Доклад Проблемалық оқытудың оқушылардың аналитикалық көзқарастарына әсері

Раздел Другое
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Семей қаласының жаңашыл - педагог мамандардың қатысуымен өткен "Озық әдістемелік тәжірибені жинақтау және насихаттау" дөңгелек үстел

Баяндама



Тақырып: Проблемалық оқытудың оқушылардың аналитикалық көзқарастарына әсері.



Дайындаған: Бейсебаева Г.Е.



Бүгінгі күнде ақпараттық бағытталған оқытудан шегініп, пәндерді дәстүрлі оқытудан тыс кетіп, жеке тұлғалық оқытуға назар аударып және өз бетімен білім алуға дағдыларын қалыптастыру қажет.

Дәстүрлі оқыту бір бағытта беріледі: жаңа тақырыпты меңгеру, оны пысықтау, бақылау және бағалау. Ол оқушының ой өрісін дамытуға, шығармашылыққа, сана сезім арқылы көзқарасын қалыптастыруға ықпал бермейді.

Дәстүрлі оқытуды контактты, баяндаушы, сана сезімге негізделген, бірақ мақсаттық бағытта бір басшылықта негізделмеген және пәндік ұстанымда құрастырылған деп анықтауға болады. Және де ол контекстті емес, ал бүгінгі күнде болашақ кәсіптік дағдыларын қалыптастырусыз кәсіптік-техникалық оқытудың негізгі мақсатына жету мүмкін емес.

Бүгінгі күнге дейін кәсіптік оқытудың бірнеше түрлері қалыптасты: проблемалық оқыту, бағдарланған оқыту, дамыта оқыту және тағы басқа түрлері.

Проблемалық оқытудың басқа әдістерден айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену әрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.

Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдаят» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.

Оқытушы ойлау үрдісінің дамуының заңдылықтарына негізделіп, арнайы педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқыту үрдісі барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады және білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі оқытудың негізгі мақсаты - ғылыми нәтижесінің танымдарын меңгеру, ғылым негіздерін меңгеру, қажетті дағдыларын қалыптастыру.

Ал проблемалық оқытудың негізгі мақсаты - ғылыми нәтижесінің танымдарын меңгеру, жүйелі білім алу ғана емес, сол нәтижелер қалай шығарылды, сол нәтиже жасалу үрдісімен танысу, өз бетімен білім алуды қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дәстүрлі оқыту дайын нәтижесі шығарылған ғылыми білім беруге негізделсе, проблемалық оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың ізденіске негізделген өздері ғылыми нәтиже шығаруға, ол неге осылай, оның басқа шешу жолдары бар ма екен, оқу-білім алу принциптерін меңгеріп, өз бетімен бір тұжырым шығаруға негізделген.

Проблемалық оқытудың барысында оқытушы қажетті жағдайда күрделі анықтамаларды түсіндіріп, жүйелі түрде проблемалық жағдаяттарды ұйымдастырып, факторларды түсіндіріп, оқушыларға бағыт береді. Оқушыларды фактілерді сараптап өз беттерімен бір тұжырымға келеді, ұстаздың көмегімен, процесстердің заңдылықтарын түсіне отырып анықтайды.

Проблемалық оқыту - ол оқу материалдарды түсіндіру барысында проблемалық жағдаяттарды ұйымдастырып, оқушылардың жұмысын бағыттап, дәстүрлі білім берумен бірге олардың алдарына өз беттерімен проблеманы шешуге жағдай жасай білу.

Проблемалық оқу - ол білім алу үрдісінде оқушылардың ұстаздың материалды түсіндіргенін меңгере отырып проблемалық жағдаятты сараптап шешу (жағдаятты анықтау, сараптау, шешу жолдарын талқылап анықтау, оны практикалық жолда тексеру не болмаса дәлелдеу) арқылы ғылыми білім және тәжірибе алу.

Проблемалық жағдаят - оқушы бұрынғы білімі негізінде өз бетімен шешуге, мақсатына жетуге мүмкіндік таба алмайтын есеп не болмаса түсіндіре алмайтын факт, үрдіс. Оқушыға жаңа амал табуға мәжбүр ететін жағдай.

Егер де білім алуға қажеттілік туғанда және мақсатына жетуге білімі жеткілікті болған кезде, бірақ ескі мен жаңа, білген және білмегеннің, деректер мен ізденістің, шарттар мен талаптардың арасында қарама-қарсылық туған кезде проблемалық жағдаят туады.

Проблемалық оқыту бірнеше кезеңнен тұрады:

Проблемалық жағдаят - проблема - шешу жолдарын іздеу - проблеманы шешу - шешімді тексеру.

Барлық пәндерге тән проблемалық жағдаяттардың типтері:

1 тип. Проблемалық жағдаяттың себебі - қойылған міндеттің (есептің) шешу жолдарын білмеген жағдайда, қойылған проблемалық сұраққа жауап бере алмайтын жағдайда, оқу не болмаса өмір жағдаяттағы фактіні түсіндіре алмайтын жағдайда.

2 тип. Проблемалық жағдаяттың себебі - бұрыннан қалыптасқан білімдерін жаңа практикалық жағдайда қолдануға мәжбүр болғанда.

3 тип. Проблемалық жағдаяттың себебі -жағдаятты шешудің теориялық жолы белгілі болғанымен, осы тәсілді практикалық жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған жағдайда.

4 тип. Проблемалық жағдаяттың себебі - практикалық түрде нәтижеге жеткенімен, бірақ теория жағынан ол негізделмеген себебімен қайшылық туғызған жағдайда.

Проблемалық сабақтың құрылымының тақырыптық, және жоспарының негізінде логикалық сараптама жатыр.

Проблемалық сабақтың құрылымдық элементтері:

  1. Оқушылардың бұрынға білімдерін актуализациялау

  2. Жаңа білімді меңгеру (теория, практика)

  3. Жаңа ұсталық және дағдыларды қалыптастыру

Проблемалық сабақтың негізгі көрсеткіші ізденіс болып табылғандықтан, олар оның ішкі құралымы болады:

  1. Проблемалық жағдаятты туғызу және проблеманы анықтау

  2. Мәселені шешу жолдарын ұсыну және гипотезаны негіздеу

  3. Гипотезаны дәлелдеу

  4. Проблеманы шешу жолын тексеру

Проблемалық сабақтың құрылымы сабақтың ішкі және сыртқы элементтерінің сабақтастығы болып, оқушылардың білім алу үрдісін бағыттап басқаруға мүмкіндік береді.

Проблемалық оқыту теория және практикалық проблемаларды шешуге негізделіп, нәтижесінде оқушылардың ой өрісінің, білімдерін практикалық түрде қолданудың, шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Проблемалық оқыту оқушылардың аналитикалық-синтетикалық ойлауға негізделіп, үлкен дамытушылық мүмкіндігі бар эвристикалық, зерттеу оқыту типі болып табылады.

Оқытушы проблемалық оқытудың мазмұны мен ұйымдастыру негіздерін, оны оқытудың әдіс-тәсілдері мен технологиясын меңгерген жағдайда және жүйелі түрде оны күнделікті сабақтарда қолданған жағдайда оқушылардың аналитикалық көзқарастары қалыптасады, олар кез келген материалды өз беттерімен меңгеріп, оның негізгі жүйе механизмдерін түсіне отырып кез келген проблемаларды шешуге компетенциялары қалыптасады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Дауыс пен көрініс // Алматы, №4 2012ж.

2. Мирсеитова С. Сөз мұғалімге беріледі. Жинақ. - Алматы, 2001ж.

3. Баяндамалар жинағы. 3-жинақ. - Алматы, 2002ж.

4. Давыдов В.А. Педагогика. - М., 2005ж.



© 2010-2022