Ана тілім – баға жетпес байлығым!

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілім - баға жетпес байлығым!

Сүйемін туған тілім - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағым сіңірген таныс үнін...

С.Торайғыров

Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес байлық, асыл мұра. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев тілдің жайын жыл сайынғы Жолдауларын-да, Ассамблея жиындарында, басқа да түрлі кездесулер мен басқосу орындарда жасаған баяндамаларында тұрақты көтеріп, қадағалап, халықтың есіне ұдайы салып отырады. Сонымен қатар Елбасының ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы болған «Мәңгілік Ел» идеясын көтеріп, тілімізді де мәңгілік етуіміз керек деп ой тастағаны баршаңызға мәлім.

Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңында "Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы" - делінген. Әрине әр ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты - оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазылған, Ата Заңымыздан туындаған "Тіл туралы" Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.

Бүгінгі күннің ащы да болса, шындығы, қазіргі жастардың бір қатары ана тілін дұрыс білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып, қазақ тілі қазағымыздың байлығы екеніне де дұрыс мән бермейді. «Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы - домбыраның сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей...

Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілінің өркендеуіне алдымен, мына біздер, жергілікті ұлт өкілдері ат салысуымыз қажет деп ойлаймын. Ол үшін, алдымен ана тіліміздің байлығын, қадір-қасиетін жас ұрпаққа дәріптей отырып, насихаттауды қолға алғанымыз жөн болар.

Кең байтақ жеріміздің, әсем табиғатын жырға қосқан ақын Ә.Тәжібаев, Қ.Аманжолов, М. Мақатаев сынды ақын өлеңдерін жаттап, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды кемеңгер жазушыларымыздың шығармаларын оқып, өссе, жас жеткіншектердің ана тілімізге деген құрметі, Туған жерге, елге деген сүіспеншілік сезімдері күн өткен сайын артпаса, кемімесі анық.

«Тілімізді кристалдай таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиіспіз»- деген Шоқан Уәлихановтың сөзі бүгінгі жас ұрпаққа айтылғандай. Ана тілін қадірлеу - мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өз отанының нағыз патриоты етіп тәрбиелеу - бәрімізге ортақ, қасиетті парыз.

«Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!». БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының мерейтойлық жиынында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы баяндамасын ана тілімізде жасап, қасиетті тіліміздің мерейін тағы да асқақтатты. Қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа сапары да ерешелігімен есте қалмақ. Жақында «Егемен Қазақстан» газетінде Қуандық Құдайбергенұлының ғарышкер батырға арнап жазылған өлең жолдарының ғарышта болып қайтқаны жайлы оқыдым. Еліміз үшін елеулі болған мұндай оқиғалар жастардың патриоттық сезіміне серпін беріп, жаңа бір белестерге жетелер деген сенім ұялайды, жүрегіміздің түбінде.




© 2010-2022