жүгін адал орындау - менің парызым деп білемін.

Мен болашақта мұғалім болуды армандаймын. Мен оған жету үшін жанымды саламын. Ең алдымен оқуымды 5 - «ке» оқып, қызыл дипломмен бітіріп, үлкен оқу орнына түсіріп, мұғалім туралы ой - өрісімді, білімімді арттыру. Әрине, мұғалім болу оңай шаруа емес. Ол үшін күн - түн демей еңбек етем. Өз арман жолымда мақсатыма жетемін. Мұғалім болғанда, оқушыларға білім беріп, жақсы әрі білімді азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелегім келеді. Олар да өскенде жақсы маман иегері болса деймін.

Қазіргі кезде қоғамда мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі, мұғалімнің қызметі оқушыларға білім беру. Менде өзімнің еліме, жеріме , халқыма адал қызмет етіп, қоғамда маңызды мамандықты екенімді көрсеткім келеді. Және де Қазақстан Республикасының еңбексүйгіш әрі мейірімді азаматшасы екенімді көрсету. Яғни, туған жерімді, отбасымды қуантқым келеді. Мен ешқашан да мақсатымнан тайсалмаймын. Әрқашанда биікке өрлеп, көздеген мұратыма жетемін деп ойлаймын. Менің алдымнан шыққан сынақтарға қарамастан, өзімнің мақсатыма жетуім тиіс . Бұл менің болашақтағы арманым деп білемін.















2

© 2010-2022