Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттінің  технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас.                                                                   Бөлімі:Тіл дамыту.                                                                                                  Тақырыбы:  Қорыққанға қос көрінеді  (ертегі)                                                                  Мақсаты:  ертегіні соңынадейін тыңдауға үйрету.  «Г»  «к» дыбыстарымен  таныстыру: балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қо... Іс  әрекет кезені          Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушылық         Жұмбақ жасырады:                                          Ақ сандығым ашылды,                                  Ішінен жібек шашылды.                              Алуан түсті аңқыған иісті, Қырларда олар жаңбырмен өсті. Жұмбақты тыңдап жауабын айтады. -Күн. -Гүл. Ұйымдастырушы - лық-ізденістік Бүгін «күн»,  «гүл» сөздерінің басында тұрған дыбыстармен танысамыз. - «Күн» сөзі қандай дыбыстан басталады?                                                              - «Гүл» сөзі ше? Бәріміз бірге  бірге «күн»,  «гүл» деп айтайықшы  Дыбыстардың айтылу артикуляциясын көрсетіп түсіндіреді. Бұл екі дыбыста дауыссыз дыбыс,  бір біріне ағайынды дыбыстар.                                  –«Г»,  «к» дыбыстарынан басталатын сөздер айтындаршы. Мына сөздерде «г», «к» дыбыстары қай буында кездесіп тұр...   Балалардын жауабы:   -К-дыбысынан.  -Г-дыбысынан.   Сөзді қайталайды.     Тындайды.           -Гүл, Гүлнар, газет... - Кесе, күн, көз, күз.....       Қай буында кездесіп тұрғаның айтып отырады.          Әуеннің мазмұнына сәйкес қимылмен жасайды.             Балалар ынта қойып тыңдайды                                         Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді......       -Әтеш, әже, әкел....  Қошақан, қаз, қорқақ.... -Тарақ, тоқаш, текемет... Рефлексия лық-түзетушілік   Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қорыққанда көзіне әр нәрсе елестейтінің білдіңдер. «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі» деген мақал осындай жағдайда айтылады екен.  Балалар «біз батыр боламыз» деген ұранмен бойларына батырлық сезімін ұялатады.   Күтілетін нәтиже: Орындайды: «г»,  «к» дыбыстарына сөз ойлап табады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, әр кейіпкерлердің өз шелегін өз орынына қоюға берілген тапсырманы.                                                                             Түсінеді:Ертегі мазмұнын. Қолданады:  Өз ойларынан ертегі құрастыра білу дағдыларын.    
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі:Тіл дамыту. Тақырыбы: Қорыққанға қос көрінеді (ертегі) Мақсаты: ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету. «Г» «к» дыбыстарымен таныстыру: балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту; баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, демонстрациялық құрал. Сөздік жұмыс: оймақтай. Билингвальды компонент: немере-внук, әже-бабаушка, тауық-курица,

шелек-ведро.

Іс әрекет кезені

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Жұмбақ жасырады: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.

Алуан түсті аңқыған иісті,
Қырларда олар жаңбырмен өсті.

Жұмбақты тыңдап жауабын айтады.

-Күн.

-Гүл.

Ұйымдастырушы - лық-ізденістік

Бүгін «күн», «гүл» сөздерінің басында тұрған дыбыстармен танысамыз.

- «Күн» сөзі қандай дыбыстан басталады? - «Гүл» сөзі ше?

Бәріміз бірге бірге «күн», «гүл» деп айтайықшы

Дыбыстардың айтылу артикуляциясын көрсетіп түсіндіреді. Бұл екі дыбыста дауыссыз дыбыс, бір біріне ағайынды дыбыстар. -«Г», «к» дыбыстарынан басталатын сөздер айтындаршы.

Мына сөздерде «г», «к» дыбыстары қай буында кездесіп тұрғаның айтыңдаршы. Гүлім, көгім, гүріл, жүгір.

Көлік, көк, өрік ,кесе, кесте.

Сергіту сәті: Сергіту жаттығулары үнтаспадан қойылған әуен ырғағымен жасалады.

-Балаларға орыс халқының «Қорыққанға қос көрінді» ертегісін оқиды.

Қорыққанға қос көрінеді.

Баяғыда әже, күлегеш немере, қыт-қыттай беретін тауық және пештін астын мекендейтін тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен шелек, немересінің қолында кішірек шелек, тауықта қиярдың үлкендігіндей, тышқанда оймақтай шелек бар екен. Әжесі суды құдықтан, немересі астаудан,тауық шалшықтан, тышқан торайдың тұяғы кірген жерден алады екен. Олар кейін қайтқанда су шолп-шолп етеді екен Жол бойындағы бақшада самсап алма ағашы өсіп тұратын. Бұтақтарында самсаған алма болатын. Оның астында қоян отыратын, бір жолы суға барып қайтып келе жатқанда жел соғып алма ағашының бұтағынан бір алма түсіп қоянның басына тиеді. Қоян ытқып жөнеліп су әкеле жатқандардың аяғына оралады. Сушылар үрейлері ұшып үйлеріне қашады. Әжесі сәкіге құлай кетеді, немересі әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пеш астындағы інге тығылады. Әжесі: «Ойпырмай! Аюдың мені таптап кете жаздағаны ай»-деп сарнайды. Немересі: «Әже бір құбыжықтай қасқыр маған тап берді!» -деп жылайды. Тауық: «Қыт-қыт-қыт!Түлкі мені андып жүр екен, жеп қоя жаздады!»- дейді. Тышқан: «Әлгі мұрты едірейген дәу мысықтың урейімді ұшырғаны, жаным шығып кете жаздады!»- дейді. Ал бұл кезде зытып орманға келген қоян. «Басыма мұндай қауіп төнбес. Төрт бірдей аңшы соныма түсіп, бәрінің де иті бар зорға қашып құтылып кеттім ау!» -деп ентігіп отырды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дидактикалық ойын: «Белгілі дыбысқа сөз таңда». Әже сөзінде ә дыбысына. Қыз сөзіндегі қ дыбысына. Тауық сөзіндегі т дыбысына.

Балалардын жауабы:

-К-дыбысынан.

-Г-дыбысынан.

Сөзді қайталайды.

Тындайды.


-Гүл, Гүлнар, газет...

- Кесе, күн, көз, күз.....

Қай буында кездесіп тұрғаның айтып отырады.


Әуеннің мазмұнына сәйкес қимылмен жасайды.


Балалар ынта қойып тыңдайды






Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді......

-Әтеш, әже, әкел....

Қошақан, қаз, қорқақ....

-Тарақ, тоқаш, текемет...

Рефлексия лық-түзетушілік

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қорыққанда көзіне әр нәрсе елестейтінің білдіңдер. «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі» деген мақал осындай жағдайда айтылады екен.

Балалар «біз батыр боламыз» деген ұранмен бойларына батырлық сезімін ұялатады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: «г», «к» дыбыстарына сөз ойлап табады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, әр кейіпкерлердің өз шелегін өз орынына қоюға берілген тапсырманы. Түсінеді:Ертегі мазмұнын.

Қолданады: Өз ойларынан ертегі құрастыра білу дағдыларын.



© 2010-2022