Разработка урока по казахскому языку на тему Қыс (5-класс)

Орыс тілінде оқытылатын бесінші сыныпқа қыс мезгілі туралы білімдерін жинақтау мақсатындағы нәтиже сабақтың жоспары. "Ертегілер елінде" оқыта үйрету ойыны технологиясы негізінде жасалған. Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыратын, ауызекі сөйлеу тілін дамытатын, танымдық құзіреттілігін қалыптастыратын әр түрлі тапсырмалардан тұрады. Ойын барысында оқушылардың белсенділігі дамиды және өзара бәсекелестікке түсу арқылы "Қыс" тақырыбы бойынша алған білімдерін бекітеді. Жыл мезгілдері т...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: ҮІІІ-модуль. 6-сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Қыс.

2.Сабақтың мақсаты: 1). Білімділік: Модуль бойынша өтілген тақырыптарды пысықтау. Сын есімді меңгерту.

2) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін дамыту. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, әсемдікке деген көзқарасты қалыптастыру..

3.Сабақтың көрнекілігі: «Ертегілер елі» бейнеленген сурет, тапсырма конверттері, сызбалар, бағалау жетондары, суреттер, портрет.

Сабақ типі: кайталау сабағы.

Сабақ түрі: ойын сабақ.

Сабақ әдістері: «Ертегілер елінде» оқыта үйрету ойыны, интерактивті оқыту, деңгейлеп оқыту, баяндау, көрнекілік, сөздік, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістері.

Сабақ объектісі: жыл мезгілдері, қыс мезгілі, сын есім.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Кезекшімен әңгіме.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қысқы киім.

1. «Қыс» тақырыбына өлеңдер жаттау. (мәнерлеп оқу)

2. 76-бет. 1-тапсырма. Диалогты оқып, аудару.(жұппен жұмыс)

ІІІ. Кіріспе: 1) Оқушыларды екі («Шаңғышылар», «Конькишілер»)топқа бөліп, сайыс шартымен таныстырамын. Тақтада ілінген суреттегі «Ертегілер еліне» жету үшін 5 баспалдақтан тапсырмаларды орындай отырып өту керек. Көп ұпай жинаған топ «Ертегілер еліндегі» ақтық ойын тапсырмасын орындайды. Ұпай саны түрлі -түсті жетондар жинау арқылы анықталады.

Қызыл-5

Сары-4

Жасыл-3

ІҮ. Қызығушылықты ояту сатысы.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Оқушылар сабақ тақырыбын өлең оқу арқылы өздері анықтайды.

Жаңа сабақ: Қыс .

1.Дыбыстық жаттығу: (ұжымдық жұмыс )

(Тақтадағы Абай портреті мен өлең жолдарына назар аудару, хормен оқу.)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды...

(Абай)

(сұрақ-жауап)

- Балалар, бұл кімнің өлеңі?

- Абай Құнанбаев кім?

- Өлең не туралы?

- Қарамен берілген сөздер қандай сөз табына жатады?

-Сын есім қандай сұраққа жауап береді?

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз қыс мезгіліндегі адамдар өмірі мен табиғаттағы өзгерістер жайлы болмақ. Олай болса, әр баспалдақтағы тапсырмаларды орындап. өз білімімізді ортаға салып көрелік.

Алдымен, модуль бойынша өткен сөздерді қайталаймыз.

2.Сөздік диктанты: (сөздік жұмыс)

Метель, мороз, февраль, снеговик, Снегурочка, лыжи, время, шуба, валенки, санки. (оқушылар қазақ тілінде жазады)

Ү. Мағынаны ажырату сатысы.

1-баспалдақ: Топтастыру стратегиясы. (сызбамен жұмыс)

Берілген тақырып бойынша сөздерді топтастырыңдар.

«Шаңғышылар» тобына: «Қысқы киімдер» тақырыбындағы сөздер.

«Конькишілер» тобына: «Қысқы ойындар» тақырыбындағы сөздер.

2-баспалдақ:

Артық суретті табыңдар.(суретпен жұмыс)

«Шаңғышылар» тобына:

1.Кітап, шаңғы, дәптер, өшіргіш;

2.Аяз ата, әже, ата, бала;

3.Айран, нан, пима, қант.

«Конькишілер» «тобына:

1. Қияр, қар, қауын, қарбыз;

2. Балта, балға, күрек, шана;

3. Гүл, жүгері, шырша, ағаш.

3-баспалдақ:

Сөздерді сәйкестендіріңдер.(кестемен жұмыс)

«Шаңғышылар»» тобына: «Конькишілер» тобына:

Сын есім

Зат есім


Сын есім

Зат есім

жасыл

қар

әдемі

қар

қалың

күн

ақ

боран

суық

шырша

таза

етік

аязды

тон

қоңыр

шана

ұлпа

ай

қарлы

ауа

ҮІ. Ой толғау сатысы.

4-баспалдақ:

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер: (шығармашылық, тіл дамыту)

«Шаңғышылар»» тобына:

  1. Жылдың неше мезгілі бар?

  2. Қыста не жауады?

  3. Балалар немен ойнайды?

«Конькишілер» тобына:

1. Әр жыл мезгілінде неше ай бар?

2. Қыс айларын атаңдар.

3. Қыста адамдар қандай киім киеді?

5-баспалдақ.

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріңдер.

Әр топ 3 сөйлемнен орындайды. (грамматикалық, тақтамен жұмыс)

«Шаңғышылар»» тобына:

Орманда .......шырша өсіп тұр.

...... жылға Аяз ата келді.

Айнұрда ...... тон бар.

Керекті сөздер: (қалың, жасыл, жаңа)

«Конькишілер» тобына:

..... қар жауып тұр.

Аулада ...... сырғанақ бар.

Азаттың шанасы..........

Керекті сөздер:(әдемі, ұлпа, биік)

Ақтық ойын: Жеңген топ «Ертегілер елінің» тапсырмасын орындайды.

Жұмбақтарды шешіңдер: (пәнаралық байланыс, әдебиет)

1.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

2. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны.(аққала)

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1.«Қыс мезгілі» тақырыбында шағын мәтін (эссе) жазу.

2. Осы тақырыпта сурет салу.

Қорыту: Ұпай сандары бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Әр оқушыға белсенділігіне қарай баға қойылады.








© 2010-2022